1. Cыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы (XV-XIX ғғ.) Алматы: "Ана тілі" 1993


Вестник КазНУ. Серия Востоковедения. №1 (50). 2010



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата18.01.2023
өлшемі0,94 Mb.
#61814
1   2   3   4   5
Вестник КазНУ. Серия Востоковедения. №1 (50). 2010
115 
керемет, әрі жан-жақты болса, сол әлемнің 
қыр-сырын, 
тани 
білуге 
деген 
құштарлығын оятты. “Жаңартушылардың”
шығрмашылығымен танысу барысында 
алған әсері соншалықты, ол европа 
әдебиетін бүге-шігесіне дейін жіктеп, 
зерттей бастады, ортағасырдағы араб 
классикасын қайтадан басынан бастап 
оқып шықты, әсіресе, өзінің сүйіп оқитын 
ақындары Абул Аля әл-Ма’арри, әл-
Мутанабби 
және 
Ибн 
ар-Румидің 
еңбектерін қарастырды. Ол ақындар 
еңбектеріндегі 
әдеби 
образдардың 
күштілігі, сан-алуандылығымен ғана емес
сонымен қатар ойлай білу қабілеттерінің 
күштілігімен Махфузды қызықтырады 
/1,146-147/. 
Египет 
жазушыларының 
ішінде 
Махфуз – ең білімділерінің бірі еді. 
Жазушы тағдырының дәмін татып көруге 
шешім қабылдағаннан кейін, ол әлем 
әдебиетін, оның тарихын жүйелі түрде 
зерттеуді, әлем әдебиетінің ең керемет 
деген туындылармен танысуды өзінің 
парызы деп білді. Нагиб Махфуздың 
айтуынша, ол әлем әдебиетімен түгел 
танысып шықпағанда «ол білімдерсіз 
қазіргі күнге дейін жазылғандардың, бірі 
де жазылмас еді». Еркін ойлау қабілеті, 
таза сана-сезімі, арабтың поэтикалық салт-
дәстүрімен тығыз байланысы, ұлттық 
мәдениеттің алдындағы өзінің борышын 
сезіне білуі, осылардың барлығы батысқа, 
европаға еліктеуіне жол бермеді. Нагиб
Махфуз шығармашылығының негізгі 
қайнар көзі – өз елінің тағдыры, сол елдің 
әрбір азаматының мұңы мен зары, бақыты 
мен қуанышы, жалпы құлдырауды да, 
тоқырау мен жаңаруды да басынан 
кешірген Египеттің тарихы.
Өмір 
өзгереді.... 
Өмір 
талабы 
өзгереді. Бұларға сай жазушы талғамы да 
өзгереді.
Махфузға жастайынан-ақ ойлаудың 
«романдық» стилі тиесілі еді. Бұл жерде 
бұған әсер еткен, мүмкін, ол игерген 
философия ілімі болу керек. Қалай 
болғанда да университеттегі жылдары зая 
кеткен жоқ. Философия ілімі оған әлемді 
толығымен 
дерлік 
танып-білуге 
құштарландырды. 
Махфузға 
тар 
мазмұндағы 
әңгімелер 
жазу 
қиынға 
түсетін. Махфуздің ойлауына әрқашан да 
шексіздік, кеңдік, кеңістік қажет болатын. 
Нагиб Махфузды мүлдем басқа
қырынан танытқан романдарының бірі, 
ол - «Біздің көшенің аңыздары» атты 
роман. Бұл роман, шынымен де, Нагиб 
Махфуз шығармашылығында жаңа бір 
кезеңді ашты десе болады. 1959 жылдан 
бастап «әл-Ахрам» газетінде «Біздің 
көшенің аңыздары» романы жариялана
бастады. Осы кезеңнен бастап Махфуздың 
образды құру тәсілі, жазу стилі күрт 
өзгерді. Бұл роман сонау көне заманнан 
бастап қазіргі күнге дейін, тіпті, алдын ала 
болжай алмайтын болашақты да қамтыған. 
Романдағы өзекті оқиғалар алдыңғы 
романдардағыдай, бәріне танымал Каир 
кварталдарында, яғни, «біздің көшелерде»
өріс алғанымен, негізінен, роман үш 
монотеистік діннің бесігі болған бүкіл 
Таяу Шығыс территориясын қамтиды. Ал 
олардың кейіпкерлері, бас кейіпкерлеріне
келер болсақ, олар да жай ғана «біздің 
көшенің балалары» емес. Романның түп 
мағынасына үңіле қарайтын болсақ, бас 
кейіпкерлердің бет перделерінің астарынан 
бірқұдайлыққа бастаған, бүкіл халықтың 
қамы, тыныштығы және бақыты үшін, 
қоғамда әділеттілікті басшылыққа алатын 
тәртіпті орнату үшін күресетін жоғарғы 
миссияны 
жүзеге 
асырушыларды, 
пайғамбарларды көре аламыз. Інжілдегі, 
Құрандағы діни аңыздарды, сира, яғни, 
Мұхаммммед пайғамбардың өмірбаянын, 
жазушы, қарапайым халықтық әңгіме 
формасына негіздеген /2,11-12 /. 
«Біздің көшенің аңыздары» романын 
философиялық мәні бар аңыз-роман 
жанрына жатқызуға болады. Жазушы 
Махфуз бізге ғасырдан-ғасырға өзгеріп 
отыратын адамзат тарихы туралы өз 
түсінігінің басын ашып бергісі келгендей. 
Жазушы роман арқылы өз халқы үшін 
қазақтың «Жерұйықты» іздеген Асан 
қайғысындай, ол да әділетті қоғамды 
көздейді. 
Жоғалған 
жұмаққа, әлеуметтік 
әділеттілікке, ақылмен қаланған қоғамдық 
құрылымға қол жеткізу туралы халықтың
утопиялық арманы – романның басынан 
аяғына дейін өзекті болып қалады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет