Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі.
Көп кешікпей-ақ қазақтар қарсы шабуылдар ұйымдастырып, жоңғарларға күшті соққы берді. Қазақ жасақтары Еділ қалмақтарына қарсы да сәтті ұрыстар жүргізді. 1726 ж Ордабасы деген жерде Үш жүздің басшыары, билері жиын өткізіп, онда қазақ жасақтарының қолбасшысы болып, Әбілхайыр хан және Бөгенбай батыр сайланды.
1727 жылы Бұланты өзенігің жағасында «Қара сиыр» (Қалмақ қырылған) деген жерде (Кіші жүз жасақтары, Тайлақ батыр, Саңырық батыр) қалмақтарды жеңді.
1729 ж Балқаш көлі маңында Бөгенбай, Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Жінібек, Малайсары сияқты батырлар басқарған қазақ қолы жоңғар әскерлерін екінші рет жеңді. Бұл жер «Аңырақай» деп аталып кетті.
Осы тұста қазақ халқының тағдырында ірі оқиғалар болып жатты. Тәуке ханның баласы Болат (Орта жүз) хан қайтыс болып, Үлкен Орданың басына хан болуға үш хан таласты. Орта жүздің ханы Сәмеке (Болат ханның інісі), Кіші жүздің ханы Әбілхайыр, Болттың ұлы Әбілмәмбет араларында дау туды. Аға хан олып Әбілмәмбет сайланды. Бұл оқиғадан кейін Әбілхайыр мен Сәмеке әскерлерін алып, бөлініп кетеді.
Жоңғарлар жойқын жеңілістерінен кейін де қазақ жерлеріне шабуылдарын тоқтатпайды. 1734 ж олар Қазақ хандығына таңы шабуылдайды. Ұлы жұздің ханы Жолбарыс жаудан қорғану мақсатында Ресейдің қол астына өту мәселесі орын алады. Кейін Орта жүз ханы Сәмеке де Ресейдің қол астына өтуге тілек білдірді. Орта жүз және Ұлы жүз қазақтарының жоңғарларға тойтарыс беруі қиынға соқты. Ұлы жұздің ханы Жолбарыс, Орта жүз ханы Сәмеке қайтыс болған соң елдегі қиын жағдайды пайдаланған жоңғарлар Орта жүзге шауыл жасады (179-1740).
1745 жылы Қалдан Серен қайтыс болғаннан кейінгі Жоңғариядағы билік үшін өзара тартыс олардың саяси жағдайын әлсіретіп жіберді. Осыны пайдаланған Абылай хан басқарған қазақ әскерлері жоңғарларға шешуші соққылар беріп, Жетісу мен Шығыс Қазақстанды қайтарып алды. 1750 ж Абылай, Қабанбай, Бөгенбай балтаған қазақтар Аякөз өзені бойында жоңғарларды жеңді.
1755 – 58 жылы жоңғарлар Цин әскерлерінің шабуылынан кейін тас-талқан етіліп, дербес ел ретінде өмір сүруін тоқтатты. Жоңғар хандығы жойылғаннан кейін 1757 – 58 жылы Қазақ хандығы өзінің жаңа көршісі Цин империясы әскерлерімен соғыс жағдайында болып, кейіннен бітімге келді. Қытайлар Жоңғарияны толық жаулап алды, ал қазақтар өздерінің ежелгі ата мекені Жетісу, Тарбағатай, Алтай өңірлерін иеленіп, шығыстағы шекарасын бекітті. Кейіннен 1771 жылы батыста бөлініп қалған қалмақтар да Еділ – Жайық арасындағы қоныстарын тастап, қазақ жері арқылы Жоңғарияға ауды (қ. Шаңды жорық). Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте Сәмеке, Жолбарыс, Болат, Әбілмәмбет, Әбілқайыр сынды хандар қазақ халқының рухын көтеріп, болашаққа деген сенімін оятқан, әскери біліктілігімен танылған тарихи тұлғалар ретінде ел жадында қалды. Көрнекті мемлекет қайраткері, есімі жауынгерлік ұранға айналған, даңқты қолбасшы, дарынды дипломат Абылай хан бастаған еркіндік пен ерлік рухы биік, соғыс даласында тегеуріні мықты Қабанбай, Бөгембай, Баян, Наурызбай, Саурық, Бөлек, Малайсары, Шоқантай, Жауғаш, Сәмен, Өтеген, Райымбек, Қарасай, т.б. батырлардың өшпес ерлігі тәуелсіздікті аңсаған қазақ халқының тұтастығын, бірлігін сақтап қала алатындығын дәлелдеді
Алайда жоңғарларды басып алған Цин империясының қаупі төнді. Абылай Қытаймен қатынасты реттеу мақсатында сауда, экономикалық байланыс орнатуға тырысты. Ол Ресей, жоңғарлардың, Қытайдың қаупінен қорғап қалуға үлкен еңбек сіңірді. 1771 жылы Әбілмәмбет хан қайтыс болған соң Түркістанда хан, сұлтандар бас қосып, Абылайды Орта жүздің ханы етіп сайлайды. Бірақ оны үш жүздің ханы ретінде мойындады. 1781 жылы Абылай хан қайтыс болып, орнына оның ұлы Уәли сайланды. Абылай хан үш жүздің басын біріктіріп, жоңғар басқыншыларын қазақ жерінен қуып, қазақ халқының тәуелсіздігін сақтап қалуда ұлкен еңбек сіңірді. Атақты мемлекет қайраткері, дипломат ретінде тарихта қалды.
26-сурак
Достарыңызбен бөлісу: |