1 Цикл уроков: Әйелдер жайлы қырық хадис



Pdf көрінісі
бет2/37
Дата23.12.2022
өлшемі243,74 Kb.
#59305
түріУрок
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Сухайль Тармахомед,
Дурбан, ОАР
 
ﻢﻴﺣﺮﻟا ﻦﻤﺣﺮﻟا ﻪﻟا ﻢﺴﺑ


2
Модернизм мен техникалық ілгерілеу ғасырында жанға жайлылық пен тыныштық сыйлау
мақсатында ойлап табылған сан қилы құралдарға қарамастан, адамдарға рухани тыныштық
пен ризалық жетіспейді. Олай болатын себебі – адам жан-дүниесі тыныш және көңілі тоқ болуы
үшін адамгершілікке шақыратын дұрыс тәртіпке бағынып, еруі қажет. Ол тәртіп – Ислам.
Шариғат әйелдің табиғатымен санасады. Шариғаттың әйелдерге қатысты үкімдері әйелдің
табиғи болмысына үйлеседі, оның ар-намысын сақтап, бақытқа жетелейді.
Жалпылай айтар болсақ, әйел адам ер адамның өмірінде төрт түрлі рөл атқарады. Ол – аяулы
ана, асыл жар, қадірлі әпке-қарындас немесе қыз. Осы рөлдердің әрқайсысы еркекке үлкен
ықпалын тигізеді.
Егер әйелдің иманы болса және өз дінін білсе, онда ол ана ретінде балаларын Шариғат
талаптарына сай бағып-қағады. Жар ретінде күйеуіне адал болады. Әпке-қарындас ретінде
ағасына немесе інісіне қиындықтарда демеу болады. Қыз ретінде әкесіне қамқорлық
танытады. Осылайша, әйел өмірге сән де береді, мән де береді.
Әбу Әли (Алла оған жар болсын), әйелдер туралы осы жинақты құрастырып шығыпты. Мен оны
зер сала оқып шықтым да, өте түсінікті, толық және әмбебап деп таптым. Бұл кітап әйелдердің
өмірінің көптеген қыр-сырларын қамтиды.
Аталмыш кітап Әбу Әлидің ғылымдағы жоғары деңгейі мен тұрмыстық өмірдегі білімін
көрсетеді.
Алла Тағаладан осы кітапты құрастырып шығуда төгілген терді қабыл алуын, оны үмбетіміздің
әйелдеріне нұсқаулық құралы етуін және Әбу Әлидің (Алла оған жар болсын) бұл дүниедегі
және ақыреттегі дәрежесін көтеруін шын жүрегімнен сұраймын. Әмин.
Егер әйел осы қайғы-мұңға толы өткінші өмірден жан тыныштығы мен бақытты іздейтін болса,
осы кітапты оқып, онда жазылған ақыл-кеңестерді орындағаннан кейін сұрақтарына жауап
табады.
Уа, қадірлі мұсылман әйел, сен осы кітапты оқып шыққаннан кейін қайғы-мұңнан бақытқа
апаратын жолды жүріп өтесің, қорлықтың орнын өз-өзіңе деген құрмет басады, сөйтіп, сен
сый-құрметке лайықты мұсылман әйел боласың.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет