1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері



бет8/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   131
7.Сібір жарасы ауруының патогенезі. Топалаңмен – қой (топалаң), ешкі (шөкшек), ірі қара (қараталақ), жылқы (жамандат), түйе (ақшелек) және шошқа ауырады. Ол тез дамып, негізінен жіті өтетін аса жұқпалы ауру. Топалаңмен жабайы жануарлар да, адам да ауырады (адамда түйнеме, күйдіргі деп аталады). Қоздырғышы жер қыртысында ұзақ уақыт (жылдар) сақталады.Бұл ауруды бациллус антрацис деп аталатын, ұзындығы 5-8, ені 1-1,5 микрон, қозғалу қабілеті жоқ, таяқша тәріздес микроб тудырады. Бациллус антрацис микробы малдың қанында, етінде жақсы өмір сүреді.

Зақымданған кілегейлі қабық пен тері арқылы өткен ауру қоздырушысы өзінің агрессиндері мен экзотоксиндері арқылы енген жеріндегі дененің қорғаныс күштерін бейтараптап, өсіп-өнеді де, сөл жүйесіне өтіп, сөл түйініне, одан соң қанға тарайды да фагоциттермен тұтылады. Сөл арқылы бүкіл денеге жайылып, лимфалық макрофагтық жүйенің элементтерінде бекітіледі. Бациллалар әсіресе көкбауырда шоғырланып, онда елеулі патологиялық өзгерістер туғызады.

Дерттену процесіне бацилланың қауашағын құрайтын заттары, бөліп шығаратын экзотоксині мен протеаза ферменті күшті әсер етеді. Қауашақ топалаң қоздырушысының фагоцитозға ұшырауына тосқауыл болады, ал микроб бөліп шығарған улы заттар оны бекіткен торшаларды ыдыратады. Босанған бациллалар тағы да қан ағысына түсіп, септицемия мен интоксикацияның өрлеуіне әкеп соқтырады. Гипоксия байқалып, қышқыл-сілті тепе-тендігі бұзылады, қан ұю қасиетін жоғалтады. Егер әлсіреген жануар аса уытты микробпен қағынса бірден септицемия (өлі тию) байқалады да, мал бірер сағаттан кейін өліп қалады.

Топалаңның қоздырушысы денеге тері арқылы енсе, сол орын қанталап ісінеді де, карбункулға (күйдіргі) айналады. Карбункул бірден емес, кейіннен, ауру қоздырушысының қан арқылы келуінен де болады. Бұл ошақта микроб өніп-өсіп, токсиндер бөледі де, организмді уландырады. Алдымен таяудағы сөл түйіні қанталап, ісініп, одан микроб қанға өтіп, ақыры септицемиядан мал өледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет