Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мақсаты – болашақ мамандарды олардың кәсіби педагогикалық қызметіне қажет тілді әдістемелік тұрғыдан оқытуға тірек болатын теориялық және әдіснамалық даярлықпен қамтамасыз ету; теориялық білімдерін қалыптастыру мен дамытуға ықпал ететін кәсіби білік, дағдылары мен қабілеттерін қалыптастыру.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің міндеттері:
қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізгі мазмұны мен категорияларын аша отырып, оның қолданбалы ғылым ретіндегі маңызын түсіндіру;
мектептегі қазақ тілі курсының әдістемелік мәселелерін қарастыру;
студенттердің кәсіби біліктіліктерін қалыптастыру (күнтізбелік жоспар, сабақ жоспарын дайындау, сабақ түрлерімен таныстыру, оны қолданудың жолдарын үйрету т.б.);
қазақ тіл білімі салаларын меңгертудің әдістемелік жолдарын игерту;
оқушылардың білім деңгейін бағалауға үйрету.
Сонымен «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» жоғарыда сөз болған мәселелердің шешімін табуға тырысады. Студентті кәсіби біліктілігі жоғары маман ретінде даярлаудың жолдарын қарастырады. Болашақ маманды қажетті білім, білік, дағдылармен қаруландырады. Оны өз мамандығының иесі ретінде тәрбиелеуге ықпал етеді.