24.Тілме ауруының патогенезі. Шошқаның тілмесі (Erysipelas suum, рожа свиней) – жіті өткенде өлі тиіп, терінің қабынып қызаруымен, ал созылмалы түрінде жүрек пен буындардың қабынуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру. Қоздырушысы – Erysipelothrix insidiosa - Lactobacillacea тұқымдастығы, Eyrisipelothrix туыстастығына жатады.
Организмге түскен тілменің бактериясы бірінші түскен жерінде көбейеді де, организмде сенсибилизация ( аллергия ) тудырады . Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларында және стресс алған жағдайда тілме бактериясы қорғаныс барьерін жеңіл бұзып, қанға және паренхималық органдарға өтіп организмде септицемия тудырады .
Бактериялардың қарқынды көбеюі және пайда болатын уытты заттардың әсерінен көптеген ағзалар мен ұлпалар қабыну, дистрофия процестері кең өрбиді. Аурудың одан әрі асқынуының әсерінен ішкі ағзаларда, теріде зат алмасу бұзылып, домбығу, қан іркілу, қан ұю кездеседі. Ауру жіті өткен жағдайда өлітиюдің негізгі клиникалық белгілері (дененің қызынуы, жүрек жұмысының әлсіреуі, өкпенің домбығуы) анық білініп, өліммен аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |