1-деңгей Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы


сұрақ Оқытудың интербелсенді әдістеріне сипаттама



бет49/90
Дата18.12.2023
өлшемі281,06 Kb.
#140417
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   90
Байланысты:
дид ответы акмарал

14 сұрақ Оқытудың интербелсенді әдістеріне сипаттама
Интербелсенді оқыту – білім беру үдерісіне қатысушылардың өзара әрекетінің диалогтық формасына негізделген таным тәсілі. Оның барысында білім алушылардың бірлескен әрекет дағдылары қалыптасады.
Интербелсенді оқыту – білім беру үдерісінің соңғы мақсаты мен негізгі мақсаты мен негізгі мазмұнын сақтайды. Интербелсенді оқыту бірқатар міндеттерді шешеді: - коммуникативті біліктер мен дағдыларды дамытады, оқушылар арасында эмоционалдық дағдыларды дамытады, олардың арасында эмоционалдық байланыс орнатуға көмектеседі; - ақпараттық міндеттерді шешеді, себебі оқушыларды бірлескен әрекетті онсыз жүзеге асыруға болмайтын қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді; - жалпы оқу біліктері мен дағдыларын дамытады (талдау, жинақтау, мақсаттар қою және т.б.), яғни білім беру міндеттерін шешуді қамтамасыз етеді; - командада жұмыс істеуге, басқаның пікіріне құлақ түруге үйрететін болғандықтан, тәрбиелік міндетті қамтамасыз етеді. Интербелсенді оқыту тағы бір маңызды міндетті орындайды. Ол жүйке жүйесінің жүктемесін азайтуға, зейінді басқа нәрсеге аударуға, әрекет формаларын ауыстыруға және т.б. мүмкіндік береді.


Оқытудың интербелсенді әдістерін 4 топқа бөлуге болады: - топтық оқыту; - фронтальдық оқыту; - ойын барысында оқыту; - пікірталас барысында оқыту.
Интербелсенді әдістерді тиімді пайдалану үшін мұғалім өз жұмысын жан-жақты жоспарлауы тиіс: - бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне, олардың иетербелсенді әдістемелермен жұмыс тәжірибесіне сәйкес келетін тәсілдерді пайдалану; - оқушылар үшін тақырыпты игерудің «кілті» болатын интербелсенді жаттығуларды іріктеу; - әрбір оқушының жұмыс қарқынын және оның қабілеттерін есепке алу; - бір сабақта интербелсенді әдістердің бір-екеуін қолдану.


15.Сын тұрғысынан ойлауға бағытталған тапсырмалар жүйесіне (Pirls, Pisa, Timss) сипаттама
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз — ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. PIRLS зерттеуінің мақсаты әртүрлі әлем елдерінің бастауыш
сыныптарының мәтінді түсіну деңгейлерін сәйкестендіру және ұлттық білім
жүйесінің оқу сауаттылығын ашудағы ерекшеліктерін анықтау болып
табылады.
PIRLS зерттеуі мынадай міндеттерді шешуге бағытталады:
Білім беру саласында әлемдік басымдылықтарда көрініс тапқан құралдар
негізінде алынған нәтижелердің талдауы нақты ӛлшеуіштермен
белгіленуі;
Білім беру жүйесінің салыстырмалы бағасы және олардың тиімділігі;
Зерттеу қорытындысына әсер ететін контекстегі дәйектемелерді анықтау;
Ғылыми дәлелденген әлемдік ақпараттық қауымдастықтың мәліметтерін
алу;
Тәуелсіз елдер нәтижесін, сонымен қатар білім саясатын жақсарту
нұсқауын зерттеуге қатысушыларға ұсыну;
Зерттеу нысаны бастауыш сынып бітірушілерінің оқу жетістіктерін
анықтайды, себебі оқытудың алғашқы 4 жылы нақты білімді және үйрену
қабілеттерін шыңдаудың негізі. Мазмұны және формат бойынша білімді
табысты жалғастыруда негізгі мектепте әртүрлі мәтіндерді қолдану үшін
осы уақыт арасында қатысушылар оқып үйрену керек.TIMSS халықаралық зерттеуінің негізгі мақсаты – әртүрлі елдердегі білім жүйесі мен орта мектепоқушыларының жаратылыстану-математикалық дайындық деңгейін салыстырмалы бағалау және осы дайындық деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау. TIMSS халықаралық зерттеуі 4 және 8– сынып оқушыларының математика мен жаратылыстанудан білім сапасын бағалайтын төртжылдық мерзіммен (1995, 1999, 2003, 2007, 2011, 2015) өткізілетін зерттеу. Зерттеуге 63 елден аса әлем елдері қатысады. PISA (Programme for International Student Assessment) – халықаралық зерттеудің мақсаты 15жастағы оқушылардың математикалық, жаратылыстану мен оқудағы сауаттылығын бағалау болып табылады. Зерттеудің негізі мектептің бағдарламасын меңгеру ғана емес, жеке тұлғаның дамуындағы білімін, дүниетанымын шыңдау, әртүрлі өмірлік жағдайларда шешім қабылдай алатын қабілеттерін дамытуға бағыттау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет