Барлық дәрілік түрлер секілді суспензиялардың да артықшылықтары мен
кемшіліктері бар.
Артықшылықтары
: суспензия түрінде еріткіштерде
ерімейтін дәрілік
заттарды босатуға болады, әсер ету белсенділігі бойынша суспензиялар
ерітінділер мен майда ұнтақтар арасынан орын алады. Ұнтақтармен
салыстырғанда суспензиялардағы бөлшектердің жоғары дисперстілігінен
дәрілік заттар тез терапевтік әсер көрсетеді. Суда
ерітілген дәрілік
заттардың сулы ерітінділері ағзадан тез шығарылады, ал суспензиялар
ұзақ әсер етеді.
Кемшіліктері
: технологиясы қиын, тұрақсыз, сақтау мерзімі қысқа дәл
дозаланбайды.
Сондықтан суспензия түрінде улы және күшті әсер ететін дәрілік заттарды
босату мүмкіндігі жоқ.
Құрамына және дайындау тәсіліне байланысты суспензиялар: Ірі
суспензиялар (бөлшектерінің өлшемдері 1-100 мкм аралығында), майда
суспензиялар (бөлшектерінің өлшемдері 0,1-1 мкм аралығында)
болып
бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: