18
сөздер арабтардың мына мақалдарына ұқсайды: «Арыстан – ажал» немесе «Соғыс дегеніміз -
өлім», яғни, олармен бетпе-бет келу өліммен аяқталады. Дәл сол сияқты, бөтен әйелмен
оңашалану адамның дінінің түбіне жетуі мүмкін, не ол (әйел) құрдымға кетеді, яғни, күйеуі
қызғаныштан онымен ажырасып тынуы ықтимал, не зина жасалғаны анықталса, мұның өлім
жазасымен аяқталуы ғажап емес».
Расында да, біздің заманымызда адамдар бұл тыйымды орындауға өте салақ қарайды. Кейбір
мұсылман халықтарында әйел адам күйеуінің туыстарына жанаса алады деп саналады,
мәселен, өздерінің жақын туыс екенін көрсетіп, күйеуінің бауырын құшақтай алады. Мұның
бәрі – жиіркенішті әдет-ғұрып. Адамдарды олардан сақтандыру керек.
Ал, ең дұрысын Алла біледі.
Достарыңызбен бөлісу: