1. Cыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы (XV-XIX ғғ.) Алматы: "Ана тілі" 1993


Вестник КазНУ. Серия Востоковедения. №1 (50). 2010



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата18.01.2023
өлшемі0,94 Mb.
#61814
1   2   3   4   5
Вестник КазНУ. Серия Востоковедения. №1 (50). 2010
116 
Басты кейіпкер Габалауи өзінің 
шектен тыс қаталдығымен, әрі билік 
сүйгіштігімен ерекшеленеді, бірақ адам 
бейнесінің 
астарынан 
әлем 
Жаратушысының образын көруге болады.
Ал Габалауидің ұлдары Адхам мен Идрис 
ше? Олардың бойынан алғашқы Адам мен 
шайтан жолын қуып кеткен Иблисті
тануға болады. Иблис «Құран кәрімге» 
сәйкес, Алла жер бетіндегі өзінің 
көмекшісі етіп тағайындаған Адамға 
бағынбағаны 
үшін 
жазаланады. 
Өз
әкесінің қалауына қарсы шыққан Идрис
көптеген 
әлем 
әдебиеттерінде
Жаратушыға қарсы шығуға, оның билігіне,
құдіреттілігіне күмән келтіріп, бағынбауға 
итермелейтін жын-перінің бейнесі болып 
табылады. 
Махфуз Габаль мен Рифааның
образдарын ашу үшін Мұса мен Иса 
пайғамбарлар туралы Інжіл мен Құран 
кәрімнен алынған деректерге сүйенеді. 
Мұса пайғамбар алғаш рет Құдаймен 
тілдескен тау - Інжіл бойынша – Хорив 
тауы, Құран кәрім бойынша – Синай тауы . 
Осыған 
сәйкес 
жазушы 
Мұса 
пайғамбардың прототипіне – Габаль деген 
ат береді. Ал Рифааның аты – суфилік 
рифалия сектасының атынан шыққан, ол 
сектаның мүшелері адам баласының жан 
дүниесінің тазаруын уағыздап , «зар» 
дәстүрін жүргізумен айналысты ( «зар» 
дәстүрі –адамның бойын билеп алған 
«жаман рухты », «аурудың рухын » 
қудалау дәстүрі ). 
Қасиетті кітаптардан алған дерек 
көздеріне сүйене отырып, романист-
Махфуз адамзат тарихында болған діни 
кейіпкерлерді 
халық 
аңыздарының 
батырларына, яғни, «біздің көшенің 
балаларына» 
айналдырып 
жібереді. 
Қайткенмен де, жазушы түпнұсқаны 
көркемдеп, қатты бұрмаламайды, сол 
себепті де бас кейіпкерлердің образынан 
қасиетті пайғамбарлардың прототипін 
оңай тануға болады. Мысалы, Мұса 
пайғамбар 
прототипіндегі 
кейіпкер 
Габальді роман бойынша жергілікті 
билеушінің жұбайы жаңбырдан қалған
шалшық суда жатқан жерінен тауып алып, 
бауырына басады. Ал Інжілге сүйенер 
болсақ Мұсаны Ніл өзенінің жағасынан 
фараонның қызы тауып, асырап алады. 
Ержетіп, ақыл- ойы толыққан шағында 
Мадиам жеріне қашқан Мұсадай, Габаль
да өгей әкесімен келісе алмай Мукаттам 
тауына қашып кетеді. Ал Інжіл мен Құран 
кәрім 
сюжетіне 
сүйенер 
болсақ, 
қуғыншылардан қашып келе жатқан Мұса 
мен оның соңынан ерген халықтың 
алдында Қызыл теңіз екіге жарылып, 
алдарында жол ашылады. Фараонның атқа 
мінген қуғыншылары енді теңізден өтіп 
бара жатқан кезде жол жабылып, теңіз 
астында қалады. Дәл осы оқиға Махфуз 
романында былай бейнеленген: Халыққа 
күн көрсетпей жүрген футтувалардан 
қорғану үшін, бір жағынан кектерін 
қайтармақ болған Габаль бастаған көше 
тұрғындары үлкен ор қазып, бетін 
үстемелеп жасырып қояды. Ал футтувалар 
қақпанға түскенде, үстілерінен су құйып, 
тас лақтырып, өлімші қылады. Махфуз 
Мухамед пайғамбар жайлы Сираның да,
Інжілдегі Иса пайғамбардың тарихының да 
мағынасын символикалық түрде еркін 
өзгертеді / 3, 617 /. 
Романның 
ең 
соңғы 
бөлімінің 
кейіпкері Арафа, басқа кейіпкерлер сияқты 
тарихта болған белгілі бір тұлғалық 
прототипті емес, (арафа - араб тіліндегі 
«білу» деген сөздің түбірінен шыққан ) 
басқа бір мағынаны білдіреді, нақтылай 
келетін 
болсақ, 
романның 
алғашқы 
бөлімдеріндегі діни наным - сенімдердің 
орнына келген – білім мен ғылымды
дәріптейді. 
«Біздің көшенің аңыздарында» Нагиб 
Махфуз басқа романдардағыдай өзекті 
болған 
ғылым 
мен 
наным-сенім 
арасындағы 
қарым-қатынастардың 
қайшылықты 
діни-философиялық 
мәселесін өрбітеді. 
Жазушы қазіргі әлемдегі негізгі үш 
дін: иудаизм, христиан және ислам дінінің 
пайда болу тарихын қарапайым халыққа 
тыныш 
өмір 
тілеп, 
әділеттілікке, 
адамгершілікке қол жеткізуді мақсат 
тұтқан ұлы тұлғалардың іс-әрекеттерінің 
жемісі екенін дәлелдегісі келген. 
Романдағы Жаратушының бейнесін 
сомдаған Габалауи образы, оған қатысты 
оқиғалар, үлкен үйден алдымен Идристі, 
кейіннен Адхамды да қуып шығуы, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет