1-дәріс. Қазақстандағы жоғары білім берудің дамуы Жоспары



бет2/3
Дата25.09.2024
өлшемі24,96 Kb.
#145670
1   2   3
Байланысты:
1-дәріс

Болондық үдеріс – жалпы қызмет қағидаларына негізделген жоғары білімнің біріңғай еуропалық жүйесінің құрылу үдерісі.
Болондық үдерістің принциптері:Еуропалық білімнің бәсекелестікке қабілеттілігін және тартымдылығын жоғарылату; Ұлттық білім жүйелерін жақындастыру; Көп деңгейлі жоғары білімді енгізу; Академиялық кредиттер жүйесін қабылдау; Білім сапасын бақылау.
Болон реформалары «нәтижелерге бағытталу» және «студенттік орталықтандырылған оқыту» терминдерімен сипатталады. Бұл жерде сөз оқыту нәтижелерін кең мағынада түсінуде болып отыр. Осы терминдер ECTS, модуляризациямен және институционалдық еркіндікпен байланыста болуды болжай отырып, педагогикалық практиканың алға жылжуының негізгі элементтері болуы керек. Сонымен қатар Болондық құрылымда біліктіліктің «Дублиндік дескрипторлар» деп аталатын білім беру бағдарламаларын меңгеру нәтижелеріне негізделеді, құзіреттілік түрінде тұжырымдалады және біліктіліктің Еуропалық шеңберінде келістіріледі. Ол маманның 5 біліктілігін айқындайды. Олар: қабілеттіліктерін және білімін тәжірибеде қолдана білуі; өзінің көзқарасын, идеясын, қорытынды жасай білу қабілеттерінің болуы; оқу үдерісіндегі іскерлігі; ақпаратты, пікірлерді, шешімдерді мамандарға, маман еместерге жеткізе білуі; білімі және түсінігі арқылы қалай өмір сүруі.
Болон үдерісінің үш деңгейінің арасында баланс болу керек: өкіметке, жоғары оқу орындарына және студенттерге қатысты еуропалық деңгейде белгіленген мақсаттар; процесті жүзеге асырудағы ЖОО - лардың алатын негізгі рөлі; ұлттық стратегиялардың рөлі және алдыңғы екі деңгейдің бірігуіндегі және әрбір елдегі үдерістерге көмек көрсетудегі заңдылықтар. Болон үдерісі – еуропа аймағындағы жоғары білім беруді және ғылыми зерттеулерді қорғау және жақсарту құралы, ашықтық пен мобильділікті көтеру құралы болып табылады. Болон үдерісі жоғары оқу орнының қоғамдағы орнын мойындайды және сапаға ерекше мән береді, сапаны қолдау мен оны жоғарылату, жүйе мен оның кадрларына берілетін мемлекеттік инвестицияны көтеруді талап ететіндігін айтады.
Университет – жиынтық, жинақ – жаратылыстану, қоғамдық, техникалық, әлеуметтік ғылымдар саласынан кең көлемде жоғары білімді мамандар даярлайтын, көп салалы жоғары оқу орны. Университетте студенттер жан-жақты терең теориялық даярлықтан өтеді. Университетке тән ерекшелік – оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарының сабақтас жүргізілуі. Алғашқы университет ХІІ ғасырда Батыс Еуропада пайда болды. Ресейдегі тұңғыш университет Мәскеу университеті (1755 жылы құрылған), байырғы универсиетттерге Львов (1661 жылы алғашқы академия ретінде), Тарту (1802), Вильнюс (1803), Қазақ (1804), Харьков (1805), Санкт-Петербург (1819), Киев (1834) университеттері жатады.
Орта Азияда 1920 жылы Түркістан мемлекеттік университеті, 1928 жылы Қазақ педагогикалық институты (қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті), 1934 жылы Қазақ мемлекеттік университеті (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті), 1972 жылы Қарағанды мемлекеттік университеті ашылды.
Қазақстанда жоғары білім беру жүйесінің қалыптасуы. Қазақстанның Ресейге қосылуы жалпы қазақ халқының білім жүйесінің дамып, мектептер ашылуынан бастап әрі қарай ілгерілеуіне ықпал етті. Бұл - Қазақстанға Ресейдің экономикасы мен алдыңғы қатарлы мәдениетінің ықпал етуіне қолайлы жағдайлар туғызды, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына әсер етті.
1744 жылы Орынборда татар мектебі ашылып, мұнда әскери шендегілердің балалары оқыды. Бұл мектепті бітіргендер өкімет кеңселерінде, сауда-саттық орындарында жұмыс істеп, тілмаштық қызмет атқарды. 1786 жылы Омскіде ашылған «Азия мектебі» де осындай мақсатты көздеді. Олардың ішінде қазақ балалары да болды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Бөкей ордасында мектептегі білім беру кең тарала бастады. Бұнда үлкен рөлді Жәңғір хан атқарды. Ханның білім беру саясатының орталығында мешіт жанындағы бастауыш мектептерін ұйымдастыру болды. 1841 жылдың желтоқсанында Жәңгір ханның үкімімен орталық мектеп ашылды. Мектепте арабша, татарша және орыс тілі, жаратылыстану негізі, тарих және медицина оқытылды. Мектепті жақсы бітіргендер кадет корпусында білім алды.
Кадет корпустарының оқу курсы сегіз жылдық, әр класс екі жылдық мерзімді қамтыды. Кадет корпустарын бітірушілер Қазақстандағы әр түрлі басқару орындарына қызметке жіберілді. Олардың біразы орыс тілін меңгерген және орыс мәдениетінен хабардар, әжептәуір білімді жастар болды, кейбіреулері орыс баспа сөзімен байланыс жасап, қазақтарды орыс оқу орындарымен таныстырды, сол арқылы қазақ жастарын оқу орындарына ынталандыруды ойлады.
1960-жылдардағы Халық ағарту жөніндегі алдыңғы қатарлы теориялар біртіндеп мектеп тәжірибесіне ене бастады. Бұл кезде ағарту ісінде қоғамдық орындардың алдыңғы қатарлы бастамалары өріс алды. Қалалар мен ауылдарда бастауыш мектептердің бірнеше түрлері ашылды: жеке адамдар ашқан гимназиялар, жексенбілік мектептер.Қазақ балаларына арналған Орынбор орыс мектебі 1850 жылы 22 тамызда ашылды. Мектепке 50 бала қабылданды. Мектептің оқу жұмысы белгілі тәртіпке келтіріле бастады: оқу жылының мерзімі белгіленді, жалпы оқу мерзімі (7 жыл), оқушыларды қабылдау кезеңі (әрбір екі жыл сайын), жазғы демалыс (15 маусымнан 15 тамызға дейін) анықталды, сабақ кестесі мен оқушыларға арналған үзіліс енгізілді, емтихандардың ережесі жасалды. Орынбордағы қазақ балаларына арналған тұңғыш мектеп (1850-1869) оқушылар санының тым шағындылығына қарамастан, қазақтар арасында орыс білімін таратудың алғашқы ошағы болды. Ішкі қазақ (Бөкей) ордасында мектептің негізінен екі түрі (алты жылдық екі класты, төрт жылдық бір класты орыс-қазақ училищелері) болды. Торғай және Орал облыстарында алты жылдық екі класты уездік, төрт жылдық болыстық орыс-қазақ училищелері және Ы.Алтынсарин негіздеген ауыл мектептері ұйымдастырылды. Ақмола мен Семей облыстарында интернатты мектептер ашылып, кейінен ауыл шаруашылық мектептеріне айналды. 19-ғасырдың аяғында бұл облыстарда ауылдық мектептер ашылды.
ХІХ ғасырдың ортасында Қазақстан аймағында медреселер мен мектеп-оқу орындары жұмыс істеді, олар ежелгі Шығыс және Азия мұсылман халықтарының жоғары дамыған мәдениетіне тартуда, Орта Азия мен Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетінің дамуында жағымды рөл атқарды. ХІХ ғасырдың аяғында Қазақстан аймағында бірінші рет орта және кәсіби оқу мекемелері пайда болды. Орта мектеп бастауыш және келесі буындағы білім арасындағы аралық буын болып есептеліп, екі міндетті орындады. Біріншіден, гимназияны бітіргендер, алғашқы кәсіби білім алу, екіншіден, қабілетті оқушылардың жоғары оқу орынына түсуіне мүмкіндіктері болды.
Қазақстанда 1917 жылы 1 қаңтарда 17 орта мектеп, 4 реальды училище және 13 гимназия жұмыс істеді, онда 5880 оқушы оқыды, оның ішінде 215 ғана қазақ ұлтының өкілдері. Қазақстандағы кәсіби мектептер 3 бағытты қарастырды: ауылшаруашылық, қолөнер, педагогикалық.
Қазақстандағы Қазан төңкерісіне дейінгі Жоғары оқу орындары ретінде Шымкент, Әулиеата, Түркістан, Ақмеішт мәселелерін атауға болады.

  • 1919-1920 жж, халық ағарту институттары ашылды: Орынборда, Семейде, Ордада.

  • 1920 ж. қарашада Түркістан мемлекеттік университеті (кейінгі Орта Азия университеті) құрылды. Сондай-ақ, осы жылдың күзінде Семейде халық ағарту институты құрылды.

  • 1921 ж. Орынборда Қазақ халық ағарту институты (кейін Қызылордаға көшірілді) және Верныйда (Алматы) Қазақ ағарту институты ашылды.

  • 1926ж. 2 шілдеде Ташкенттегі халық ағарту институты Қазақ педагогикалық институты болып қайта құрылды.

  • 1928 ж. Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны – Алматыда ашылған Қазақ педагогикалық институты,

  • 1929 ж. Алматы малдәрігерлік институты,

  • 1930 ж. Қазақ ауыл шаруашылық институты,

  • 1931ж. Қазақ медициналық институты, Орал педагогикалық институты,

  • 1934 ж. Қазақ мемлекеттік университеті мен Кен-металлургия институты ашылды,

  • 1950-1960 жж. Ақтөбе, Атырау, Тараз, Қостанай, Көкшетау, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Ақмола (қазіргі Астана) қалаларында педагогикалық институттар, Ақтөбе, Қарағанды, Семей, Ақмолада медициналық институттар, Алматыда халық шаруашылығы, Қарағандыда политехнология және кооперативтік, Павлодарда индустриалдық, Өскеменде жол құрылысы, Ақмолада инженер құрылыс, Таразда гидромелиоративтік-құрылыс және технологиялық институттары.

  • 1972 ж. Қарағанды мемлекеттік университеті, Арқалық, Талдықорған педагогикалық институттары ашылды.

  • 1986-1987 оқу жылында Қазақстанда 55 жоғары оқу орындарында 247 мыңнан астам студент оқыды.

Жоғары оқу орны ең алдымен, жоғары білікті қызметкерлерді даярлаумен байланысты, әр түрлі қызметтерді көрсете алатын білім беру мекемесі. Жоғары оқу орындарының негізгі түрлері: университеттер, академиялар, ұлттық зерттеу университеті, ұлттық жоғары оқу орны, зерттеу университеті, институт және оларға теңестiрiлгендер (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище). Бұл мекемелердің бәрі бірінші кезекте ғылыми зерттеулерді орындаумен қоса білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет