1. Дәрілік қалыптар. Жіктелуі. Дәрілік қалыптарға қойылатын жалпы талаптар және оларды қамтамасыз ету әдістері



Pdf көрінісі
бет25/28
Дата30.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#145128
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Агрегатты күйі
бойынша қатты және 
сүйық болып бөлінеді. 
Қатты пластырлер
- бөлме температу расында тыгыз, 
жагылмайтын, дене температурасында жүмсарып, жабысып қалатын пластырлер. 
Сүйық 
пластырлер 
(тері желімдері) - еріткіш үшып кеткеннен соң теріде пленка қалдыратын 
сұйыктықтар. 
Дисперстік дәрежесі бойынша 
пластырлер балқымалар, ерітінділер, суспензиялар
эмульсиялар немесе аралас жүйелер болуы мүмкін. 
Медициналық қолдануы
бойынша пластырлер эпидерматикалык, эндерматикалық және 
диадерматикалық болып бөлінеді.
Эпидерматикалық
пластырлер жабысқақ болады жэне олардың құрамында дэрілік заттар 
болмайды. Олар байлау материалы ретінде, байлауыштарды бекітуге, жаралардың 
шеттерін жақындастыруға, терінің кемшіліктерін жасыру, оны сыртқы ортаның 
жаралаушы әсерінен қорғау, кейбір тері ауруларын емдеу үшін қолданылады. 
Эндерматикалық
пластырлердің қүрамына дәрілік заттар кіреді және олар жапсырылған 
жердегі гері ауруларын емдеуге қолданылады. 
Диадерматикалық
пластырлердің күрамына тері арқылы өтіп кететін жэне тереңде 
жатқан тканьдерге эсер ететін немесе резорбтивті эсер тигізетін дәрілік заттар кіреді. 
Қолданылатын қосымша заттарға
байланысты пластырлер қарапайым және каучукті 
пластырлер болып бөлінеді. 
Қарапайым пластырлер
шайырлы - балауызды және қорғасынды пластырлер болып 
ажыратылады. 


Каучукті 
пластырлер

Каучукті 
пластырлерді 
синтетикалық 
жэне 
табиги 
вулканизацияланбаган каучук негізінде дайындайды. Каучук теріні тітіркендірмейді
көптеген дэрілік заттарга қатысты индифферентті, үлкен қаттылыгы, ауа жэне ылғал 
өткізбейтін қасиеттері бар. Бірақ оның жұмсақтыгы мен жабысқақтығы жеткіліксіз. 
Каучукті пластырге жабысқақгығын жоғарылату үшін канифоль қосады. 
Каучукті пластырлерге лейкопластырь, бактерицидті плас­ тырь, бұрышталган пластырь, 
күс пластырі «Салипод», кышалар жатады. 
Қышалар
каучукті пластырлердің бір түрі. Бүл көлемдері 8x12,5 см тік бүрышты 
қагаздар, бір бетіне каучукті желім жэне майсызданган қыша түқымдарының ұнтагы 
қалындығы 0,3-0,55 мм болып жагылған. Үнтақты қара және сарепт қышасының 
тұқымдарынан (Semina sinapis nigra жэне Sermina Sinapis junceae) дайындайды. Олардың 
қүрамында синигрин гликозиді болады. Фермент мирозиннің әсерінен синигрин глюкоза, 
калий гидросульфаты жэне қыша эфир майына ыдырайды. 
Қыша түқымдарында 35%-ға дейін май болады, оның болуы қышалар сапасына зиянды 
эсер етеді, ол үнтақтың ашып кетуіне жэне терапевтік эсердің төмендеуіне себепкер 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет