1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Сібір жарасы ауруының патанатомиялық өзгерістері



бет4/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131
Байланысты:
Зооантропаноздық аурулар сессия 5-курс

3.Сібір жарасы ауруының патанатомиялық өзгерістері. Топалаңмен – қой (топалаң), ешкі (шөкшек), ірі қара (қараталақ), жылқы (жамандат), түйе (ақшелек) және шошқа ауырады. Ол тез дамып, негізінен жіті өтетін аса жұқпалы ауру. Топалаңмен жабайы жануарлар да, адам да ауырады (адамда түйнеме, күйдіргі деп аталады). Қоздырғышы жер қыртысында ұзақ уақыт (жылдар) сақталады.Бұл ауруды бациллус антрацис деп аталатын, ұзындығы 5-8, ені 1-1,5 микрон, қозғалу қабілеті жоқ, таяқша тәріздес микроб тудырады. Бациллус антрацис микробы малдың қанында, етінде жақсы өмір сүреді.

Өлекседегі өзгерістер аурудың барысына байланысты болады. Егер індет өте жіті түрде болса, аурудың көзге түсерліктей белгілері болмайды. Бұл аурудан өлген малдың қаны ұйымайды, ал өлімтіктің аяқтары мен бүтін денесі әдеттейдей сіресіп қатып қалуы байқалмайды.

Аурудың жітілеу түрінен өлген малдың ауыры, сөл бездері талаурап қабынады. Талақ кәдімгі көлемінен 2-3 есе үлкейіп, оның ұлпасы іріп, ыдырайды, егер пышақпен тіліп жіберсе тез ағып кетеді. Өкпенің, жүректің ішкі кілегей қабықтарының әр жері, ішектің ішкі беттері нүкте немесе сызықша тәрізденіп қанталап тұрады.

Малдың топалаңнан өлгендігі бактериологиялық әдіспен анықталса, қоздырғыш микробтың спора түріне айналып кетпеуі үшін және індеттін жаңа ошағының пайда болмауына жол бермеу үшін, өлексені жаруға, союға рұқсат етілмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет