1. Corel Draw графикалық редакторі


CorelDraw бағдарламасының басты элементтерімен танысу



бет4/8
Дата27.09.2023
өлшемі365,56 Kb.
#110679
1   2   3   4   5   6   7   8
2.1. CorelDraw бағдарламасының басты элементтерімен танысу
Бағдарламаның алғашқы парағы іске қосу төмендегідей жүреді.
Іске қосу Бағдарламалар CorelDraw Craphics Suite12 CorelDraw 12.CorelDraw 12 бағдарламасын іске қосқаннан кейін экранға Welcome to CorelGraphics сұхбаттау терезесі шығады. Ашылған сұхбат терезеден Жаңа ( New Graphic) бөлімін таңданыз.
Аталған сұхбаттау терезесінің көмегімен жиі қолданылатын құжатты және құрылатын командаларды ашуға, сонымен қатар анықтамалар алуға болады. CorelDraw бағдарламасы интерфейсі қолданушыға таныс MS Office бағдарламасының негізіндегі стандартты компоненттер негізінде құрылған. Бағдарламаны іске қосқаннан кейін экранның бетіне жұмыс жасау аймағы шығады.
Бағдарламаны ашқаннан кейін экранда CorelDraw-дың басты терезесі пайда болады.
Программаны іске, қосқан кезде терезе ашылады да алғашқы орындайтын әрекетті аңдау мүмкіндігі пайда болады:
-Жаңа құжат құру
- Соңғы қолданылған құжатты ашу
- Құжатты жүктеу диалог терезесін шақыру
- Шаблон негізінде жаңа құжат құру
- Оқыту ақпаратын алу немесе программаның соңғы версиясы туралы жаңалықтарды білу
Жұмыс өрісін қолданушы жұмыс жасайтын барлық нысандарды көрсетеді. CorelDraw бағдарламасында, атап өтетін жағдай бірнеше құжатпен бір уақытта Windows терезесінің көмегімен жұмыс жасауға болады.
Жұмыс жасау аймағы жұмыс столынан және қағаз бетінен тұрады. Нысандар жұмыс жасау аймағының кез келген бөлігінде орналаса алады. Бірақ баспаға шығару кезіңде тек қана беттің шекарасын ғана шығара алады. Баспа беті – беттің шекарасын көрсетеді. Осы шекараның аймағында қолданушы барлық жұмысты жасауға тиісті баспаға шығару кезінде осы көрсетілген бет қана шығады.

2.2. CorelDraw редакторының терезесі
1-тақырып қатары; 2-меню қатары; 3- стандартты аспаптар тақтасы; 4-сызғыш;5-құрал-саймандар тақтас; 6-навигатор; 7-қалып-күй қатары; 8-палитра терезесі; 9-қасиеттер тақтасы;10-құжат терезесі.
Меню қатары
Меню жолы келесі командалардан тұрады:
Файл-құжаттарды басқару командаларынан тұрады және сонымен қатар құжатты құру және ашу сақтау командаларды орындайды.
Жөңдеу-нысандармен нақты жұмыс жасауды қалыптастыру командалар менюі болып табылады.
Түр- құжаттың түрін анықтайтын командалар жиынтығы.
Макет-беттің параметрлерін реттейтін таңдаулар бөлімі орналасқан, сонымен қатар бетті жою және командаларының жиынтығы.
Реттеу- нысандармен әртүрлі операциялардың орындау командалары.
Эффектілер- арнайы эффектілер жиынтығы.
Растрлық кескін- осы менюде растрлық бейнемен жұмыс жасайтын командалар тізімі жинақталған.
Мәтін- аталған меню сұхбаттасу терезесіне мүмкіндік алуды қамтамасыз етеді және мәтінмен басқару командаларына мүмкіндік береді.
Сервис- бағдарламаның параметрлерін реттеу үшін командаларды жинақтауға арналған.
Терезелер- ашылған құжаттар терезесінің кескінделуін басқару үшін сипатталады.
Анықтама- CorelDraw анықтамалар жүйесін ашуға көмектеседі.
Терезе Құрал-саймандар тақтасы командасы арқылы экраннан кез келген панельді алып тастауға немесе шығаруға болады.
Соңғы әрекетті
Құжат ашу қиып алу көшіру қайтару экспорт
Сақтау баспаға беру қою соңғы әрекетті импорт масштаб
болдырмау
Стандартты тақта аспаптары төмендегі қатардан тұрады:
Құру-жаңа құжат құру үшін қолданылады.
Ашу-құжатты ашу үшін қолданылады.
Сақтау- құжатты сақтау үшін қолданылады.
Басып шығару- құжатты басып шығару барысында қолданылады.
Қиып алу- белгіленген құжатты кесіп алу.
Көшіру- белгіленген құжатты көшіріп алу.
Қою- белегіленген құжатты қою үшін қолданылады.
Болдырмау- жұмыс істеу барысында соңғы операцияны қайтару.
Қайтару- қайтарудан бас тартып операцияны орнату.
Импорттау- құжатқа бейнені орналастыру.
Экспорттау- құжатқа бейнені орналастыру.
Қосымша жіберу- Corel Graphic Suite бумасына кірген қосымша жіберу.
Желідегі Corel- Corel Corporation компаниясына желі арқылы қосылу.
Масштабты теңдеу- құжатты масштаб түрінде таңдау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет