35
Имам әл-Мусыли, Алла оны рақымына бөлесін, «Әл-Мухтар» еңбегінде екі адамның дәрежесі
сәйкес болуы үшін қажетті шарттарды атап өтті:
ﻓو ، ﻊﺋﺎﻨﺼﻟا ﻓو ، ىﻮﻘﺘﻟاو ﻦﻳﺪﻟا ﻓو ، ﺐﺴﻨﻟا ﻓ حﺎﻨﻟا ﻓ ﺮﺒﺘﻌﺗ ةءﺎﻔﻟاو
ناﻮﺑأ ﻪﻟ ﻦﻣ ﻓﺎﻳ ﻻ ﺔﻳﺮﺤﻟا وأ مﻼﺳﻹا ﻓ بأ ﻪﻟ ﻦﻣو ، لﺎﻤﻟا ﻓو ، ﺔﻳﺮﺤﻟا ،
«Некедегі үйлесімділік ер
мен әйелдің шыққан тегі, діні мен тақуалығы, мамандығы, еркіндігі,
дүние-мүлігіне қарап анықталады. Әкесі немесе анасы Исламда немесе ерікті болған адам
әкесі де, шешесі де Исламда әрі ерікті болған адамға тең емес».
Бірінші тармаққа (шыққан тегі) келер болсақ, халықтардың екі түрі бар:
арабтар мен араб
еместер. Арабтардың арасында құрайыштықтар мен құрайыштық еместер ерекше бөлініп
көрсетіледі. Қалған халықтар мен ұлттардың бәрі бір-бірімен бірдей.
Діні мен тақуалығы деген тұсқа келер болсақ, мәселен, ғұламаның немесе тақуа адамның
қызы күнәһарға
тұрмысқа шыққан болса, қыздың уәлиі некені бұза алады.
Дүние-мүлікке келер болсақ,
имам әл-Мусыли, Алла оны рақымына бөлесін, бұған мынадай
анықтама берген:
ﺮﺧﻵا نود ﺎﻤﻫﺪﺣأ ﺪﺟو ﻮﻟ ﺘﺣ ﺔﻳاوﺮﻟا ﺮﻫﺎﻇ ﻓ ﺔﻘﻔﻨﻟاو ﻞﺠﻌﻤﻟا ﺮﻬﻤﻟا ﻚﻠﻣ ﻮﻫو
ﻪﻨﻣ ﺪﺑ ﻼﻓ جاودزﻻا موﺪﻳو حﺎﻨﻟا ﺢﻟﺎﺼﻣ مﻮﻘﺗ ﺔﻘﻔﻨﻟﺎﺑ نﻷ ; اﺆﻔﻛ نﻮﻳ ﻻ
«Имамдардан риуаят етілгендей (захирәр-риуая), бұл – мәһрды бірден беру және қамтамасыз
ету. Егер біреуі болып, екінші бірдеңе жоқ болмаса, ол екеуінің
арасында жарасымдылық
болмайды. Себебі, адам қамтамасыз ету арқылы некеден береке алады әрі неке де солай
сақталады. Сол
себепті, бұл міндетті».
Бұдан түсінгеніміз, егер қыз баласы уәлилерінің келісімінсіз тұрмысқа шықса, ал, күйеуінің
оған мәһрды беруге немесе оны асырауға шама-шарқы жетпесе, қыздың уәлиі некені бұза
алады.
Келесі шарттың да маңызы зор:
егер ата-анасы мұсылман емес, өзі Ислам дінін қабылдаған
жігіт әкесі де, шешесі де мұсылман қызға оның уәлиінің келісімінсіз үйленер болса, онда
қыздың уәлиі некенің бұзылуын талап етуге құқылы. Қарапайым тілмен айтқанда, егер
этникалық мұсылман емес ер кісі этникалық мұсылман әйелге үйленер болса, оның
уәлилерінің келісімін алуы тиіс.
Әйтпеген жағдайда, күндердің күнінде бұл оның отбасының ойрандалуына себеп болуы
қытимал.
Осылайша, егер мұсылман әйел «бір жақсы мұсылман жігітке» алданып, оған «ханафи
мәзһабына сәйкес», жасырын түрде тұрмысқа шыққан болса, кейін сол жігіттің оны асырай
алмайтыны, тиісті мәһрын да төлей алмайтыны және дәрежесі де оған тең келмейтіні
анықталып жатса, ол өзінің уәлилері арқылы некенің бұзылуын талап ете алады.
Достарыңызбен бөлісу: