1. Дәрілер технологиясы ғылым ретінде. Дәрілер технологиясының негізгі түсініктері мен терминдері. Фармацевтикалық технологияның даму тарихы



бет25/36
Дата10.12.2023
өлшемі347,52 Kb.
#136649
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36
Байланысты:
1. Ä?ð³ëåð òåõíîëîãèÿñû ?ûëûì ðåò³íäå. Ä?ð³ëåð òåõíîëîãèÿñûíû? í

Технологиялық жіктелуі: жағар майлардағы дәрілік заттың дисперстік дәрежесі заттардың негізде таралуын көрсетеді. Осыған байланысты жағар майлар гомогенді және гетерогенді болып бөлінеді.
1. Гомогенді жағар майлар. Гомогенді жағар майларда дәрілік затпен негіз арасында фаза аралық бөліну болмайды. Мұндай жағар майларда дәрілік заттар, негізде молекулалық немесе мицеллярлық дисперске дейін жеткізілген, ерітінді түрінде таралады.
Гомогенді жағар майлар алынуы бойынша: ерітінді жағар майлар, балқыма жағар майлар, экстракциялық жағар майлар болып бөлінеді.
2. Гетерогенді жағар майлар. Гетерогенді жағар майларда дәрілік зат пен негіз арасында фазааралық бөліну болады.
Гетерогенді жағар майлар суспензиялық (тритурациялық), эмульсиялық, аралас болып бөлінеді.


Жағар майлардың жеке технологиясы Дәріхана жағдайында жағармайларды дайындау дайындық жұмыстан және негізгі технологиялық сатылардан тұрады. Дайындық жұмысқа нормативті құжат бойынша жағармайдың құрамын анықтау жатады. Жағармай негізін таңдау үшін жағармай құрамы мен қолдану тәсілін ескереді. Жағармайлар салмақ бойынша дайындалады.
Жағармайды дайындау бірнеше сатыдан тұрады:

  • балқыту,

  • еріту,

  • диспергирлеу,

  • қажетті жағдайда эмульсиялау,

  • буып түю,

  • безендіру сатылары реттілігінен тұрады.

Сонымен бірге кейбір сатыларда бақылау жүргізіледі.
Жағар майларға арналған негіздер. Жағар майлар технологиясында негіздердің маңызы мен мәні әртүрлі және алуан. Негіздер жағар майларға

  • қажетті салмақ,

  • дәрілік заттардың сәйкес концентрациясын,

  • қажетті консистенциясын,

  • тұрақтылықты қамтамасыз етеді,

  • дәрілік заттардың резорбциясының деңгейі мен жылдамдығын реттейтін, яғни фармакодинамикада маңызды роль атқаратын жағар майлардың белсенді құрамды бөлігі.

Негізді жағар майдың белсенді бөлігі ретінде қарастыруға болады. Қазіргі кезде жағар майлар дайындау үшін қолданылатын 100 аса негіздер белгілі. Олар химиялық құрамы бойынша, сыртқы түрі, алыну көзі бойынша ажыратылады. Қазіргі кездегі фармацияда жағар май негіздерінің құрамы өте күрделі. Жағар май негіздерін таңдау - ауру түріне, дәрілік заттардың физика-химиялық қасиеттеріне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет