1-ДӘріс. Академиялық жазылым, оның ерекшелігі жоспары



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата01.03.2023
өлшемі172,37 Kb.
#70899
1   2   3
Байланысты:
1-дәріс

көрсететін болсақ
1. Объективті түрде жазылуы; 
2. Ғылыми стильде жазылуы; 
3. Жүйелі құрылыммен жазылуы; 
4. Сілтемелерді жиі қолдану; 
Академиялық мәтін ешқашан субъективті болмауы тиіс. Мысалы, « 
менің ойымша, басқа жазылымдарға қарағанда, академиялық жазылымның 


төрт айырмашылығы бар» деген сөйлемді объективті түрде былай беруге 
болады. «Жалпы алғанда, академиялық жазылымның басқа жазылымдардан 
төрт айырмашылығы бар екенін байқауға болады».
Жалпы, студенттер субъективті ой-пікірін дәрісте, оқылым арқылы 
қандай да бір ойды тұжырымдауда, практикалық сабақтардағы талқылауды 
ашық айта алады және оның маңызы өте зор. Себебі, студенттің өз ойын ашық 
айтып, дәлел-дәйектермен жеткізуі объективті ойының қалыптасуына негіз 
болады. Академиялық жазылымда сөйлем құрылымы да ерекше болады. Ол 
ғылыми стильге тән белгілерді басшылыққа алады. Ал әдеби жанрда және 
публистикалық бағытта, тіпті қарапайым хатта кез келген формадағы сөйлем 
түрін қолдануға боладыМәселен, «Түн. Айнала тастай қараңғы». Мұндай 
сөйлемдер оқырманға эмоциялық әсер сыйлап, көркемдік қызмет атқарады. Ал 
академиялық сөйлемдер толық грамматикалық құрылымда беріліп нақты 
ақпарат беруді көздейді. Сондықтан, академиялық құрлыммен жазылатын 
сөйлемдердің негізгі мақсаты берілетін ақпаратты түсінікті, дәлді етіп анық 
жеткізу. Бұл ғылыми стильге тән ерекшелік болып табылады. 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1. Оспанов Е.Т.Академиялық жазылым: жоғарғы оқу орындарына арналған 
оқу құралы – 2018. – 121б. 
2. Короткина И. Академическое письмо: учебно-методическое пособие для 
руководителей школ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет