1-деңгей Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы


Ойын арқылы оқыту туралы сипаттама



бет78/90
Дата18.12.2023
өлшемі281,06 Kb.
#140417
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   90
Байланысты:
дид ответы акмарал

17. Ойын арқылы оқыту туралы сипаттама
Ойын арқылы оқыту дегеніміз – педагогикалық
жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны.
Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда
болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.
Оқытудағы негізгі мақсат – сөйлей білуге, өз ойын айта білуге, жаза білуге
үйрету. Сөйлей білуге машықтандыратын ұтымды әдістердің бірі - ойын.
Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын ойындар сабақта
үлкен рөл атқарады. Ойындар сабақтың тиімділігін, оқушы санасын
арттырумен бірге оқушының оқу белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін
дамытады. Сонымен қатар ойын оқушының сөйлеу қабілетінің даму әрекетін
тездетеді, танымын күшейтеді. Ойынды өткізудің психо-дидактикалық
талаптарын мұғалім естен шығармауы керек. Осы тұрғыдан ойын оқушының
жас ерекшелігі мен қабілетінің даму әрекетіне әсер ететіндей, оның
мүмкіншіліктеріне сай болуы керек. Ойнау арқылы оқушының сөйлеуге деген
ішкі жан дүниесі, ынтасы, іздену дағдысы қалыптасады.
Сабақ үстінде оқушылар ойынды тапсырма ретінде қабылдайды. Ойын
арқылы оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады. Сонымен қатар
пәнге деген қызығушылығы артады. Бастауыш сынып әдістемесінде бала
ойынына ерекше мән беріледі, өйткені ойын үстінде қалыптасатын балалық
шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмірбақи өшпестей із қалдырады.
Бала ойын арқылы өзін толқытқан қуанышын немесе ренішін, арман-мұратын
бейнелесе, шынайы өмірде сол арман қиялын жүзеге асыруға мүмкіндік алады.
Ойынның мақсаты – ойын технологиясы арқылы оқушылардың сөйлеу
тілін дамыту, сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Міндеті – баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Сабақ үстінде ойын технологиясын қолданудың негізгі шарттары:
- ойын оқушылардың алдына тапсырма ретінде қойылады.
- оқушылардың оқу әрекеті ойын ережесіне бағынады.
- оқу материалы ойын құрамы ретінде қолданылады.
- оқу әрекетіне ойын жұмыс элементті ретінде кіреді.
- ойын нәтижесі бірден шығарылып отырылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет