1-дәріс. Қазақ әдеби тілінің жалпы сипаты



бет22/24
Дата29.09.2023
өлшемі130,7 Kb.
#111582
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
әдеби тіл лекция тезистер

Әдебиеттер:
1.Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. — Алматы: Ғылым, 1984.
2.Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. - Алматы: Ана тілі, 1993.
3.Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы:Мектеп,1989.
4. Қайдар Ә. Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері. – Алматы,2001.
5. Айтбаев Ө.Қазақ сөзі. – Алматы,1998.
6.Момынова Б. Қазақ әдеби тілі тарихын зерттеу жүйесі. – А., Қазақ университеті,2001.
7. Бекхожин X. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. -Алма­ты: Қаз. мем. басп., 1964.
8. Кәрімов X. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Методикалық, нұсқау. - Алматы, 1988.


15. Дәрістің тақырыбы мен сұрақтары
ХХ ғасырдағы және бүгінгі қазақ әдеби тілінің жай-күйі

1. Қазіргі қазақ әдеби тілін зерттеудің жаңа теориялық бағыттармен, тіл және сөйлеу тілі ракусымен байланыста алып қарастыру


2. Қазақ диаспорасының әдеби тілі

Тірек сөздер: әдеби тіл, қазақ диаспорасы, терминдер, аударма

Қазіргі қазақ әдеби тілі:
- ауызекі сөйлеу тіліне, оның ішінде аймақтық және әлеуметтік диалектілерге қарама-қарсы қойылған тілдік құбылыс;
- қазіргі қазақ әдеби тілі жазу арқылы бекітілген, дәйектелген тіл және оған дәстүр жалғастығы, сабақтастығы тән, сондықтан әдеби тілдік мәтіндердің әр түрі бар.
- нормаларының жиынтығы бар және олар көпке міндетті. Атап айтқанда, нормалар ресми іс-қағаздары, орта және жоғары мектептегі оқу үрдісі, жазбаша/тұрмыстағы қарым-қатынас, ғылым, публицистика, көркем әдебиет, тіл арқылы жеткізілетін мәдениеттің барлық саласы үшін міндетті;
- қалыптанған (кодификацияланған) тіл;
- ауызекі тіл мен жазба кітаби тілдің өзара ықпалдасуының нәтижесі. Әрине, жазба тілдің ауызекі сөйлеу тіліне әсері басым.
- әдеби тілдегі түрлі үрдістер әдеби тілдің эволюциясымен үндесіп жатады, сонымен бірге қазіргі қазақ әдеби тіл түрлі дәрежедегі өзгерістерді қабылдай отырып, тұрақтылығын сақтап отырған тіл;
- орыс және ағылшын тілі секілді дүние жүзіндегі халықаралық тілдермен қатарласа өмір сүріп, олардың әсерін қабылдап отырған әрі тіл тазалығы үшін күресіп отырған тіл.
- қазіргі қазақ әдеби тілі өмір сүріп жатқан дәуір ғылыми-техникалық жаңалықтар дәуірі болғандықтан, түрлі салалық терминдерді қабылдаған тіл. Ауызекі қарым-қатынаспен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарының электронды түрлерінің қарым-қатынас жасауын қамтамасыз етіп отырған тіл.
-Қазақстан Республикасының территориясында мемлекеттік тіл функциясын атқарып отырған тіл;
-стильдік тармақтары жетілген тіл.
Қазіргі қазақ әдеби тілі кітаби-жазба әдеби тіл және ауызекі әдеби тілінен тұрады. Әдеби тілді осылайша екі құрамдас бөлікте алып зерттеуді тудырып отырған факторлар бар. Осындай факторларды анықтау, қазіргі қазақ әдеби тілінің құрамы мен құрылымын зерттеу бүгінгі таңдағы қазақ әдеби тілі теориясының негізін қалау үшін маңызды болып табылады.
Кітаби-жазба әдеби тілдің функционалдық стильдік тармақтарына көркем әдеби стилі, ресми іс-қағаздары немесе іскери стиль, ғылыми стиль жатады. Ал эпистолярлық стильді қолданыс аясы мен игерілуі жағынан алдыңғы стиль түрлеріне қарағанда салғырт, подстиль деңгейінде қарастырған дұрыс болады.
Ауызекі әдеби тілі ауызекі сөйлеу тілінен, радио және телевизиялық сөйлеу тілінен, ауызекі ғылым тілінен тұрады. Радио, телевизия және ауызша ғылыми сөйлеу тілі көпшілік алдында сөйлеуге арналған (публичная).
Қазіргі қазақ әдеби тілі тіл - сөйлеу тілі (сөйленіс) ракурсында алынып, зерттеледі әрі функционалды стилистика, тіл стилі, сөйлеу стилі ұғымдарымен байланыста қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет