2. Органикалық қосылыстарының номенклатурасы мен негізгі топтары Органикалық номенклатура – органикалық заттарды жіктеу және атау жүйесі. Қазіргі уақытта IUPAC номенклатурасы қолданылуда.
Органикалық қосылыстардың классификациясы маңызды принципке негізделген, оған сәйкес органикалық қосылыстардың физикалық және химиялық қасиеттері бірінші жуықтауда екі негізгі критерий – қосылыстың көміртек қаңқасының құрылымы және оның функционалдық топтары бойынша анықталады.
Көміртек қаңқасының табиғатына қарай органикалық қосылыстар ациклді және циклді болып бөлінеді. Ациклді қосылыстардың ішінде шекті және қанықпаған қосылыстар бөлінеді. Циклді қосылыстар карбоциклді (алициклді және ароматты) және гетероциклді болып бөлінеді.
Органикалық синтез – өнеркәсіпті және лабораториялық масштабта органикалық қосылыстарды жасанды құрастырудың әдістері мен жолдарын қарастыратын органикалық химияның бөлігі.
Органикалық синтездің жүруі екі негізгі сұрақтармен байланысты: 1) синтездің жалпы жоспарын құрастыру, яғни оптимальді бастапқы қосылыстарды таңдау және негізгі өнімге қысқа жолмен әкелетін стадиялар реттілігі (синтез стратегиясы); 2) құрастырылатын молекуланың белгілі байланысты құрастыру мүмкінділігін қамтамасыз ететін синтетикалық әдістерді таңдау немесе құрастыру (синтез тактикасы).