1-деңгей Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы


Әңгіме оқыту әдісі ретінде және оны бастауыш мектепте қолданудың өзіндік ерекшеліктерін талдау жасау



бет75/90
Дата18.12.2023
өлшемі281,06 Kb.
#140417
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   90
Байланысты:
дид ответы акмарал

13. Әңгіме оқыту әдісі ретінде және оны бастауыш мектепте қолданудың өзіндік ерекшеліктерін талдау жасау
Әңгіме жанрын оқыту-оқушының сөйлеу дағдысының, мәнері оқуының, рухани дүниесінің қалыптасуының негізгі кілті болып табылады. Әңгімені оқытуда берілетін білім мен тәрбиенің аясы өте кең. Аталған жанрды оқытуда берілітін теориялық ұғымдар туралы түсінік үшін, ең алдымен, материялды неше сағатта өтуге болады, әр сағатта өтілуге тиісті материал көлемі мен мазмұны және оның оқушыларға бұрыннан таныс, не таныс еместігі, сондай-ақ, оқушылардың қабылдай алу қабілеттілігі, өресі, дағдыларының бар-жоғы сияқты мәселелерді күн ілгері ойластырып, жоспарлап алу қажеттілігі туады. Әңгімені оқытуда оқушыға берер тәрбиесі мол. Әңгіменің идеясы, ондағы кейіпкерлердің мінез-құлқы оқушыларды ойға жетелейді. Яғни, оқушы әңгіме мазмұнын түсіне отырып, оның кейіперлерінің бойындағы ұнамды, ұнамсыз қасиеттерін ажыратып отырады. Сол арқылы өзін- өзі тәрбиелеуге көп көңіл бөледі. Сондай- ақ, әңгіме авторы оқушыларға жеке тұлға ретінде жақсы қасиеттерімен танылады. Кей оқушылар әңгіме авторын үлгі етіп, тіпті кейбір кейіпкерлерге еліктеп, оларды өнеге тұтуға ұмтылады.
Мектепте оқылатын қазақ әдебиеті курсының бағдарламасында әңгіме жанрының алатын орны мен оны оқытудың мәні зор.
Әңгіме жанрын оқыту- оқушының сөйлеу дағдысының, мәнерлеп оқи алуының, рухани дүниесінің қалыптасуының негізгі кілті болып табылады. Әңгімені оқытуда берілетін білім мен тәрбиенің аясы кең. Атап айтқанда, оқушылар мынадай білім алады:
1. Әңгіме жанры туралы түсінік;
2. Әңгіме жанрының өзіндік белгілері мен ерекшеліктерін сезіне отырып оны талдау;
3. Әңгіме жанры аясында берілетін теориялық ұғымдар туралы түсінік.


14 Сұрақ Кіші мектеп жасындағы оқушылардың үйдегі оқу жұмысы туралы сипаттама

Өзіндік жұмыстарды ұйымдастырғанда бір жұмысты келесі бір жұмыспен ұштастыра білу керек. Жұмыс мазмұны күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу. Өзіндік жұмыстарды үйде орындаған қолайлы, сонда мұғалімнің жұмысы белсенді емес, тек кеңесшілік. Оқушының ізденіп өзі орындап келген жұмысы өзінше бір жаңалық болады. Ең бастысы өз білім қорын молайтады, белсенділігін арттырады, ізденіс қабілеттерін жетілдіруге ықпалын тигізеді.
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың үй тапсырмасы – өз бетімен білім алудың алғашқы қадамы. Үй жұмысы оқушы ойының және дәлелдемелерінің жолдарын, тәсілдерін және құралдарын өзі іздеуге мәжбүр ететін болғандықтан ол оқушының ойлау іс – әрекетін шапшаңдатады. Қасында мұғалім не жолдастары болмағандықтан, жұмыс барысында өзін – өзі бақылауға үйретеді, еңбекті ұйымдастыру білігі мен дағдыларын қалыптастырады.Үй тапсырмасы шағын шығармалар жазуға арналып, сонымен қатар қоршаған орта туралы байқағандары мен бақылағандарын қорытып жазуы сияқты оқушы құзіреттілігін дамытатын жұмыс түрімен ерекшеленуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет