Науқас К.М. басының үнемі ауыруына, құлақта шу пайда болуына, көрудің нашарлауына, диспепсиялық бұзылыстарға, теріде бөртпелер, геморрагия пайда болғанына шағымданды. Айтылған шағымдар ревматизмдік артритті емдеу үшін ұзақ уақыт наркотикалық емес анальгетикті қабылдаған соң дамыған. Науқас қандай препарат қабылдады? (1):
1. +ацетилсалицил қышқылын
2. парацетомолды
3. анальгинді
4. бутадионды
5. кеторолакты
Тест №379
Морфинді қабылдауды кенеттен тоқтатқанда нашақорда көзден жас ағу, мұрыннан су ағу, тершеңдік, есінеу, қолдың дірілі, қалтырау, лоқсу, құсу, үрей, мазасыздық, агрессия, ашуланшақтық, қолайсыз түстер көру байқалды. Аталған құбылыс қалай аталады? (1):
1. +абстиненция
2. обстипация
3. тахифилаксия
4. сенсиблизация
5. әсерін күшейту (потенцирлеу)
Тест №380
Созылмалы маскүнемдікпен ауыратын науқаста 5-күн қатарынан ішімдік ішкен соң қорқынышты түстер көру, үрей, мазасыздық пайда болды. Науқас уақыттың қанша болғанын, өзінің қайда екенін ажырата алмайды, өзін орманда жүрмін деп есептеп, алып шыбындар, шегірткелердің шабуылынан қашып, оларды жоюға тырысады. Науқасқа көмек көрсету үшін қандай топтың препараттарын қолдануға болады? (1):