1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері



бет2/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131
Аурудың таралуы және дамуы. Малға ауру жаз айларында микробпен ластанған жайылым шөбі және ішкен суы арқылы жұғады, ал басқа малға өлген өлексе арқылы тарайды. Қоздырғыш – микроб ауру малдың несебі, нәжісі, сілекейі және сүтімен бөлінеді де, сыртқы ортаға тарайды. Сонымен қатар аурудың тарауына топалаңнан өлген малдың өлексесін жеген жыртқыш аңдар мен құстар, қан сорғыш насекомдар да себепші болады. Аурудың қоздырғыш микробы қара топырақты жер қыртысында көп жылдар (60-75жыл) бойы, ал сортан топырақты жерлерде бір-ақ,жыл өмір сүреді.

Топалаң – маусымдық ауру деп жоғарыда көрсетіп өттік. Қазақ мал дәрігерлік ғылыми-зерттеу институтының көп жылдардағы мәліметтері бойынша республикамызда бұл аурудың 72 проценті июнь, август және сентябрь айларында шығады. Бұл ауруды болдырмау үшін алдын ала мына жайларды ескерген жөн: ауа райы неғұрлым ыстық және құрғақ болған жерлерде топалаң соғұрлым тез тарайды, Қазақстанның оңтүстік облыстарында (Шымкент, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Талдықорған) топалаң індеті солтүстік облыстарға қарағанда 3-4 есе жиі кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет