1 дәріс. Қазіргі қазақ тілінің лексикология курсы



бет3/6
Дата26.12.2022
өлшемі127,67 Kb.
#59703
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекции по лексикол. и фразеолог. КО

Синекдоха. Сөз мағынасын ауыстырып қолданудың бір тәсілі- синекдоха (гр cynekdoche - бірге жобалап түсіну). Зат пен құбылыстың іргелес, шектес келіп, бір атауға ортақтасып ауысып қолданылуы жағынан синекдоха метонимияға бір табан жақын тұрады. Мұндағы басты белгі бүтіннің орнына бөлшек, көпшенің орнына жекеше, жалпының орнына жалқы немесе керісінше алмасып айтылады. Ауыспалы мағынада қолданылған сөздерде астарлы мән, тартымды образ жатады.
Синекдоха тәсілі сөздердің мағыналық жағынан түрленіп өзгеруіне үлкен ықпал етеді. Мысалы: Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық – он саулық.
Сөздің семантикалық құрылысы неғұрлым күрделі әрі бай болса, соғұрлым олардың атау қызметі де арта түседі.

Пайдаланатын әдебиеттер



    1. Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиев.Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы.

А,Сөздік-Словарь,2006 ж.

    1. Ә.Болғанбаев. Қазақ тілінің лексикологиясы. А.,1979, 1988, 1995.

    2. М.Белбаева. Қазақ тілінің лексикологиясы.А., Мектеп. 1976.

    3. А.Айғабылов. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1996 ж.

4 дәріс. Сөздің көпмағыналығы мен омонимия.



  1. Көпмағыналық туралы түсінік.

  2. Көпмағыналық пен омонимия құбылыстары.

  3. Омонимдердің жасалу жолдары

  4. Омонимнің түрлері.

Сөздің екі немесе одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көпмағыналығы немесе полисемия дейміз.


Сөздің көпмағыналығы негізгі мағынаның семантикалық жағынан кеңеюінен пайда болады. Сөздің негізгі мағынасы белгілі бір болмыс шындығына негізделіп пайда болса, туынды мағына тілдік деректердің негізінде ойлау қабілетіне сүйеніп қолданудан жасалады. Мысалы, отан сөзі әуелде үй, отбасы деген мағынаны білдірсе, қазір ел, мемлекет деген кең мағыналы сөзге айналып, бұрынғы мағынасы ұмытыла бастады.
Тіліміздегі көп мағыналы сөздер сөйлемде қолданылуына қарай жеке-жеке мағынаға ие болады. Мысалы, аспанға қара, көйлегіңе қара, терезеге қара дегенде көзді бір нәрсеге бағыттау, көру ұғымын берсе, малға кара, балаға кара де­генде қамқорлық жасауды, ал артыңа қара, айналаңа кара дегенде, ойлан, сақ бол дегенді білдіреді.
Көп мағыналық ұзақ уақыт колданылып, сол тілде сөйлеуші халықтың санасында қалыптасу арқылы пайда болады. Сондыктан да басқа тілден жаңадан енген сөздерде, неологизмдерде көп мағыналық болмайды. Көп мағыналы сөздерді омонимдерден ажырата білу керек. Көп мағыналы сөздердің өзара ішкі байланысы анық байқалып тұрады, сондықтан қолданылуда тура мағынадан алшақ кете алмайды. Мысалы, Басы аманның малы түгел (мақал). Сөйлемдегі «адамның дене мүшесі» екенін аңғартатын бас сөзіне байланысты мағынадан өрбіген адам деген мағына сенекдоха арқылы жасалып, бүтін мен бөлшектің арасындағы мағыналық байланысқа негізделген.
Ал, омоним сөздерде мұндай ішкі мағыналық байланыс болмайды.
Мысалы, ара–жәндік, ара–кесу құралы, ара–екі заттың арасындағы қашықтық.Бұл сөздердің сыртқы тұлғасы бірдей болғанмен мағына жақындығы жоқ сөздер. Олай болса, көп мағыналы сөздер сырттай омонимдерге ұқсас бол-ғанмен ішкі мағыналық байланысына карай өзгеше болады. Көпмағыналы сөздерді омонимдерден ажыратуда негізгі белгі мағыналық байланыс болып табылады.
Омонимдер қазақ тілінде бірнеше жолмен жасалады.
1.Көп мағыналы сөздердің мағына байланыстылығы үзіліп, семантикалық тәсіл арқылы пайда болған омонимдер. Мысалы, тамыр - өсімдіктің түбір тарамы. Жас қарағай түбір жайып, Жапты қайта даланы (Сырбай Мәуленов), қан жүретін жол, анатомиялық атау, дос-жар, көңілдес, Жақсы көрер тамырдың атын алма, тайын ал.
2. Кейбір байырғы сөздердің тілдің даму барысында фонетикалық өзгеріске ұшырауының нәтижесінің басқа бір сөзбен бірдей дыбысталып, омонимдер пайда болады. Мысалы, біз – алғашқыда бігіз түрінде дыбысталып, келе-келе сөз ортасындағы г дыбысы түсіп қалып тіліміздегі бар біз есімдігімен тұлғалас болып, омоним жасалған.
3.Өзге тілден енген сөздер қазақтың төл сөздерімен тұлғалас болуы нәтижесінде омонимдер пайда болады. Мысалы, көшір орыс тілінен, мақта парсы тілінен, мата арап тілінен еніп тіліміздегі осы тұлғалас сөздермен омонним болды.
4. Аффикстер жалғану арқылы жасалған омонимдер –ма/ме,- ба/бе,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет