1. Cыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы (XV-XIX ғғ.) Алматы: "Ана тілі" 1993


Вестник КазНУ. Серия Востоковедения. №1 (50). 2010



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата18.01.2023
өлшемі0,94 Mb.
#61814
1   2   3   4   5
Байланысты:
216-1-428-1-10-20160112

Вестник КазНУ. Серия Востоковедения. №1 (50). 2010 5 
118 
қалауымен тікелей байланысты болуы 
қажет. Халық өз мүдделерін қорғау үшін 
де 
бас 
кейіпкерлердің 
үгіт- 
насихаттарынан кейін ғана күресуге бел 
буады .
Романның әрбір бөлімінде халықтың, 
яғни «біздің көшенің» тұрғындарының 
«естеліктерінің шалалығы», «кейіпкерлер 
қол 
жеткізген 
әділетті 
қоғамды, 
адамгершілікке негізделген ортаны сақтай 
алмаулары» туралы сөз болады. Бірақ 
романның 
түйінінде 
әңгімелеушінің 
интонациясы 
өзгереді. 
Романды 
қорытындылайтын соңғы жолдарда автор
келешекте әділетті қоғам құруда халық
білім мен ақылға жүгінеді деген тұжырым 
жасайды. 
«Біздің 
көшенің 
аңыздарында»
діннің қоғамды өзгертудегі роліне күмән 
келтіріліп қана қоймай, сонымен қатар, 
қоғамдық құрылым принципі ретіндегі 
жеке бас билігі қатаң сынға алынады. 
Махфуздың сынына негіз болған - адам 
табиғатының екі жақтылығы, яғни, адам 
бойында әрқашан өзара тайталасып 
тұратын опасыздық, тек материалдық
дүниені ойлау мен жоғарғы, рухани 
байлық бастаулары. Жазушының мұндай
көзқарасы Египеттің қоғамдық өмірінен 
алынған 
тәжірибеге 
сүйене 
отырып 
зерттеуінен пайда болған. Халық мүддесін 
қорғау, халықтың пікірімен санасуға 
шақыру романда дәл осы күнге негізделіп 
айтылған. Тек сол бір тұжырымға келу 
үшін, Махфуз адамзат тарихына экскурс 
жасайды, бүгінгі күнге дәлелді әрі мәні 
бар фактілермен оралу үшін, сонау өткен, 
көне 
замандарға 
тереңделе 
түсетін 
ойлаудың 
параболалық 
формасын 
жасайды. Нагиб Махфуз бүгінгі күнгі өмір 
шындығы жайлы талас-тартыста жеңу 
үшін, оның көз алдындағы халықтың 
мүшкіл 
жағдайын 
дәлелдеп, 
оны 
жақсартуға 
мүмкіндік 
бар 
екеніне
барлығының көзін ашу үшін өткен 
заманның аргументтеріне арқа сүйейді. 
Әділеттіліктің қайнар көзін халықтан 
тапқан Махфуз әлеуметтік әділеттілікті 
құру перспективасын халықты ғылыми 
білімдерге баулумен байланыстырады. 
Оның ойынша, білім нәрімен сусындаған, 
көзі ашық, оң солын ажырата алатын 
халық белсенді қоғамдық күшке айналады. 
Жазушы романда «жарқын болашақ» 
қашан қарапайым халықтың есігін қағып 
тұрады?! - деген сұрақты жауапсыз 
қалдырады.
Иә, 
Нагиб 
Махфуздың 
шығармашылығын, еңбектерін парақтай 
отырып, «Біздің көшенің аңыздары» атты 
романы 
басқаларынан 
құрылымы, 
мағынасы жағынан мүлде өзгеше екендігін 
мойындағанымыз ақиқат. Оның да өзіндік 
себептері 
бар. 
Бұл 
роман 
Египет 
тарихының өтпелі кезеңінде жазылған. 
Алдыңғы жолдар келешектің көрінісін
айқындау үшін керек еді. Қоғам дамуының 
жолдарын 
іздестіру 
қатаң 
саяси,
идеологиялық күрес атмосферсында жүріп 
жатты.
*** 
1. Коцарев.Н.К. Писатели Египта. ХХ 
век. Москва «Наука», 1975 
2. Махфуз.Н. Избранное: Романы.
Перевод с арабского. Москва 
«Радуга»,1990 
3. Нагиб Махфуз. Перевод В.Н. 
Кирпиченко. Москва « Панорама 
»,1992 
*** 
В статье рассматривается идея 
социальной 
справедливости 
романа 
«Предания нашей улицы» египетского 
выдающегося 
писателя 
Н.Махфуза, 
который внес неоценимый вклад в 
развитие арабской литературы.
***
This article considers the ideas of
social justice in the novel Najib Mahfous « 
Legends of our street ». Najib Mahfous
made an invaluable contribution to devel-
opment of the Arabic literature.
 
 
Д.М. Кенжекеева
 
ҚЫТАЙ ЛИНГВИСТИКАСЫНДАҒЫ ФРАЗЕОЛОГИЯНЫҢ ОРНЫ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет