Қабылдаған : Кудеринова М. К қарағанды 2023



Дата02.12.2023
өлшемі41,78 Kb.
#131856
Байланысты:
Маханбет сымбат эссе фарма


Қарағанды медицина университеті
Фармакология кафедрасы


Эссе
Муколитиктер және қақырық түсіретін дәрілік заттар. Жөтелге қарсы дәрілік заттар
Орындаған : Маханбет Сымбат
Топ : 3-003 педиатрия
Қабылдаған : Кудеринова М.К


Қарағанды 2023

Жөтел – шектен тыс бронхиальды шырыш пен қақырықты жою арқылы трахеобронхиальды жүйе өткізгіштігін қалпына келтіруге бағытталған қорғаныс рефлексі. Жөтел рефлексі – сопақша мидағы жөтел орталығының қозуынан пайда болатын үрдіс. Жөтелге қарсы қолданылатын заттарды екіге бөлеміз : орталыққа әсер ететін және шетке әсер ететін заттар. Орталыққа әсер ететін заттарға екі топ жатады : опиоидты наркотикалық препараттар (кодеин, этилморфин гидрохлориді) және опиоидты емес наркотикалық емес препараттар ( глауцин гтдрохлориді, тусупрекс) . шетке әсер ететін препараттарға либексин жатады.


