1 Цикл уроков: Әйелдер жайлы қырық хадис


Он жетінші хадис. Харамға көз салу



Pdf көрінісі
бет31/37
Дата23.12.2022
өлшемі243,74 Kb.
#59305
түріУрок
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37
Байланысты:
✨Әйелдер жайлы 40 хадис

Он жетінші хадис. Харамға көз салу
ﻊﺒﺘﺗ ﻻ ﻠﻋ ﺎﻳ : ﻠﻌﻟ ‐ ﻢﻠﺳو ﻪﻴﻠﻋ ﻪﻟا ﻠﺻ ‐ ﻪﻟا لﻮﺳر لﺎﻗ : لﺎﻗ ةﺪﻳﺮﺑ ﻦﻋو
ﻮﺑأو ، يﺬﻣﺮﺘﻟاو ، ﺪﻤﺣأ هاور . ةﺮﺧﻵا ﻚﻟ ﺖﺴﻴﻟو ﻟوﻷا ﻚﻟ نﺈﻓ ةﺮﻈﻨﻟا ةﺮﻈﻨﻟا
ﻣراﺪﻟاو ، دواد
Бәридтен (Алла оған разы болсын) риуаят етілген: «Алла Елшісі (оған Алланың
игілігі мен сәлемі болсын) Әлиге (Алла оған разы болсын) былай деді: «Уа, Әли, бір
рет көзің түскеннен кейін екінші рет қарама. Шындығында, алғашқы қарағаның
үшін сұралмайсың, екіншісі – өзіңе қарсы (күнә)»»(Ахмад, әт-Тирмизи, Әбу Дәуд және
әд-Дарими).
Бұл хадис – көзіңді харамнан сақтау күннен-күнге қиындап бара жатқан, тіпті мүмкін емес
болған қазіргі заманда өмір сүретін адамдар үшін үлкен рақым.
Сол себепті, адамдардың көпшілігі әуретін жаппай жүретін біздің заманда біреудің әуретіне
байқаусызда көзіңіз түсіп кетсе, онда назарыңызды бірден басқа жаққа бұрсаңыз, ол үшін күнә
жазылмайды. Өйткені, ол – еріксіз көзқарас, ал, еріксіз жасалған іс үшін шариғаттық жаза
берілмейді.
Бұл қағидаға бағынбайтын жағдай бар: ол – ер адамның үйленгісі келетін қызға қарауы. Біз
бұл мәселені бұдан алдыңғы хадисте талдап кеттік. Әйел адамға қандай жағдайда қарауға
рұқсат берілетінін ескере отырып, бұл мәселенің түп негізі неде екенін түсінуіміз қажет.
Сол себепті де, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:
نﺎﻤﻳﻹا ﺐﻌﺷ ﻓ ﻘﻬﻴﺒﻟا هاور . ﻪﻴﻟإ رﻮﻈﻨﻤﻟاو ﺮﻇﺎﻨﻟا ﻪﻟا ﻦﻌﻟ
«Қараған адамға да, қаратқан адамға да Алланың лағынеті болсын». (әл-Бәйхақи«Шуәб
әл-Иманда»).
Мұның мағынасы: Харамға, оның ішінде бөтен біреудің әуретіне қараған адамға және өзіне
қарауға мүмкіндік берген адамға, біздің жағдайымызда бұл – бүркенбеген қыз баласы,
Алланың лағынеті болады.
Осы хадисті оқи отырып, жас мұсылмандар жиі бетпе-бет келетін таңдауды есімізге


33
түсіруімізге болады: дінді ұстанбайтын өз ұлтыңның қызына үйленіп, ата-ананы разы еткен
дұрыс па, әлде дінді ұстанатын өзге ұлттың қызына үйленіп, ата-ананың қарсылығына төтеп
беру керек пе. Осындай таңдауға кезіккен адам хадистің мәтінін есіне түсірсін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет