18.Алкин –ацетиленді көмірсутектералу, қолданылуы мен химиялық қасиеттері Қанықпаған көмірсутектердің тағы бір түрімен танысайық. Олар құрамында үш еселі байланысы бар көмірсутектер — алкиндер.
Алкиндер Алкиндер — құрамында, бір үш еселі байланысы бар жалпы формуласы СnН2n-2 болатын қанықпаған көмірсутектер.
Жалпы формуласы арқылы алкиндердің сәйкес алкендерден де қанықпағандығы басым екенін байқауға болады. Бұған көз жеткізу үшін көміртек сандары бірдей көмірсутектердегі сутектерді салыстырайық:
С2Н6 этан, С2Н4 этен, С2Н2 этин.
Алкиндердің жалпы формуласы алкадиен көмірсутектерімен бірдей: СnН2n-2. Бірақ молекула құрамындағы байланыстары өзгеше. Анықтамаларына қарап, алкадиендер мен алкиндерді салыстырып, қандай айырмашылықтары бар екендігін өздерің табыңдар.
Құрамында үш байланысы бар ең қарапайым көмірсутек — этин (ацетилен) С2Н2. Бірінші мүшесі ацетиленнен С2Н2 басталатындықтан, алкиндер ацетилен көмірсутектері деп те аталады. Алкиндердің жалпы формуласы СnН2n-2 бойынша ацетиленнен кейінгі көмірсутектердің молекулалық формулаларын өздерің жазуларыңа болады.
1. Өнеркәсіпте ацетиленді көп кездесетін химиялық шикізат — табиғи газдан алады. Метанды пиролиздесе (жоғары температурада қыздырса), ол көміртек пен сутекке айырылатынын білесіңдер. Реакцияны жүргізу жағдайына байланысты метанды айырғанда, ацетилен аралық өнім ретінде түзіледі:
2СН4 → С2Н2 + ЗН2 Егер түзілген ацетиленді реакция жүретін ортадан тез алып кетіп салқындатпаса, ол әрі қарай көміртек пен сутекке айырылып кетеді.
2. Алкиндерді сәйкес алкандарды дегидрлеп алуға болады. Мысалы, этанды 1200°С-қа дейін қыздырғанда, ацетилен мен сутекке айырылады:
С2Н6 → С2Н2 + 2Н2 3. Лабораторияда және күнделікті тұрмыста ацетиленді кальций карбидін сумен әрекеттестіріп алады. Ал кальций карбидін электрпеште сөндірілмеген әк пен коксті жоғары температурада (2000°С) әрекеттестіру арқылы алады:
СаО + ЗС → СаС2 + CO
СаС2 + 2Н2О → Са(ОН)2 + С2Н2[1] ГИДРЛЕУ Алкиндердің химиялық қасиеттері олардың осы типтегі реакцияларға түсуіне мүмкіндік береді. Бұл заттың молекуласы өзіне қосымша сутегі атомдарын қосатын химиялық өзара әрекеттесу түрі. Пропина жағдайындағы осындай химиялық реакцияның мысалы:
2H2 + C3H4 = C3H8 Бұл реакция екі кезеңде жүреді. Біріншіден, пропин молекуласы екі сутек атомын, ал екіншісінде бірдей санды қосады.
ad