1-деңгей Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы


Экскурсия- кіші мектеп жасындағы оқушыларды оқытудың бір формасы



бет76/90
Дата18.12.2023
өлшемі281,06 Kb.
#140417
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   90
Байланысты:
дид ответы акмарал

15.Экскурсия- кіші мектеп жасындағы оқушыларды оқытудың бір формасы Экскурсия (лат. excursіo – сапар) – ғылыми, білім беру, танымдық, мәдени-ағарту, демалу, т.б. мақсаттарда белгілі бір орындарға ұйымдастырылатын ұжымдық сапар немесе жорық. Экскурсияның мазмұны зерттеу нысанына байланысты. Тақырыбы бойынша мәдени-тарихи, ғыл. жаратылыстану, өндірістік, өлкетану, т.б. экскурсиялар болады. Экскурсияны оқу жүйесіне байланысты мектептерде жиі қолданылады. Мұндай жағдайларда Экскурсия оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге бейімдейтін оқу-бағдарламалық және мектептен тыс экскурсиялар болып бөлінеді. Экскурсия негізіне оның ақпараттық бөлімі, коршаған ортамен байланысы, ғылыми мәні, адамдардың бір-бірімен байланысы, оның идеялығы сияқты спектлерді қарастырады. Экскурсия — білім алудың негізгі формасы. Экскурсиялардың түрлі қоғамдық формацияда да,мемлекеттің түрлі кезеңдерінде де өзіндік орны болған.Сондықтан экскурсия өткізген уақыты бойынша емес, тақырыбы бойынша жүйеленген. Экскурсия білім беру, тәрбиелеу және жалпы даму (мәдени-техникалық ой-өрісін кеңейту) жиынтықты құрайтын педагогикалық үрдісті өзін-өзі көрсетеді. Мектепте ол қосымша рольді атқарады. Өйткені, оқыту әрекетінің басқа маңызды түрлеріне – сабақ пен дәріс – тәуелді болады. Экскурсияның педагогикалық үрдіс ретінде міндеті – балалардың (экскурсанттардың) максималды белсенділігіне және өзара әрекет жасауына жету, оларды экскурсияларда өз бетімен «жұмыс істеуіне» әкеп соқтыру. Экскурсия жүргізушіне қойылатын талабының бірі – оқушыларды нысандарды байқау барысында жиналған көргеннен алынған әсеріне талдау жасауына итеру екендігін ұғып, нысандарды осылай көрсету керек деп білуі қажет.
Экскурсия жүргізушінің шеберлігінің құрамдас бөлігі – педагогикалық техникасына ие болуы. Оның құрамдас бөліктері: тілдік шеберліктері, яғни дұрыс, ұғымды, әдемі сөйлеу, өзіннің сөйлеуін айқын түрде интонациялау, сөйлеуінде белгілі ойлар мен сезімдерді білдіру шеберлігі; мимикалық айқындылық, нақты қимылдар, айқын қарау; өзіннің эмоционалдық (психикалық) күйін басқару, жылы шырайлылық, тілектестік болу шеберлігі; режиссерлік пен актерлік шеберліктердің элементтерін меңгеруі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет