- сақталу кезіндегі тұрақтылығы.
Бейсу ерітінділердің технологиясында қолданылатын еріткіштер олардың физика-
химиялық қасиеттеріне байланысты
ұшқыш және ұшқыш емес
бейсу еріткіштер деп бөлінеді.
Ұшқыш еріткіштерге этанол, эфир, хлороформ жатады. Дәріхана практикасында кеңінен этанол
қолданылады. Ұшқыш емес еріткіш ретінде глицерин, өсімдік майлары, вазелин майы,
соңғы
жылдары - димексид, полиэтиленоксид-400 (ПЭО-400), силикондар қолданылады. Қазіргі
кезде ерітінділер технологиясында күрделі еріткіштер: глицерин-этанол, глицерин-димексид,
глицерин-су және т.б. қолдану тенденциясы байқалады. Күрделі ерітінділерді қолдану дәрілік
түрде ерігіштігі әртүрлі дәрілік заттарды біріктіруге, сонымен бірге,
бейсу еріткіштерді бір
мезетте емдік әсер көрсетуге және қосымша зат ретінде қолдануға мүмкіндік береді.
Технологиясының ерекшеліктері:
- ерітіндіні тікелей босататын құтыға дайындайды;
- құты құрғақ болуы керек, себебі су спиртті сұйылтып, басқа еріткішпен
араласпайтын дәрілік
заттардың ерігіштік қасиетін төмендетеді;
- құтыға алдымен еритін затты, содан соң еріткішті салады.
Себебі мойны ылғалданған құтыға затты салу қиын,
көп мөлшердегі, көлемді дәрілік заттарды
(ұнтақтарды) құтыға воронка арқылы салады; - сусыз ерітінділерді
қажет болған жағдайда ғана
құрғақ мақта тампоны арқылы воронканы шынымен жауып сүзеді.
Достарыңызбен бөлісу: