1. Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалаудын негізгі багыттары. Нормативті кужаттар. Рецепт, аныктамасы, манызы, курылымы. Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалау


-ші жолы: Дәрілік заттың көлем ұлғаю коэффициентін (КҰК) ескере отырып, қажетті су  мөлшерін есептеу:  Технологиясы



Pdf көрінісі
бет18/39
Дата30.12.2023
өлшемі1,62 Mb.
#145127
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39
Байланысты:
ОФТ 90

2-ші жолы:
Дәрілік заттың көлем ұлғаю коэффициентін (КҰК) ескере отырып, қажетті су 
мөлшерін есептеу: 
Технологиясы: 
Ыдысқа бюреткалық қондырғыдан 948 мл тазартылған суды өлшеп алып, 
онда 200,0 натрий бромидін ерітеді. 
3-ші жолы:
Концентрлі ерітіндіні, ерітіндінің тығыздығын ескере отырып, салмақтық 
әдіспен дайындау. 
9)
Сусыз ерітінділер.Сипаттамасы.Жіктеліуі. 
Бейсу ерітінділері
- құрылыстық бірлігі иондар мен молекулалар болатын гомогенді сұйық 
дәрілік түр. Еріткіш ретінде бейсу ерітінділерінде бейсу еріткіштер (спирт, эфир, өсімдік 
майлары және т.б.) қолданылады. Бейсу еріткіштерінің қолданылуы көптеген дәрілік 
заттардың суда ерімеуіне негізделген. Бейсу ерітінділері сыртқа қолдануға арналған дәрілік 
түрлерге жатады: кілегей қабаттарға жағуға, тері қабатын сүртуге, жууға, шаюға, ингаляция 
жасауға арналған ерітінділер, құлаққа, мұрынға арналған тамшылар. 
Бейсу ерітінділерге қойылатын талаптар
:
- қажетті әсер алу үшін медициналық белгіленуіне сәйкестігі;
- дәрілік заттардың толық еруі; 
- механикалық қоспалардың болмауы;
- дәрілік заттардың концентрациясының жазылған көлеміне немесе салмағына сәйкестігі; 


 - сақталу кезіндегі тұрақтылығы. 
Бейсу ерітінділердің технологиясында қолданылатын еріткіштер олардың физика-
химиялық қасиеттеріне байланысты 
ұшқыш және ұшқыш емес
бейсу еріткіштер деп бөлінеді. 
Ұшқыш еріткіштерге этанол, эфир, хлороформ жатады. Дәріхана практикасында кеңінен этанол 
қолданылады. Ұшқыш емес еріткіш ретінде глицерин, өсімдік майлары, вазелин майы, соңғы 
жылдары - димексид, полиэтиленоксид-400 (ПЭО-400), силикондар қолданылады. Қазіргі 
кезде ерітінділер технологиясында күрделі еріткіштер: глицерин-этанол, глицерин-димексид, 
глицерин-су және т.б. қолдану тенденциясы байқалады. Күрделі ерітінділерді қолдану дәрілік 
түрде ерігіштігі әртүрлі дәрілік заттарды біріктіруге, сонымен бірге, бейсу еріткіштерді бір 
мезетте емдік әсер көрсетуге және қосымша зат ретінде қолдануға мүмкіндік береді. 
Технологиясының ерекшеліктері:
- ерітіндіні тікелей босататын құтыға дайындайды; 
- құты құрғақ болуы керек, себебі су спиртті сұйылтып, басқа еріткішпен араласпайтын дәрілік 
заттардың ерігіштік қасиетін төмендетеді;
- құтыға алдымен еритін затты, содан соң еріткішті салады. 
Себебі мойны ылғалданған құтыға затты салу қиын, көп мөлшердегі, көлемді дәрілік заттарды 
(ұнтақтарды) құтыға воронка арқылы салады; - сусыз ерітінділерді қажет болған жағдайда ғана 
құрғақ мақта тампоны арқылы воронканы шынымен жауып сүзеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет