1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Туберкулез ауруы туралы эпизоотологиялық мәліметтер, өту кезеңдері



бет35/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   131
29.Туберкулез ауруы туралы эпизоотологиялық мәліметтер, өту кезеңдері. Туберкулез (лат. tuberculosis, грек. Рhthisis) – созылмалы түрде өтетін, әртүрлі мүшелер мен ұлпаларда өзгеше іруге бейім бұдырмақтар /туберкулалар/ пайда болуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру. Бұл аурумен ірі қара, түйе, қой, шошқа, тауық жиі ауырады. Ал жылқы мен ешкі бұл, ауруларға басқа үй жануарларына қарағанда сирек ауырады. Туберкулез қоздырғышының қатерлі әсерінен ауырған малдың өкпесі және басқа да органдары зақымдалып, мал арықтап созылмалы ауруға шалдығады.

Туберкулездің қоздырушысы Mycobacterium-туыстастығына жатады. Айрықша қасиеті - қышқылға төзімді келеді (өйткені оның құрамында 40 пайызға дейін липид және воск бар). Микобактерии 3 топқа бөлінеді: патогенді, атипті және сапрофитті. Патогенді түріне негізіне үш түрі жатады: M.tubtrculosis(адамды ауыртады); М.Bobis (ірі қараны); М.аvіит (құсты). Сирек кездесетін 4-ші түрі -М. ріsсіит балықты ауруға шалдықтырады. Жалпы алғаңда бұл микробтын 31 түрі бар деп есептейді.

Туберкулезге үй және тағы хайуандардың 55, ал құстардың 75түрі шалдығады, олардың ішінде ең сезімталдары: теңіз тышқаны, маймыл, ірі кара және тауық. Бұларға жуық шошқа, марал, түйе, ал терісі кұнды аңдардан - күзен түрады. Сирек ауыратын жануарларға ешкі /табиғи жолмен жұққанда сирек, колдан жүқтырғанда жиі ауырады/. Туберкулезге адам аса бейім келеді.

Инфекция коздырушысының бастауы – туберкулезбен ауырған жануарлар. Олар микобактерияларды нәжіспен, кақырықпен, сүтпен, сирегірек жағдайда шәуетпен бөліп шығарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет