1-ДӘріс. Академиялық жазылым, оның ерекшелігі жоспары



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата01.03.2023
өлшемі172,37 Kb.
#70899
1   2   3
Байланысты:
1-дәріс

Академиялық мәтін – белгілі бір тақырыпты түсіндіруге бағытталған 
күрделі құрылымда жазылады. Әдетте, академиялық бағытта жазылған 
мәтіннің негізгі ерекшеліктері болады. Олар: күрделі, формалды, нақты, 
объективті, шекетулі және жауапкершілікті. Бірақ мәтіннің жазылуының 
басты талабы – анық және түсінікті тілмен жазылуы. 


Күрделі – Жазба тілі ауызекі тілге қарағанда біршама күрделі. Жазба 
тілінде күрделі сөйлемдер мен сөз тіркестері және лексикалық мағынасы терең 
сөздер кеңінен қолданылады. 
Формалды – академиялық жазылым барысында әртүрлі қысқарған 
сөздер мен диалект, жаргон және т.б. сияқты ауызекі сөйлеу барысында 
кездесетін сөздерді қолдануға болмайды. 
Нақты – академиялық жазылымда ақпаратты қолдану барысында нақты 
мәлімет беруге тырысу керек. Мысалы, «көптеген адамдар» дегеннің орнына 
«30 мың адам» деп нақты көрстеу керек. 
Объективті – академиялық бағытта жазылатын жұмыс субъективті 
ұстанбауы тиіс. Яғни, бір жақты немесе қандай да бір ұстанымды насихаттауға 
бағытталмауы тиіс. Жұмыстың мақсаты тек ғылыми негіздерге ғана сүйену 
арқылы тұжырым жасау болып табылады. Сонымен қатар, академиялық 
мәтінді оқу барысында автордың не жасағаны емес, жұмыс бойынша не 
жасалғаны қызықтырады. Сол себепті, «менің ойымша» немесе «мен сенемін» 
деген сөздер мен сөз тіркестері қолданылмағаны абзал. Мысал келтіретін 
болсақ, «Менің ойымша, бұл жақсы жазылған еңбек» деп көрсеткен дұрыс 
емес. Оның орнына «Жақсы жазылған зерттеу жұмысы» деген орынды 
болады. Оқырманға «сіз», «сен», сілтеу есімдіктерін қолданбаған дұрыс.
Шектеулі – академиялық мәтін тақырыпқа байланысты мәселені ғана 
қамтуы тиіс. Тақырыптан ауытқу немесе зерттеу сұрағынан тыс ақпаратты 
беру немесе жазу оқырман қызығушылығының жоғалуы мен жұмыс 
сапасының төмендеуіне алып келеді. Сондықтан, жоғары оқу орындарында 
жазба жұмысы тапсырма ретінде берілгенде, тақырыбы мен қамтылатын 
зерттеу нысанасына қарай, оқытушы оның көлемін белгілеп береді. 
Белгіленген көлем студент үшін тақырып жөніндегі оның толық мәлімет беріп, 
артық ақпарат жазбауына мүмкіндік береді. 
Жауапкершілік – автор қашан да өз жұмысы үшін жауапты. Яғни, 
мәтінде түрлі қателіктер мен келтірілген тұжырымдар үшін студенттің өзі ғана 
жауап бере алады. Сонымен қатар, плагиатқа жол бермеуі керек. Біреудің 
пікіріне не сөзіне сілтеме жасамағаны үшін жауапкершілікке тартылатынын 
қаперден шығармауы тиіс академиялық жазылымның 4 ерекшелігін атап 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет