Құрғақ термиялық зарарсыздандыру. Аостерилде немесе осы типтегі басқа аппараттарда жүргізілетін құрғақ термиялық зарарсыздандыру да жоғары нәтиже береді. Бұл жағдайда ақуыздық заттардың пирогенетикалық ыдырауынан микроорганизмдердің барлық түрлері өледі.
Радиациялық зарарсыздандыру. Сәулелену энергиясы тірі ағзаның жасушаларына, соның ішінде әртүрлі микроорганизмдерге зиянды әсер етеді. Бұл сәулелердің зарарсыздандырғыш әсер ету принципі тірі жасушаларда сіңірілетін энергияның белгілі бір дозаларында зат алмасу процестерінің және ақуыз коагуляциясының бұзылуына байланысты олардың өліміне еріксіз әкелетін осындай өзгерістерді индукциялау қабілетіне негізделген.
Инфрақызыл және лазерлік сәулелену арқылы зарарсыздандыру. Электрондық зарарсыздандыру. Стерилизацияның бұл перспективалы түрлері бүгінгі күні іс жүзінде қолданылмайды, дегенмен бұл үшін мүмкіндіктер бар.
19. Инъекциялық ерітінділерге арналған еріткіштер. Жіктелуі. Талаптар. Сипаттамасы. Дәріхана жағдайында инъекцияға арналған суды алуға қойылатын талаптар. Құрал-жабдықтар.
Шаншуға арналған ерітінділерді дайындаған кезде пирогенді заттардың ерітіндіге түсуін болдырмау қажет, ол біріншіден еріткіштердің, қолданылатын дәрілік заттардың және қосымша материалдардың (тұрақтандырғыштар, солюбилизаторлар, консерванттар және т.б.) жоғары сапалы болуын талап етеді.
Шаншуға арналған ертінділерде сұйық дисперстік орта (ерткіш) ретінде шаншуға арналған су, бейсу еріткіштер қолданылады. Олар нормативті құжаттардың талаптарына жауап беруі керек.
МФ XІ басылымына сәйкес шаншуға (инъекцияға) арналған су, тазартылған суға қойылатын талаптарға жауап беруі және апирогенді болуы керек. Шаншуға арналған суды асептикалық жағдайда ҚР Ұлттық экономика министрінің 19 наурыздағы 2015 жылғы № 232 «Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес алынады. Шаншуға арналған суды алу асептикалық блоктың дистилляциялық бөлмесінде жүргізіледі. Ол бөлмеде қосымша, суды дистилляциялаудан, басқа жұмыстарды жүргізуге болмайды.
Шаншуға арналған суды кәдімгі айдау аппараттарында, тек асептикалық жағдайда, дистилятты жинау кезінде оған құрамында пирогенді заттары бар айдалмаған судың тамшылары түспейтін жағдайда жүргізілуі тиіс. Пирогенді заттар ұшпайды және су буымен айдалмайды. Осыған байланысты шаншуға арналған суды булану камерасынан конденсатқа дейінгі бу жолдарында шашыранды су тамшыларын ұстап қалатын қондырғысы бар аппараттарда алады. Мұндай мақсатта, кәдімгі дистиллятордан ерекшілігі бар су буы арнайы әртүрлі конструкциялы - сепараторлардан өтетін аппараттар қолданылады. Конструкциясы бойынша олар центрден тепкіш, пленкалы, көлемді, масса алмасу, аралас болады.
Достарыңызбен бөлісу: |