Дәрілік затты анықтау. Қозу сатысы қысқа терең наркоз шақырады. Қан қысымын төмендетеді, брадикардия тудырады, миокардтың адреналинге сезімталдығын жоғарылатады. Жоғарғы тыныс жолдарын тітіркендірмейді. Наркоздық әсер кеңдігі үлкен. Өрттік қауіптілігі жоқ.
Дәрілік заттардың тобын анықтаңыз: ауыру сезімін басатын әсері бар, қызуды басатын, қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы қасиеттері бар. Буынның және бұлшық еттің неврологиялық ауыруларында қолданылады. Жарақаттық ауыру сезімінде әсері жоқ.