1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Сібір жарасы ауруының емі, алдын алу шаралары



бет6/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131
Байланысты:
Зооантропаноздық аурулар сессия 5-курс

5.Сібір жарасы ауруының емі, алдын алу шаралары. Топалаңмен – қой (топалаң), ешкі (шөкшек), ірі қара (қараталақ), жылқы (жамандат), түйе (ақшелек) және шошқа ауырады. Ол тез дамып, негізінен жіті өтетін аса жұқпалы ауру. Топалаңмен жабайы жануарлар да, адам да ауырады (адамда түйнеме, күйдіргі деп аталады). Қоздырғышы жер қыртысында ұзақ уақыт (жылдар) сақталады.Бұл ауруды бациллус антрацис деп аталатын, ұзындығы 5-8, ені 1-1,5 микрон, қозғалу қабілеті жоқ, таяқша тәріздес микроб тудырады. Бациллус антрацис микробы малдың қанында, етінде жақсы өмір сүреді.

Емдеу үшін топалаңға қарсы қан сарысуы мен иммуноглобулиндер қолданылады. Гамма – глобулиннің әсері сарысудан күштірек. Оны қойларға тері астына 20-40 мл енгізеді, алдын алуда. Ол 14 күн сібір жарасына қарсылық жасайды.

Топалаңмен ауырды-ау деп күдік туғызған мал дереу оқшауланады да, осы ауруға қарсы қолданылатын арнайы кан сарысуымен емделеді. Ол тәулігіне ірі қара мен жылқыға 100-200 мл, қулынға, бұзауға және қойға 50-75 мл мөлшерінде күре тамырға жіберіледі.

Бұл жерде мынадай жағдайды ескеру қажет. Егер осы көрсетілген қан сарысуының барлық мөлшерін бірден қанға жіберсе, мал есінен танып құлап қалуы мүмкін. Сол себептен қан сарысуын малдың дене жылуына сәйкес келетіндей өтіп жылытып (37-38°С) малдың қанына екі бөліп жібереді. Алғаш 0,5-1,0 мл, осыдан кейін 15-20 минут өткен сон емдік қан сарысуының қалғанын жібереді.

Аурудың жітілей түрімен ауыратындарына тәулігіне 2-3 рет стрептомицин, экмоновациллин және гентомицин антибиотиктері бұлшық етке ине арқылы жіберіледі. Антибиотиктер мөлшері мейлінше жоғары дозада қолданылады. Мәселен, стрептомицин малдың әрбір кг массасына 5 мың өлшемде жіберіледі, емдеу барысында ауру малдық әр 6-7 сағат сайын дене қызуы анықталынады.

Табындағы барлық ауырған және ауруы мүмкін деген малды алғаш кезде қан сарысуымен емдейді де, 7-8 тәуліктен соң осы ауруға қарсы қолданылатын СТН және ГНКА вакцинасымен егеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет