дене температурасында балқитын немесе еритін дозаланған дәрілік түр. Суппозиторийлер тік
ішекке, ағзаның басқа да табиғи және паталогиялық қуыстарына енгізуге қолданылады. МФ XІ
басылымы бойынша жіктелуі: ректалды - supposіtorіa rectalіa, вагиналды - supposіtorіa
vaqіnаlіa, таяқшалар - supposіtorіa baccіllі. Ректалды суппозиторийлер немесе свеча конус
түрінде, өткір ұшы бар цилиндр немесе сигара түрінде (торпеда тәрізді) болуы мүмкін және
олар тік ішекке енгізу үшін қолданылады. Вагиналды суппозиторийлер: тіл тәрізді - pessarіa,
шар тәрізді - globulі, жұмыртқа тәрізді - ovula болуы мүмкін.
Суппозиторийлерге қойылатын талаптар:
- тік ішектің сфинктерінің кедергісінен оңай өтуі үшін бөлме температурасында жеткілікті
түрде қатты болуы керек;
- суппозиторийлердің балқу температурасы дене температурасынан жоғары болмауы керек;
- суппозиторийлердің балқуы немесе еруі белгілі уақыт ішінде, препараттың белгілі
фармакологиялық әсеріне байланысты 3-15 минутта жүруі керек;
- суппозиторий балқығаннан кейін түзілген сұйықтық, ағза сұйықтығымен араласуы керек, осы
мақсатта суппозиторийлік массаға ББЗ қосылады;
- суппозиторийлер дәрілік затты оңай босатуы және кілегей қабатта тітіркендіргіш әсер
көрсетпеуі керек;
- жақсы сақталуы, яғни тұрақты болуы керек.
Суппозиторий – күрделі дәрілік түр, әсер етуші зат - дәрілік заттан және көмекші зат - негізден
тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: