1. Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалаудын негізгі багыттары. Нормативті кужаттар. Рецепт, аныктамасы, манызы, курылымы. Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалау



Pdf көрінісі
бет25/39
Дата30.12.2023
өлшемі1,62 Mb.
#145127
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39
Байланысты:
ОФТ 90

Гидрофильдi
заттар-
Бұл заттар суда ерімейді, бірақ сумен жеңіл 
шыланады. Сондықтан осы препараттармен суспензия дайындау кезінде 
тұрақтандырғыштар қолданылмайды. 
Технологиясы
: Алдымен крахмал шырышы дайындалады. Термиялық 
тұрақты колбаға 90 мл су алып, қайнағанша қыздырады. Қайнаған суға 
крахмалдың суық сумен қоспасын енгізіп, 1-2 минут бойы қайнатады. 
Дайын ерітіндіні 2 қабат дәке арқылы босататын құтыға сүзеді, 
тарирлейді, салмағын 100,0 г дейін сумен жеткізеді. 
Келіге 5,0 г ақ балшықты салып, 2,5 г крахмал шырышымен (Дерягин 
ережесіне сәйкес) ысқылайды, содан соң бөлшектеп шырыштың қалған 
мөлшерін қосады. Дайын суспензияны босататын тарирленген құтыға 
құйып, салмағын 105,0 г дейін сумен жеткізеді. Тығындап, босатуға 
безендіреді. Негізгі этикетка «Ішуге», ескерту этикеткасы «Қолданар 
алдында шайқа» (ҚР ДСӘД министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі No 227 
«Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және 
медициналық техниканы таңбалау қағидаларын бекіту» бұйрығы 
талаптарына сәйкес). 
Гидрофобты заттар 
- беті сумен қиын шыланатын заттар. Олар: 
гидрофобты қасиеттері айқын байқалатын және айқын байқалмайтын 
болып екі топқа бөлінеді. 
Гидрофобты заттармен суспензиялар дайындаған кезде 
тұрақтандырғыштар қосады - желатоза (Gelatosae), өрік шайыры (Gummі 
armenіacae), аравия шайыры (Gummі arabіca). 
Технологиясы
: Қосымша ыдысқа 150 мл тазартылған суды өлшеп алып, 
натрий гидрокарбонатының 1,5 г ерітеді, сүзеді. Келіде 3,0 г 
терпингидратты ысқылап, оған 1,5 г желатозаны қосады. Содан соң 2,25 


мл (3+1,5=4,5:2=2,25 мл Дерягин Ережесіне сай) натрий гидрокарбонаты 
ерітіндісін қосып, келсаппен пульпа түзілгенше ысқылайды. Оған 30-45 мл 
натрий гидрокарбонаты ерітіндісін қосып, араластырып, 1-2 минут бойы 
тыныштықта қалдырады. Бетіндегі майда дисперсті ерітіндіні босататын 
құтыға құяды. Келідегі тұнбамен осы операцияны бірнеше рет қайталап
ерітіндінің соңғы бөлігімен келіні шаяды. Құтыны тығындап, босатуға 
безендіреді: негізгі этикетка «Ішуге», ескерту этикеткасы «Қолданар 
алдында шайқа» (ҚР ДСӘД министрінің 16.04.2015 ж. No 227 бұйрығына 
сәйкес). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет