1 дәріс Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы



бет1/15
Дата25.05.2023
өлшемі122,62 Kb.
#97599
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
билет ж


1 сурак
1 дәріс Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы.
1.Тарихи үдерісті кезеңдерге бөлу. Тас дәуіріндегі Қазақстан аумағының ландшафтық-климаттық өзгеріске ұшырауы.Антропогенез туралы жаңа мәліметтер.
2.Адамның шығу тегі териясы және адамзаттың алғаш пайда болған жері мәселесі. Қазақстан аумағы – homo sapіensтің қалыптасу ошақтарының бірі. Глоттогенез түсінігі. Культурогенез ырғағы тұжырымдамасы.
3. Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштер. Ежелгі адамның шаруашылығы мен тұрмысы.
Қазақстан жеріндегі тас дәуірі. Ежелгі Қазақстан дәуірінің шаруашылығы, әлеуметтік ұйымы.
Тас дәуірінің хронологиясы. Адамзат тарихының бастапқы кезеңі тас дәуірі деп аталады. Оның бұлай аталу себебі алғашқы адамдар темір немесе басқа да металл түрлерін өндіруді әлі де меңгерген жоқ еді, олардың негізгі қарулары мен еңбек құралдарының барлығы дерлік тастан жасалды.
Тас дәуірі өз ішінен палеолит (ежелгі тас дәуірі), мезолит (орта тас дәуірі) және неолит (жаңа тас дәуірі) болып негізгі үш кезеңге бөлінеді. Неолит кезеңінен кейін келетін энеолит (мысты-тас дәуірі) кезеңі – тас дәуірі мен қола дәуірінің арасын жалғастырушы кезең болып табылады. Біз бүгінгі сабағымызда палеолит дәуіріне тоқталамыз.
Палеолит дәуірі адамзат тарихының өте орасан зор уақыт кеңістігін – осыдан 2,6 млн. – 12 мың жыл бұрынғы уақыт аралығын қамтиды. Палеолит дәуірінің өзі ерте (төменгі) және кейінгі (жоғарғы) палеолит болып екіге бөлінеді. Ерте палеолит осыдан 2,6 млн. – 35-40 мың жылдар аралығын қамтиды. Ерте палеолиттің өзі үш кезеңге бөлінеді:
1. Олдувай (Дошель) кезеңі – 2,5-2,6 млн. – 700 мың жыл аралығы;
2. Ашель кезеңі – 700 мың – 150-140 мың жыл аралығы;
3. Мустье кезеңі – 140 мың – 40-35 мың жыл аралығы.
Кейінгі палеолит – 40-35 мың жыл – 12 мың жыл аралығын қамтиды.
Тас дәуірін археология ғылымы зерттейді. Сол дәуірде өмір сүрген ежелгі адамдардың өмірі мен тұрмысын зерттеуде де археология ғылымына сүйенеміз.
Палеолиттен кейінгі келесі тарихи кезең – мезолит дәуірі б.з.б. 12–5 мыңжылдықтар аралығын алып жатыр. Дегенмен, Қазақстан аумағында мезолит ескерткіштері аз зерттелген. Алғашқы мезолит тұрақтары Қостанай маңы мен Торғай далаларынан табылса, қазіргі күнде бұл дәуір жәдігерлері Солтүстік, Палеолиттен мезолитке көшу климаттағы өзгерістермен де байланысты болды. Бірінші кезекте бұл мұздықтардың еруімен байланысты еді. Табиғаттағы болған өзгерістер нәтижесінде флора мен фауна да өзгерді. Мамонт тәрізді жануарлар түрлері жойылып, нәтижесінде аң аулау тәсілдерін де өзгерту қажеттілігі туды, тамақ табудың бұрынғы әдістері жарамсыз болып қалды. Тіршілік етудің жаңа әдістерін іздестіру қажеттілігі туындады. Нәтижесінде бір аймақтарда егіншілік пен мал шаруашылығы элементтері пайда болса, басқа өңірлерде балық аулау мен аңшылық кәсіптері қалыптасты. Мезолит дәуірінің ең үлкен жаңалығы – осы кезеңде садақ пен жебе ойлап табылды. Бұл аң аулау кәсібін барынша дамытты. Дегенмен, аңды қаумалап аулау тәсілі де кеңінен қолданылды.Оңтүстік, Орталық және Батыс Қазақстаннан табылған
. Неолит дәуірі – б.з.б. 6 – 3 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Бұл кезең тас құралдарының барынша көп қолданылған кезеңі болды, олардың түрлері молайып, сапалары да жақсарды. Еңбек құралдарын өндіру жетіле түсті. Жебе мен найза ұштары, балталар, пышақтар жасау жетілді. Тас балталар, кетпендер, дән үккіштер, келі мен келсаптар жасала бастады. Нефрит, яшма сияқты тастардан әшекейлер де жасалды. Неолит дәуірінің ең маңызды жаңалығы – мал шаруашылығы мен егіншілік пайда болды. Бұл дәуірдегі адамдар енді табиғаттың дайын өнімдерін пайдалана бермей, оларды өздері де өндіре бастады. Бұрын хайуанаттарды тек аулап келсе, енді оларды қолға үйретті. Бұл тағам қорларын жинақтауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, адамдар көктемде жерге түскен дәнді дақылдан жаңа дәндер өсіп шығатынын байқады. Енді олар қажетті дақылдарды еңбек құралдарымен қопсытылған жерлерге себе бастады. Бұлардың бәрі иемденуші шаруашылықтан өндіруші шаруашылыққа көшу болып табылды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет