1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Құтыру ауруының клиникалық белгілері



бет11/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   131
9.Құтыру ауруының клиникалық белгілері. Құтырық (лат. Lуssа, ағыл. rabies) – судан қорқу, гидрофобия адам мен жануарлардың жіті жұқпалы ауруы, орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен сипатталатын ауру.1903 жылы Ремленже және Риффат – бейвирустың сүзгіден өтетіндігін дәлелдеді. Осы жылы венгр ғалымы А.Негри құтырықтан өлген адам мен жануарлардың ми клеткаларында вирусқа тән қосындылардың болуын хабарлады. Ал бұған дейін, 1887 жылы осы қосындыларды құтырықтың балауында шешуші рөлін анықтаған румын микробиологы Бабеш 1950 жылы Прагада микробиологтардың Халықаралық конгрессінің шешуі бойынша бұл клеткадағы қосындыларды Бабеш-Негри денешіктері деп атады.

Құтырық жіті өтетін ауру. Итте құтырық өршіген және бәсең түрде өтеді.



Өршіген құтырықтың 3 кезеңі болады: біліне бастаған, көтерілген және дел-сал. Біліне бастаған кезең 12 сағаттан 3 тәулікке дейін созылады, бұл кезде жануардың мінезінің өзгеруі байқалады. Ит көңілсіз, немқұрайлы болып, қараңғы бұрышқа немесе үйшігіне тығылады, иесінің шақыруына ықылас білдірмейді. Кей жағдайда иесіне тым еркелеп, қолын, бетің жалауға тырысады. Біртіндеп ит мазасызданып, тез шошынып, ұзақ орланады, орынсыз жүгіре береді. Есінің ауысқан белгілері біліне бастайды: бұрыннан үйреншікті нәрселерге ызалана үріп, аузымен ауаны қабады (шыбын ұстағандай).

Біліне бастаған кезеңнін соңында жұтқыншақ бұлшық еттерінің салдануы нәтижесінде жануар жұтына алмай, бір нәрсеге қақалғандай әсер туғызады. Иттің кенеттен өшпенділігі артып, орынсыз басқа жануарларға, адамға, тіпті өз иесіне де ұмтылуы мүмкін. Бұл белгілер аурудың көтерілген кезеңде басталғанын көрсетеді. Бұл кезең 3-4 күнге созылады.

Иттің қорқыныш сезімі жоғалып, шынжырын тістеп, бұлқынып, үзіп кетуге тырысады, босанып алса кісіге шауып, бет алды жүгіріп, қашып кетеді. Құтырған ит бір күн ішінде ондаған шақырым қашықтыққа жүгіріп, кездескен мал мен адамға шабады, ұмтылған кезде үрмей, үндемей қабады.

Дел-сал кезең 1-4 күнге созылады. Бұлшық еттерінің салдануы нәтижесінде дыбысы мүлдем өшіп (афония), жағы салақтап, көзі шапыраштанады. Артқы аяғы басуға келмей, сүйретіліп, кейіннен тұла бойы еттері мен алдыңғы аяқтары да салданып, ит мүлдем қимылсыз қалады. Аурудың жалпы ұзақтығы 8-11 күнге созылады, кейде жануар 3-4 күн ішінде өліп кетеді.



Құтырықтың бәсең (салданған) түрі аурудың итке түлкіден жұққан кезінде байқалады. Көтерілу әлсіз немесе мүлдем болмайды. Ең бірінші – кезеңде көзге түсетін белгісі – ауырған жануар жұтына алмайды, аузынан сілекей ағады. Жағы салақтап, аяқ және тұла бойы бұлшық еттері салданып, 2-4 күн ішіңде өліп қалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет