1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері



бет37/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   131
31.Туберкулез ауруының патогенезі. Туберкулез (лат. tuberculosis, грек. Рhthisis) – созылмалы түрде өтетін, әртүрлі мүшелер мен ұлпаларда өзгеше іруге бейім бұдырмақтар /туберкулалар/ пайда болуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру.

Инфекция қоздырушысының бастауы – туберкулезбен ауырған жануарлар. Олар микобактерияларды нәжіспен, қақырықпен, сүтпен, сирегірек жағдайда шәуетпен бөліп шығарады. Ауру малдың бөлінділері сыртқы ортаны, қораны, ауланы, жайылымды, суатты ластайды. Сондықтан қоздырушының берілу факторларына жем, су, төсеніш, көң, т.б жатады.

Аурудың жұғуына малдың тығыз орналасуы қолайлы жағдай туғызады, сондықтан инфекция жануарларға қорада ұстаған кезде жұғады. Жайылымда аурудың таралуы сирек байқалады, сөйтсе де егер жаз салқын және жауынды болса, туберкулез жайылымдагы малға да жаппай жұғады.

Микобактериялар сау малдың деңесіне ас қорыту жолы және тыныс жүйесі арқылы енеді. Бұзауға негізі сүтпенен алиментарлық жолмен, ал ересек малға сонымен қатар аэрогендік жолмен жүғады. Шошқа мен құсқа негізінен алиментарлық жолмен жұғады. Тауықтың жұмыртқасы арқылы одан шыққан балапанға трансоворияльдық жолмен де беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет