1 Цикл уроков: Әйелдер жайлы қырық хадис


Он екінші хадис. Тақуа әйелдерді таңдаңдар!



Pdf көрінісі
бет26/37
Дата27.09.2023
өлшемі243,74 Kb.
#110892
түріУрок
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37
Байланысты:
✨Әйелдер жайлы 40 хадис

Он екінші хадис. Тақуа әйелдерді таңдаңдар!
ﻢﻠﺳو ﻪﻴﻠﻋ ﻪﻟا ﻠﺻ ‐ ﻪﻟا لﻮﺳر لﺎﻗ : لﺎﻗ ‐ ﻪﻨﻋ ﻪﻟا ﺿر ‐ ةﺮﻳﺮﻫ ﺑأ ﻦﻋ‐:
ﻦﻳﺪﻟا تاﺬﺑ ﺮﻔﻇﺎﻓ ، ﺎﻬﻨﻳﺪﻟو ، ﺎﻬﻟﺎﻤﺠﻟو ، ﺎﻬﺒﺴﺤﻟو ، ﺎﻬﻟﺎﻤﻟ : ﻊﺑرﻷ ةأﺮﻤﻟا ﺢﻨﺗ
كاﺪﻳ ﺖﺑﺮﺗ . ﻪﻴﻠﻋ ﻖﻔﺘﻣ
Әбу Хурейрадан (Алла оған разы болсын) риуаят етілген: «Алла Елшісі (оған
Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Әйелге төрт нәрсесі үшін
үйленеді: дүние-мүлігі үшін, шыққан тегі үшін, сұлулығы үшін және діні үшін.
Дініне қарап таңдаңдар, әйтпесе, өкінесіңдер»» (әл-Бұхари мен Муслим).
Кез келген мәдениет пен өркениет адамның басынан өтетін ерекше кезеңдерді айрықша бөліп
көрсетеді: туылу, кәмелетке келу, некеге тұру, балалы болу және өлім. Осы кезеңдердің
әрқайсысы күнделікті өмір ағысынан сан түрлі салт-жоралармен, рәсімдермен ерекшеленеді,
әрбір қоғамның негізін неке құрайды, өйткені, бұл – ұрпақты жалғастырудың жолы. Қоғамның
жаңа бірлігі солай пайда болады.
Әр мәдениеттің қалыңдық таңдауда, құда түсуде өзіндік ерекше салттары, жаңа қалыңдықты
таңдауда халық даналығы және т.б. бар. Осының бәрін Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен
сәлемі болсын) төрт нәрсеге әкеп тіреген. Олардың екеуі қалыңдықтың шыққан тегі мен
жанұясына (дүние-мүлігі мен ататегі), ал, қалған екеуі қыздың өзіне (сұлулығы мен
тақуалығы) қатысты.
Әр мәдениет болашақ қалыңдықты таңдауға арналған осы төрт факторды әр түрлі бөліп,
бағалайды. Бірақ, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мүміннің әйел
таңдауда неге басымдық беруі керек екенін айтып кеткен. Сонымен, негізгі фактор – тақуалық.
Қазіргі кезде белең алып отырған белгілі бір әлеуметтік мәселе бар: бүгінде балалар дінді әке-
шешелерінен артық ұстанады. Соның нәтижесінде, олардың өмірлік жарды таңдауда
ұстанатын қағидалары да әр түрлі, сол себепті де, көптеген жастар қалыңдықты немесе күйеу
жігітті әке-шешелерінің қатысынсыз таңдайды. Себебі, олардың ата-аналарының ақыл-
кеңестері мен талап-тілектері Исламның талаптарына мүлде сәйкес келмейді. Мәселен, әке-
шешесі баласына Исламнаналыс қызды лайық көруі мүмкін, оған қоса, тойда ішімдіктің болуын
талап етуі де ғажап емес.
Осы екіұшты жағдай балаларды осы кезеңде оларға ең қажет деген нәрседен, яғни, көпті
көрген үлкендердің ақыл-кеңесінен мақұрым етеді.Соның нәтижесінде, жастардың арасында,


26
тіпті дінді ұстанып, оның үкімдерін орындапжүрген жастардың да арасында ажырасу көбейіп
отыр.
Дінді ұстанатындардың әдетте ажырасатын себебі – олар өздерінің «тақуалық» деген ұғымды
дұрыс түсінбегендерін кеш аңғарып жатады. Біреу тақуалық ұғымын хиджабпен ұштастырады,
егер қандай да бір қыз хиджаб киетін болса, ол инабатты және міндетті түрде аяулы жар әрі
ардақты ана болады деген түсінік қалыптасқан. Ал, кейбіреулер тақуалықты намазбен
өлшейді, сол себепті, олар намаз оқитын жігіт сөзсіз адал әрі лайықты күйеу болады деп
пайымдайды. Ал, біреулер онымутаалим (шәкірт) немесе талибуль-ильм (яғни, Ислам дінін
оқып-үйреніп жатқан адам, шариғи білім студенті) болуы керек деп ойлайды, олар ондай
жігітке екінші әйел болып та шығуға дайын. Кейін кенеттен сол адамның «бала сүйгісі
келмейтіні» белгілі болып, ол «баланы алдырып тастауды талап етеді».
Бірақ, осы маңызды мәліметтерді біреумен ВКонтактеде немесе Фейсбукта сөйлесу арқылы
біле алмайсың. Тіпті егер кешегі қызқұмар сері күнәға толы өмір салтын артта қалдырып,
тәубесіне келген болса да, ол тұлға ретінде түгелдей өзгерді немесе оның сондай өмір салтын
ұстануына түрткі болған психологиясы да өзгерді деген сөз емес. Кешегі «сауықшыл қыз» да
сондай – ол Исламды қабылдап, тәубесіне келіп (сол үшін Аллаға шүкір), хиджаб киген күннің
өзінде бұл оның басқа жағынан да өзгергенін, күні бойы үйде отыруға дайын екенін және тіл
алғыш, жұмсақ мінезді әйел болатынын білдірмейді ғой.
17-19 жасар бозбала немесе қыз бала осы нәрселердің бәрін түсініп, аңғара бермейді, оның
үстіне, өкінішке орай, олар ата-аналарының даналық кеңесіне жүгіне алмайды. Себебі,
олардың әке-шешелері өмірді тек қана материалдық игіліктермен өлшейді, ал, дін олар үшін
жай ғана «біздің әдемі салт-дәстүріміз».
Тақуа адам – Алланың әмірлері мен тыйымдарын бұзудан қорқатын адам. Ондай адам
дәмханада кездесіп, әлеуметтік желілерде хат жазыспайды. Сол себепті, тақуа қызды үйіне
барып, әке-шешесінен сұрап, олардың көңілінен шығуға тырысып, алу керек. Қай заманды
алып қарасаңыз да, қашанда мұсылмандардың дәстүрі осы болатын.
Имам ән-Нәуәуи Муслимнің «Сахихіне» жазған түсіндірмесінде осы хадистің тағы бір маңызды
тұсын айтып кеткен:
ﺪﻴﻔﺘﺴﻳ ﻢﻬﺒﺣﺎﺻ نﻷ ءﺷ ﻞﻛ ﻓ ﻦﻳﺪﻟا ﻞﻫأ ﺔﺒﺣﺎﺼﻣ ﻠﻋ ﺚﺤﻟا ﺚﻳﺪﺤﻟا اﺬﻫ ﻓو
ﻢﻬﺘﻬﺟ ﻦﻣ ةﺪﺴﻔﻤﻟا ﻦﻣﺄﻳو ﻢﻬﻘﺋاﺮﻃ ﻦﺴﺣو ﻢﻬﺘﻛﺮﺑو ﻢﻬﻗﻼﺧأ ﻦﻣ
«Бұл хадисте барлық жағдайда дін адамдарына жақын болуға ұмтылу керектігі айтылған,
себебі, сол арқылы олардың адамгершілігінен, берекетінен және көркем мінез-құлығынан өзіңе
өнеге, пайда аласың, сондай-ақ, өзіңнің қауіпсіздікте екеніңді сезінесің, өйткені, олар саған
залал келтірмейді».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет