1 Цикл уроков: Әйелдер жайлы қырық хадис


Жиырмасыншы хадис. Шариғатқа сай той жасау



Pdf көрінісі
бет34/37
Дата23.12.2022
өлшемі243,74 Kb.
#59305
түріУрок
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
✨Әйелдер жайлы 40 хадис

Жиырмасыншы хадис. Шариғатқа сай той жасау
سﺎﻨﻟا ﻊﺒﺷﺄﻓ ﺶﺤﺟ ﺖﻨﺑ ﺐﻨﻳﺰﺑ ﻨﺑ ﻦﻴﺣ ‐ ﻢﻠﺳو ﻪﻴﻠﻋ ﻪﻟا ﻠﺻ ‐ ﻪﻟا لﻮﺳر ﻢﻟوأ


36
يرﺎﺨﺒﻟا هاور . ﺎﻤﺤﻟو اﺰﺒﺧ
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Зейнепке үйленгенде той
жасап, адамдарды нан және етпен тамақтандырды (әл-Бұхари).
Осы хадиске сәйкес, той жасау, яғни, неке қиылғанына байланысты қонақ шақырып, астан дәм
татқызу – Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннеті.
«Уәлима», яғни, той жасау дәстүрі әр халықта әр түрлі. Шариғатқа қайшы келмейтін салт-
дәстүр мен әдет-ғұрыпқа рұқсат етіледі, онда ешқандай қиындық жоқ. Кейбір аймақтарда
мәуліт жасап, қонақтарды аспен сыйлау салтқа айналған. Ал, кейбір жерлерде жай ғана
жақын ағайын-туыстар бас қосады.
Жас отағасы білуі тиіс бір нәрсе, харам және хәләл мәселелерінде ешқандай ымыра болуы
мүмкін емес, сондай-ақ, той – ОНЫҢ жеке өмірінің басталуы. Сондықтан, тойда арақ-шарап
былай тұрсын, музыка да ойнамауы керек.
Біздің тойларымыздағы тағы бір жаман бидғат – елге көрсету үшін ғана немесе мақтану үшін
ғана ысырапқа бату. Өкінішке орай, бұл – біздің халықтарға тән құбылыс және дініміздің
рухына мүлде қайшы келеді. Біз, тым болмағанда, аталарымыз бен әжелеріміздің буынына көз
салар болсақ, олар өздері тұрмыс тауқыметін тартып, жоқшылықта күн кешсе де, өмірлерінде
мол берекенің болғанына көз жеткіземіз. Жанұяларын айтсаңызшы, үлкен-үлкен шаңырақтары
болған!
Мұны «90-жылдардағы ата-аналардың» буыны түсіне қоймас. Олар жастық шақтарында «кезек
пен жетіспеушілік» кезеңінен бірден «нарықтық экономика» кезеңіне өтіп кетті де,
«капитализмнің молшылығынан» бастары айналып қалды. Сол себепті, олардың санасына
«көбірек және қымбатырақ» деген түсінік сөзсіз сапаның белгісі болып сіңіп қалған. Бірақ, бұл
асыл дініміздің негіздеріне мүлде сәйкес келмейді. Береке – қарапайымдылықта және әр
нәрсенің мөлшерін білуде. Кедей отбасылар әлдеқайда тату, берік, ауызбірлікшіл келеді.
Ал, егер қайда жібереріңізді білмей, ақшаңыз асып-тасып жатса, жартысы желінбей, тектен-
текке ысырап боп қалатын тағамдарды үйіп-төгіп ала бергенше, сол ақшаны жас жұбайларға
сыйға тартқан абзалырақ. Олар ақшаны жаңа отбасылық өмірлерінде дұрыс жұмсаудың
амалын табары анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет