Ахмеди Ысқақов. Қазақстан Орталық Комитетінің басшылығымен қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мәселелерін жақсартуға арналған республикалық кеңес (1957 жылы) өткізілді. Кеңесте қазақ тілі мен әдебиетін жақсарту туралы мәселе қаралды. Сол жылдан бастап қазақ тілін оқыту методикасын зерттеуге ерекше мән беріліп, Қазақ КСР Оқу министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылымдар ғылыми-зерттеу институтының қазақ тілі және әдебиеті бөлімі қазақ тілі методикасының жүйелі курсы жұмыс жасады. Қазақ тілі оқулықтары мен бағдарламаларын жақсарту жөнінде, әдістемелік еңбектер жазу, эксперимент жұмыстарын жүргізу, озат мұғалімдердің тәжірибелерін зерттеу мәселелерін дұрыс жолға қойып, қазақ тілін оқытуды жақсарту жөнінде көп еңбек сіңірген ғалым – (сол кездегі институт директоры) профессор Ахмеди Ысқақов болды. Мектепте ана тілі мен әдебиетті оқыту туралы ғылыми-зерттеу жұмысын дұрыс жолға қою міндеттелінді. Озат мұғалімдерді, әдіскерлерді, ғалымдарды қазақ тілін оқыту мәселесімен айналысуға жұмылдырды, ғылыми басшылық жасап, бағыт-бағдар берілді.
Бұл салада доцент И.Ұйықбаев С.Жиенбаев, Ш.Сарыбаевтан кейінгі қазақ тілі әдістемесін дамытушы, алғашқы зерттеушілердің бірі ретінде танылды. И.Ұйықбаевтың «Орта мектепте қазақ тілін оқыту мәселелері», «Қазақ тілінде сөз таптарын оқытуға көмекші материалдар» (1957 жылы), ал «Қазақ тілі методикасының очерктері» (1962 жылы) деген еңбектері басылып шықты. Бұл аталған методикалық еңбектерде морфологияны оқытуға жан-жақты талдау жасалынды, оны ұстаздар өздерінің іс-тәжірибесінде кеңінен пайдаланылды.
№ 2 дәріс. Қазақ тілін оқытудың жаңа тенденциялары, парадигмалары, қағидалары мен бағыттары. Қазақ тілін оқытуға арналған базалық-нормативтік құжаттар.
Антропоөзектік парадигма білім алушыларға бірегей жеке тұлға ретінде қарап, адам туралы білім кешенінде кең көлемді даму мәселесіне басымдылық беруге бағыттайды.
Интеграциялық білім беру парадигмасы пән мазмұнында тілдің тарихпен, мәдениетпен, қоғаммен, әдебиетпен, жаратылыстану пәндерімен сабақтастығын қамтамасыз ету арқылы білім алушылардың дүниетанымын кеңейтіп, адами қасиеттерін қалыптастыруға бағыттайды.
«Тілдердің үштұғырлылығы» парадигмасы - Қазақстанның ұлттық идеологиясының бір бөлшегі болып табылатын осы идеяға сай қазақ тілін оқыту жүйесін оқу-әдістемелік және зияткерлік тұрғыдан қамтамасыз ету арқылы білім алушының өзінің коммуникативтік қабілетін кеңейтуіне мүдделілік тудыру, бәсекеге қабілеттілігін шыңдау үдерісінде қазақ тілінің доминанттық рөліне басымдылық беруге бағыттайды.
Нәтижеге бағдарланған білім беру парадигмасы қазақ тілін оқыту үдерісінің танымдық міндетіне сәйкес білім алушылардың тіл, қазақ халқының салт-дәстүрлері, дүниетанымы және т.б. этномәдени ұғымдары туралы көзқарастарын қалыптастыру арқылы олардың танымдық әлеуетін жетілдіруге, ал практикалық міндетіне сай сөйлесім әрекеті компоненттерін меңгерту нәтижесінде білім алушылардың коммуникативтік құзіреттіліктерін өзара сабақтастықта жетілдіруге бағыттайды.
Аксиологиялық парадигма жалпыадамзаттық, ұлттық және мемлекеттік құндылықтардың негізінде табиғатпен, әлеуметпен, мәдениетпен қарым-қатынасындағы жеке тұлғалық мәндерді тәрбиелеуге, сонымен қатар білім алушыға өз білімінің, өмірінің мәнін сезіндіруге бағыттайды.
Білім беруді ізгілендіру қағидасы – білім мазмұнын жалпыадамзаттық және ұлттық рухани игіліктерге қарай бағыттау, қазақ халқының тарихын, мәдениетін, тілін, дәстүрін, көркемөнерін, қолөнерін және т.б. материалдық және рухани құндылықтарын тіл арқылы танытудың негізі. Білім алушылардың тілге ізгілікті қатынастарын қалыптастыруға қолайлы жағдай жасау мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Б ілімнің үздіксіздігі қағидасы – білім алушылардың болашақ өміріне қажетті тілдік және қатысымдық дағдыларды, құзіреттіліктерді алдын-ала болжап, білім алушылардың шығармашылық әлеуетінің үдемелі артуына және күш-қуаты мен қабілетін толық пайдаланып, тұлғалық-мәдени өсуіне, тілдік тұлға қалыптастыруға бағыт беретін негіз.