Орталыққа әсер ететін заттардың фармакологиялық әсері жөтел орталығын тежей отырып, жөтел ұстамаларын басады. Қақырықты сұйылтуға және мөлшерін ұлғайтуға арналған препараттармен қолдануға болмайды. Бронхөкпелік ауруларда полиэтиологиялы құрғақ жөтелдің симптоматикалық емінде қолданылады. Жанама әсерлеріне келетін болсақ : аллергия, терідегі бөртпелер, есекжем, жүрек айну, құсу, бас ауру, ұйқышылдық жатады. Ұзақ уақыт қолданғанда тәуелділік шақырады.
Кодеин – ол апиынның алкалоиды, фенантрен қатарына жатады. Ол опиоидты рецепторлардың агонистеріне жатады. Жөтелге қарсы белсенділігі жоғары. Сондай – ақ ауру сезімін басатын әсері бар. Емдік дозада кодеин тыныс алу орталығын тежеммейді. Осы препаратты ұзақ уақыт қолданғанда іш қату сияқты жанама әсерлер көрінеді. Егер ұзақ уақыт қолданатын болса, дәріге тәуелділік тудырады. Препарат реьінде кодеин және кодеин фосфаты шығарылады. Сонымен қатар кодеин жұптастырылған препарттар құрамына кіреді: Бехтеров микстурасы және Кодтерпин таблеткасы және т.б.
Коделак – ересектер мен 3 жастан аасқан балалардағы құрғақ жөтелді емдеуге арналған орталыққа әсер ететін препарат. Құрғақ жөтелді емдеу кезінде коделак мида орналасқан жөтел орталығына селективті әсер етеді. Құрғақ жөтел кезінде жөтел импульстарының жиілігін, күшін азайтуға көмектеседі. Құрамында тәуелділік тудыратын компоненттер жоқ. 3-6 жастағы балалардағы құрғақ жөтелді емдеу үшін 100мл қолданылады, 6 жастан асқан балалар мен ересектерге 200мл тағайындалады.
Сондай ақ жөтелге қарсы декстрометорфанның комбинирленген препараттары да қолданылады. Бұл препараттар жөтелде, тыныс алу мүшелерінің жедел және созылмалы ауруларында қолданылады. Жанама әсерлері : бас айналу, бөртпелер, есекжем, жүрек айну, құсу,ұйқышылдық және т.б.
Гликодин – жөтелге қарсы және қақырық түсіретін әсері бар препарат, құрамындағы негізгі белсенді ингредиент – декстрометорфан. Жөтелге қарсы және муколитикалық әсер етеді. Жөтел орталығының қозғыштығын тежей отырып әсер етеді. Әсері енгізгеннен кейін 20-30 минуттан соң басталады. Әсер ету ұзақтығы ересектерде 5-6 сағат, ал балаларда 6-9 сағатты құрайды.
Туссин плюс – сироп, жөтелге қарсы және қақырық түсіретін әсері бар. Құрамында гвайфенезин және декстрометорфан гидробромиді бар. Гвайфенезин бронх шырышыының сұйық компоненттерінің секрециясын жоғарылаты, қышқыл мукополисахаридтердің деполимеризациясы және кірпікшелі эпителийдің белсенділігін арттыру арқылы қақырық түсіретін әсерге ие. Декстрометорфан тыныс алу жолдарындағы афферентті импульстерді басады, жөтелдің қарқындылығын төмендетеді. Әсер ету ұзақтығы 5-6 сағатты құрайды.
Бұл топқа сонымен қатар этилморфин гидрохлориді жатады. Ол морфиннен синтетикалық жолмен алынады. Опиоидты рецепторлардың агонистері болып табылады. Этилморфин гидрохлоридінің жөтел орталығына әсері кодеинге ұқсас бірақ біршама белсенділеу. Опиодты анальгетиктердің жөтелге қаосы әсері күшті. Бірақ олар тыныс алу орталығының тежелуін шақырады. Бұл препараттар дәріге тәуелділік дамуы жағынан қауіпті болып келеді.
Жөтелге қарсы опиоиды емес препараттар жөтел орталығын таңдамалы тежейді және дәріге туелділік шақырмайды. Оларға : глауцин гидрохлориді , окселадин цитраты жатады. Глауцин өсімдік тектес алкалоид болып табылады, тусупрекс синтетикалы жолмен алынады. Глауциннің жанама әсеріне бастың айналуы, лоқсу жатады.орталыққа әсер ететін опиоидты емес препараттардың наркотикалық препараттардан айырмашылығы : дәріге тәуелділік шақырмайды және ас қорыту жүйесіне әсер етпейді және тынысты тежемейді. Мына препараттар жатады :
Окселадин – орталыққа әсер ететін жөтелге қарсы препарат. Жөтел орталығына селективті әсер етеді. Терапевтік дозада ол тыныс алу орталығын тежемейді және тыныс алуды қалыпқа келтіруге көмектеседі. Ересектер үшін орташа емдік доза тәулігіне 3-4 рет 20мг. Балалар үшін доза баланың жасына байланысты анықталады.
Бутамират – орталыққа әсер ететін препарат. Бутамират апиын алкалоидтарына жатпайды. Тәуелділік шақырмайды. Жөтел орталығына тікелей әсер ету арқылы жөтелді басады. Орташа бронходилитатор әсері бар. Тыныс алуды жеңілдетуге көмектеседі, өанның оттегімен қанықтыруын жақсартады. Ішке қабылдағаннан кейін бутамират толық және тез сіңеді.
Стоптуссин – қақырық түсіретін және жөтелге қарсы әсері бар. Препараттың белсенді тнгредиенттері қақырықтың тұтқырлығын және оның жақсы ағуына ыөпал ететін гвайфенезин және бутамират. Гвайфенезин парацетамол мен ацетисалицил қышқылының ауруды басатын әсерін, седативтердің, ұйықтататын және жалпы анестетиктердің орталық жүйке жүйесіне әсерін және миорелаксанттардың әсерін күшейтеді. Ересектер мен 12 жастан асқан балалар үшін препарат пациенттің дене салмағына байланысты дозаланады. Дозалар арасындағы аралық 4-6 сағ болу керек.
Жөтелге қарсы шеткі әсерлі заттарға либексин жатады. Оның әсер ету механизмі жоғары тыныс алу жолдарның шырышыт қабатына анестезиялаушы әсерімен және бронхолитикалық қасиетімен байланысты. Ол ОЖЖ әсер етпейді, дәріге тәуелділік тудырмайды. Либексиннің ерекшелігі жергілікті анестезиялаушы қасиеті бар. Бронхтың шырышты қабатының құрғауында, бронхиальды бездердің секрециясы тұтқыр және қою болғанда жөтелді бронх шырышты қабатының секрециясын көбейту және де секретті сұйылту арқылы азайтуға болады. Осы мақсатта қақырық түсіретін заттар, оның ішінде сілтілі ерітінділер мен аэрозольді ингаляция қолданылады.

Қақырық түсіретін заттар бронхиальді бездермен өндірілетін шырышытң бөлінуін жеңілдету үшін тағайындалады. Қақырық түсіретін заттардың 2 түрі бар : рефлекторлы әсер ететін және тікелей әсер ететін . Рефлекторлы әсер ететін препараттарға – ипекакуана препараттары және термопсис шөбінің препараттары жатады. Олардың құрамындағы алкалоидтар ішке енгізгенде асқазан рецепторларының тітіркенуін шақыады. Осы кезде бронхиальды бездердің секрециясы рефлекторлы түрде артады, кірпікшелі эпителийдің белсенділігі жоғарылайды, бронх бұлшықеттерінң жиырылуы күшейеді. Қақырық біршама көбейеді, тұтқырлығы азаяды және оның жөтелмен бөлінуі жеңілдейді. Бқл преапараттар жоғары дозада рефлекторлы түрде құсу шақырады. Тікелей әсер ететін қақырық түсіретін заттарға секретті сұйылтатын муколитикалық затттар жатады.


Бұл топқа пртеолитикалық ферменттердің препараттары да кристалдық трипсин, кристалдық химотрипсин, дезоксирибонуклеаза ДНҚаза жатады. Рикомбинантты α – ДНҚаза препараты пульмозим деген атпен шығарылады. Муколитик ретінде муковисцидозда қолданылады. Ингаляциялық жолмен енгізеді. Бронхтың шырышты қабатының бездеріне тікелей әсер көрсететін және олардың секрециясын күшейтетін препараттар да қолданылады, мысалы калий йодиді.
Ацетилцистеин ( бронхолизин, мукосольвин ) белсенді муколитикалық зат. Әсері молекуласында протеогликандардың дисульфидті байланыстарын үзіп, қақырықтың деполиризациясын шақыратын және тұтқырлығын төмендететін бос сульфгидрильді топтың болуына байланысты. Қақырықтың сұйылуы және көлемінің көбеюі оның бөлінуін жеңілдетеді. Ацетилцистеинді ингаляциялық жолмен, кейде парентералды қолданады. Ішке енгізуге арналған әсері ұзартылған препараттар да алынған ( АЦЦ -100, АЦЦ – 200, АЦЦ - лонг). Ацетилцистеин ішектен толық сіңіріледі, бірақ оның биожеткіліктігі төмен ,себебі препараттың үлкен бөлігі бауырдан біріншілік өткенде метаболизмге ұшырайды. Құрылысы және әсері бойынша ұқсас препарат карбоцистеин болып табылады.
Қақырық түсіретін заттарға жатады: Амброгексал ,Амбросан (амброксол), Доктор Тайсс ,АЦЦ (ацетилцистеин) ,Бромгексин-Ферейн (бромгексин), Бронкатар (карбоцистеин), Доктор МОМ Лазолван, Мукодин ,Протиазин Экспекторант (гвайфенезин+ипекакуаны экстракт+прометазин), Синупрет ,Терпинкод (кодеин+натрия гидрокарбонат+терпингидрат), Туссамаг (тимьяна экстракт), Туссин (гвайфенезин), Халиксол (амброксол), Эвкабал бальзам С, Эвкабал-сироп от кашля Эвкалипт Доктор Тайсс және т. б. жатады. Олар мукалоидтты, қақырық түсіретін, жөтелге қарсы заттар болып табылады.
Амброксолжәнебромгексин: Тиімді муколитикалық және қақырық түсіретін заттарға химиялық құрылыстары ұқсас амброксол ( амбробене ) және бромгексин жатады. Препараттардың муколитикалық әсері қақырықтың сұйылуына әкелетін, оның мукопротеиндері мен мукополисахаридтерінің деполимеризациясына байланысты. Екі препараттың фармакотерапиялық әсері альвеолярлық жасушаларда түзілетін, эндогенді беткейлік белсенді зат ( сурфактанттың ) өндірілуінің ынталануына байланысты деп те есептейді. Бұл кезде бронхиалды бездердің секрециясы қалыпқа келеді, қақырықтың реологиялық қасиеті жақсарады, оның тұтқырлығы азаяды, бронхтардан қақырықтың бөлінуі жеңілдейді. Әсері 30 минуттан кейін басталады және 10 – 12 сағ. сақталады. Препараттарды ішке енгізеді. Жанама әсерлерінен кейде лоқсу, құсу, аллергиялық реакциялар байқаладыНатрий гидрокарбонаты да қақырықты сұйылтады, бронхиальды секрецияны біршама жоғарлатуы да мүмкін. Калий йодиді мен натрий гидрокарбонатын ішке және ингаляциялық жолмен ( аэрозоль түрінде ), ал кристалдық трипсин, кристалдық химотрипсин ерітінділерін, ДНҚаза – ны ингаляциялық жолмен ( аэрозоль түрінде ) тағайындайды.
Балаларда қолданылу көрсеткіш тері:

  • Тыныс алу жолдарының жоғарғы бөлігінің аурулары;

  • 3 жастан асқан балалардың төменгі тыныс жолдарының инфекциялық, қабынулық аурулары кезінде;

  • Бронхоспазммен бірге жөтел болғанда ( бронхолитиктермен және қабынуға қарсы препараттармен сәйкес).

Балаларда қолдануға болмайтын жағдайлар:

  • Продуктивті жөтел;

  • Баланың ерте кезеңінде;

  • Аспирацияның даму қаупі төнгенде;

  • Кез келген этиологиялы бронхорея;

  • Өкпе ісігінде.

Педиатрияда қақырық түсіретін препараттар белгілі шектеумен қолданылады. Мысалы, ипекуан және термопсис препараттары бронхиалды секреттің көлемінің жоғарлауына алып келеді, ол деген құсуүрдісін күшейтеді. Кішкентай балаларда және ОЖЖ зақымдалған балаларда қақырық түсіретін заттарды қолдануға болмайды, себебі бұл заттар секрет мөлшерін көбейтеді және құсу рефлексін күшейтеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет