1. Дәрілер технологиясы ғылым ретінде. Дәрілер технологиясының негізгі түсініктері мен терминдері. Фармацевтикалық технологияның даму тарихы



бет22/36
Дата10.12.2023
өлшемі347,52 Kb.
#136649
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36
Байланысты:
1. Ä?ð³ëåð òåõíîëîãèÿñû ?ûëûì ðåò³íäå. Ä?ð³ëåð òåõíîëîãèÿñûíû? í

Эмульсиялардың сапасын бақылау. Дайындалған эмульсиялардың сапасын басқа ішуге қолдануға арналған сұйық дәрілік түрлердің сапасын анықтау көрсеткіштері бойынша бағалайды. Сонымен қатар эмульсияға тән көрсеткіштер анықталады.
1. Эмульсиялардың термиялық тұрақтылығы.
Эмульсиялар - тұрақсыз жүйелер. Қыздырған кезде жеңіл қабатқа бөлініп кетеді. Егер 500 С-қа дейін эмульсияны қыздырған кезде ол қабатқа бөлінбесе, онда эмульсия тұрақты деп есептелінеді.
2. Тұтқырлығы. Бұл қасиет сырт тәнге қолдануға арналған эмульсияларға маңызды көрсеткіш болып саналады. Оны анықтау үшін арнайы құрал (вискозиметр) қолданылады.
3. 15 000 айн./мин. жылдамдықта центрифугирлеу кезде эмульсиялар қабатқа бөлінбеуі керек.
4. Біртектілігі. Эмульсиялардың біртектілігін микроскоппен қарап анықтайды. Визуалды (қараусыз көзбен) қарағанда біртекті тұрақты эмульсиялар сүт тәрізді болуы керек.


13. Тұнбалар дәрілік форма ретінде. Анықтамасы. Тұнбаларға қойылатын талаптар. Дайындау ережелері. Сапаның негізгі көрсеткіштері
14. Қайнатпалар дәрілік форма ретінде. Анықтамасы. Қайнатпалар дайындау ережелері. Сапаның негізгі көрсеткіштері

Қайнатпа мен тұнбалар дәрілік өсімдіктердің әртүрлі бөліктерінен ex tempore алынған сулы сығындылар. Олар ең қарапайым сығындылар, себебі күрделі құрал жабдықтарды, қымбат немесе қол жетімсіз экстрагенттердің қолдануын талап етпейді


Тұнбалар өсімдіктің жұмсақ бөліктерінен - гүлінен, шөбінен, жапырағынан дайындалады. Қайнатпалар өсімдіктердің қабығынан, тамырынан, сабағынан, тамырсабағынан дайындалады. Су моншасында 30 минут тұндырады, себебі оларды сығындылануы қиын. Бөлме температурасында одан әрі сығындылау үшін қайнатпаны 10 минут суытады. Егер ұзақ уақыт суытса, көп мөлшерде крахмал, пектиндер сығындыланып, қайнатпа қоюланады, ол сүзуді қиындатады. 1 л-ден 3 л-ге дейінгі көлемдегі сулы сығынды дайындау кезінде су моншасында тұнбаларды 25 минут, қайнатпаларды үшін 40 минут қыздырады. Тұнбалар мен қайнатпаларды 3 л-ден артық көлемде дайындау рационалды емес, себебі сақталу мерзімі - 2 тәулік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет