XVII ғ. және XVIIIғ. басындағы Қазақ хандығы
XVI ғ. Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Есім ханның Сырдария бойындағы қалалар үшін күресі. Қазақ және Бұхар хандықтары арасындағы қарым-қатынастар. Жоңғар хандығының пайда болуы, алғашқы қазақ-жоңғар қатынастары. XVII ғ. екінші жартысындағы қазақ-жонғар қатынастарының сипаттамасы. Қазақ қоғамында батырлар мен билер ықпалының өсуі. Жәнібек хан. Орбұлақ шайқасы. Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы.
«Белгісіз жылдар» кезеңі.1652-1680 жж. Сайрам соғысы.
Тәуке ханның билікке келуі, оның саясаты. Қазақ-жоңғар қатынасында шиеленістің күшеюі. Тәуке ханның «Жеті жарғысы». Билер институты. Қазақ мемлекетінің сыртқы саясаты мен дипломатиясы: Мавераннахрмен (шейбанидтер, аштарханидтер), Иранмен байланыс, Осман империясымен байланыс орнату әрекеттері, қазақ-орыс байланыстары.
24-сурак
Қазақстанның XIV ғасыр – XVIII ғғ. бас кезі аралығындағы мәдениеті
Қазақтардың дәстүрлі көшпелілер мәдениеті. Көшпелі шаруашылық түрлері, олардың ерекшеліктері. Еңбек құралдары. Қарулар. Қолөнер және үй кәсіпшілігі. Сауда және сауда жолдары.
Қазақ халқының рухани мәдениеті. Орталық Азия сунниттік-ханафи мектебі шеңберінде қазақ-мұсылман діни дәстүрін қалыптастыруды аяқтау. Қазақтар арасындағы Құран мен Сүннеттің беделі. Ежелгі тәңірлік жәдігерлері, Наурызды сақтау және оның көшпелі өмір салтына бейімделуі. Қазақ хандығының рухани өмірі мен идеологиясындағы Ахмет Ясауи кесенесі мен қасиетті Түркістан қаласының рөлі.
Поэзия мен шешендікке табыну, қазақтардың ауызша-вербальды мұрасы.
Қазақстанның қалалық мәдениеті. Қала мен даланың өзара байланысы. Қазақстанның түрлі аймақтарындағы қалалардың құрылымы. XVIIғ. – XVIIIғ. басында мәдениеттің кері кетуі.
Тарихты ауызша айту, оның ерекшеліктері мен маңызы. Жазбаша тарихнама, Мұхаммед Хайдар Дулатидың, Қадырғали Қасымұлы Жалайыридің аса көрнекті еңбектерінің маңызы.
25-сурак
Алтайдан Атырауға дейінгі байтақ даланы алып жатқан қазақ халқы үшін XVIII ғасыр өте ауыр жылдар болды. XVII ғасырдың соңы — XVIII ғасырда қазақ қоғамының одан әрі бірігу, тұтастану үдерісі орын алды. Осы кезеңде ел билеген Тәуке хан ел ішінде тыныштық орната білді. Сондықтан Тәуке хан билік құрған кезең халық ішінде «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» деген атпен есте қалды. Өзінен бұрынғы атақты хандардың заңдарын («Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы») өзі өмір сүрген заманға сәйкестендіріп, «Жеті жарғы» деп аталатын заңдар жинағын жарыққа шығарды. Тәуке тұсында ел бірлігін нығайтып, ішкі мәселелерді шешу үшін тұрақты түрде Үш жүздің мәслихаты шақырылып тұрды.
Алайда Тәуке хан қоғамдағы ішкі алауыздықты толық жоя алмады. Оның көзі тірісінде-ақ кейбір қазақ сұлтандары алауыздық танытып, жеке билікке ұмтыла бастады. Тәуке хан қайтыс болған кезеңде қазақ хандарының ішінде жолы үлкен саналатын Қайып хан Ұлы хан болудан үмітті болды. Бірақ ол 1718 жылы саяси бақталастарының қолынан қаза тапты. Орта жүзде Тәукенің ұлы Болат хан болса, Кіші жүзде Әбілқайырдың билігі нығая бастады. Орта жүз бен Кіші жүз руларын басқарған басқа да сұлтандардың ықпалы артып, олардың дербестікке ұмтылуы күшейе берді. Осылайша қазақ тарихындағы аса ауыр кезең -«Ақтабан шұбырынды» жылдары қарсаңында Қазақ хандығының ішкі саяси алауыздығы күшейе түскен еді.
XVIII ғасырда XVIII ғасырдың басында сыртқы қауіп күшейе түсті. Оңтүстік-батыстан орыс-казак әскерлеріне сүйенген Еділ қалмақтары, башқұрттар Кіші жүздің халқына тынымсыз шабуыл жасады. Солтүстіктен Сібір казактары, оңтүстіктен Орта Азия хандықтары (Бұқара, Хиуа), шығыстан жоңғарлар оңтайлы сәтті күтіп, шабуыл жасауға дайын тұрды.Осылардың ішіндегі ең қауіптісі жоңғарлар болды.
Жоңғар хандығы. Қазақ хандығының тәуелсіздігіне мейлінше қауіп төндірген басты жауы — Жоңғария әскери-көшпелі мемлекеті еді. Тарихта қазақ және жоңғар халықтары арасындағы 100 жылдан астам уақытқа созылған қазақ-жоңғар соғысы орын алған. Қазақтар мен ойраттар (жоңғарлар) арасында жайылымдық жерлер үшін соғыстар XV ғ өзінде ақ басталған болатын. 1635 жылы Жоңғар хандығы құрылып, кейін білік басына Цеван Рабтан келгенде қазақ жоңғар қатынастары қатты шиеленісіп, қарулы қақтығыстар басталды.
Жоңғарларды Оңтүстік Қазақстандағы сауда, қолөнер орталықтары, Ресеймен, Шығыс елдерімен байланыстыратын керуен жолдары қатты қызықтырды. Оларды иелену жолында Қазақ және Жоңғар хандықтары арасындағы күрес жылдан-жылға өрши түсті.
Жоңғарияның қазақ жеріне шапқыншылығы. Жоңғар билеушілері қазақ даласына үздіксіз жортуылдар ұйымдастырып, адамдарын тұтқындап, малдарын айдап кетіп отырды. Осы түста Еділ бойындағы қалмақтар да қарап жатпай, Жайық казактарымен және башқұрттармен бірге қазақ даласына оқтын-оқтын шабуылдар жасаумен болды.
XVIIІ ғасырдың басынан бастап (1723 ж) жоңғарлар Жетісудағы Шу және Талас өзендерінің маңындағы, Ұлытау жерлеріндегі қазақ жерлерін басып алды. Басты ауыртпалық Ұлы жүздің халқына түсті. Кейін Орта жүз бен Кіші жүздің жеріне жетті. Ұлы жүз бен орта жүздің халықтары Самарқанд пен Ходжентке, Кіші жүз қазақтары Хиуа мен Бұхараға ағылды. Босқындардың көп бөлігі Алакөл маңын паналады. Осының нәтидесінде жоңғар шапқыншылығы демографиялық жағдай мен көші-қон процестерін туындатты. Бұл кезең қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталады. Осы кезде шыққан қазақтың қайғылы әні «Елім-ай».
Достарыңызбен бөлісу: |