1 Цикл уроков: Әйелдер жайлы қырық хадис


Аишадан (Алла оған разы болсын) риуаят етілген: Пайғамбардың (оған Алланың



Pdf көрінісі
бет7/37
Дата23.12.2022
өлшемі243,74 Kb.
#59305
түріУрок
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37
Аишадан (Алла оған разы болсын) риуаят етілген: Пайғамбардың (оған Алланың
игілігі мен сәлемі болсын) әйелдері ымырт түскенде әл-Минәси`(әл-Бақидың
жанындағы аймақ – «Фәтх әл-Бәриді» қараңыз) атты жазық қыратқа шығатын
болған. Сонда Омар Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):
«Әйелдеріңді бүрке», - дейтін болған (Ибн Хаджәр «Фәтхта» мұның не «Оларды
көшеге шығарма» дегенді, не «Олар беттерін жапсын» дегенді білдіретінін
айтады). Бірақ, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) олай
істемеген. Бірде Сәудә бинт Зәмәә түнде далаға шыққан. Ол бойшаң әйел болған.
Омар оны көрген де, хиджаб туралы аят түсіріледі деген үмітпен: «Біз сені танып
қойдық, Сәудә!» - деген. Сонда Алла хиджаб туралы аятты түсірген. Зәкәрия бізге
былай хабарлаған: «Әбу Усәмә бізге Хишәм ибн Уруәдан, оның әкесінен, Аишадан
(Алла оған разы болсын) Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)


7
былай дегенін риуаят еткен: «Сендерге қажеттілік туындағанда шығуға рұқсат
етіледі»».
Хадисте айтылып кеткен хиджаб туралы аятқа ойыспас бұрын «Фәтх әл-Бәридегі» осы
хадистің мағынасына қатысты сөздерді келтірейік:
ﺔﺟﺎﺤﻟا ﻦﻬﻟ ﺎﻤﻴﻓ فﺮﺼﺘﻟا ءﺎﺴﻨﻠﻟ زﻮﺠﻳ ﻪﻧأ ﺚﻳﺪﺤﻟا اﺬﻫ ﻪﻘﻓ : لﺎﻄﺑ ﻦﺑا لﺎﻗ
ﺚﻴﺣو باﻮﺼﻟا ﻪﻧأ ﻪﻟ ﻦﻴﺒﺘﻳ ﺎﻤﻴﻓ ﻠﻋﻸﻟ ﻧدﻷا ﺔﻌﺟاﺮﻣ ﻪﻴﻓو ، ﻦﻬﺤﻟﺎﺼﻣ ﻦﻣ ﻪﻴﻟإ
قﺮﻄﻟا ﻓ ءﺎﺴﻨﻟا ﻊﻣ لﺎﺟﺮﻟا مﻼﻛ زاﻮﺟ ﻪﻴﻓو ، ﺮﻤﻌﻟ ﺔﺒﻘﻨﻣ ﻪﻴﻓو ، ﺖﻨﻌﺘﻟا ﺪﺼﻘﻳ ﻻ
ﻪﻣأ ﻞﺟﺮﻟا ﻆﻋو زاﻮﺟ ﻪﻴﻓو ، ﺮﻴﺨﻟا ﺪﺼﻘﻳ ﻦﻤﻟ لﻮﻘﻟا ﻓ ظﻼﻏﻹا زاﻮﺟو ، ةروﺮﻀﻠﻟ
‐ ﻢﻠﺳو ﻪﻴﻠﻋ ﻪﻟا ﻠﺻ ‐ ﺒﻨﻟا نأ ﻪﻴﻓو ، ﻦﻴﻨﻣﺆﻤﻟا تﺎﻬﻣأ ﻦﻣ ةدﻮﺳ نﻷ ﻦﻳﺪﻟا ﻓ
ﺔﺟﺎﺤﻟا حﻮﺿو ﻊﻣ بﺎﺠﺤﻟﺎﺑ ﻦﻫﺮﻣﺄﻳ ﻢﻟ ﻪﻧﻷ ; ﺔﻴﻋﺮﺸﻟا رﻮﻣﻷا ﻓ ﺣﻮﻟا ﺮﻈﺘﻨﻳ نﺎﻛ
ﻢﻠﻋأ ﻪﻟاو . جوﺮﺨﻟﺎﺑ ﻦﻬﻟ ﻪﻧذإ ﻓ اﺬﻛو ، ﺔﻳﻵا ﺖﻟﺰﻧ ﺘﺣ ﻪﻴﻟإ.
Ибн Бәттал былай дейді:
«Бұл хадистің фиқһы – әйелдердің өздеріне пайдалы әрекеттерді жасауға хақылы
екендерінде. Сондай-ақ, [онда] дәрежесі төмен адамның өзінен дәрежесі жоғары адамға ақыл-
кеңес бере алатындығына меңзеу бар, егер оның ойы – ол адамның ар-намысына тию болмаса.
Сонымен қатар, бұл хадистің астарында Омардың құндылығы меңзелген және қажет болса, ер
адамның көшеде әйел адаммен сөйлесуіне рұқсат етілетіндігі әрі ол ізгі ниетті болса, қатені
нұсқауда қатал болуға хақылы екендігі көрсетілген. Сонымен бірге, [біз осы жерден]
Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) шариғаттық мәселелерде уахидің
түсуін күткенін, әйелдердің бүркенуі қажет екені айқын болса да, осы аят түскенге дейін
оларға бүркенуді әмір етпегенін түсінеміз. Сондай-ақ, [бұл хадис] оның әйелдерге [үйлерінен]
шығуды рұқсат еткенін көрсетеді. Ал, ең дұрысын Алла біледі».
Өзінің Кітабын бұрмалаулардан қорғаған және осы үмбетке Алла Елшісінің (оған Алланың
игілігі мен сәлемі болсын) бірнеше сөздерінен жүздеген шариғаттық шешімдер шығаратын
ғұламаларды тарту еткен Аллаға мақтау-мадақ болсын. Даналыққа толы сөздерді оқығанда
мүміннің кеудесін үмбетіміздің ғұламаларына деген мақтаныш кернемей ме? Хадистерді
түсіндірулерін сұрап, Исламның ұлы имамдарына жүгінбесе, ол Алла Елшісінің (оған Алланың
игілігі мен сәлемі болсын) сөздерінің алдындағы өз дәрменсіздігін сезінбей ме?!
Осы хадисте айтылып кеткен «хиджаб туралы аят»– мынау:
ﻦﻳﺮﻇﺎﻧ ﺮﻴﻏ مﺎﻌﻃ ﻟإ ﻢﻟ نذﺆﻳ نأ ﻻإ ﺒﻨﻟا تﻮﻴﺑ اﻮﻠﺧﺪﺗ ﻻ اﻮﻨﻣآ ﻦﻳﺬﻟا ﺎﻬﻳأ ﺎﻳ
ﺚﻳﺪﺤﻟ ﻦﻴﺴﻧﺄﺘﺴﻣ ﻻو اوﺮﺸﺘﻧﺎﻓ ﻢﺘﻤﻌﻃ اذﺈﻓ اﻮﻠﺧدﺎﻓ ﻢﺘﻴﻋد اذإ ﻦﻟو هﺎﻧإ
اذإو ﻖﺤﻟا ﻦﻣ ﻴﺤﺘﺴﻳ ﻻ ﻪﻟاو ﻢﻨﻣ ﻴﺤﺘﺴﻴﻓ ﺒﻨﻟا يذﺆﻳ نﺎﻛ ﻢﻟذ نإ
ﺎﻣو ﻦﻬﺑﻮﻠﻗو ﻢﺑﻮﻠﻘﻟ ﺮﻬﻃأ ﻢﻟذ بﺎﺠﺣ ءارو ﻦﻣ ﻦﻫﻮﻟﺄﺳﺎﻓ ﺎﻋﺎﺘﻣ ﻦﻫﻮﻤﺘﻟﺄﺳ
نﺎﻛ ﻢﻟذ نإ اﺪﺑأ هﺪﻌﺑ ﻦﻣ ﻪﺟاوزأ اﻮﺤﻨﺗ نأ ﻻو ﻪﻟا لﻮﺳر اوذﺆﺗ نأ ﻢﻟ نﺎﻛ
ﺎﻤﻴﻈﻋ ﻪﻟا ﺪﻨﻋ
Мағынасы: «Әй мүміндер! Пайғамбардың үйлеріне сендерге рұқсат берілмейінше


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет