Метафорасыртқы не ішкі белгілеріндегі (тұлғасындағы, қимылындағы не атқаратыын қызметіндегі т.б) ұқсастыққа қарап, бір зат атауының басқа бір затқа атау болуына байланысты сөз мағынасының ауысуы метафора (гр. metaphora- ауысу) деп аталады. Мағына ауысуының бұл тәсілінің негізінде ұқсату заңы жатыр. Метафора қолдану сипатына қарай негізінде үш түрге бөлінеді: а) тілдік (сөздік) метафора, ә) поэтикалық (сөйлеу кезіңде туатын контекстік) метафора, б) жеке қолданыстағы метафора. Тілдік (сөздік) метафорасөзге жаңа мағына қосып, оның семантикалық шеңберін кеңейтіп, әрдайым үздіксіз дамып отырады. Тілдік метафора жалпыхалықтық сипатына қарап дәстүрлі метафора деп те айтылады. Дәстүрлі метафора арқылы ұқсату заңына сүйеніп, қазақ тілінде көп мағыналы сөздер шыққан. Мәселен, аяқ деген сөздің ең алғашқы заттық мағынасы деп адам мен жан-жануарлардың жүру-түру қызметін атқаратын мүшесі деп түсінеміз. Сөздің мағына жақтан кеңейіп, дамуы осы тәрізді жаңа сапа элементтерінің біртіндеп молаюы арқалы іске асады. Тілдік метафора мынадай ұқсастықтар негізінде тууы мүмкін: а) заттар мен құбылыстардың түр-тұлға ұқсастығы негізінде бір зат атауы екінші бір затқа атау болуы. Мысалы: ит тұмсығы-қайық тұмсығы. ә) қимыл ұқсастығы. Мысалы: тіл- адамның тілі, сағаттың тілі. б) заттардың қызметіндегі ұқсастық. Мысалы: серік- адамның серігі (жолдасы), жер серігі; в) ұғымдардың бір-біріне қатыстылығынан туатын ұқсастық. Мысалы, сұлу- сұлу адам, сұлу табиғат, құлау- аттан құлау, емтиханнан құлау т.б. Поэтикалық (контекстік) метафора ойды әсерлі әрі айқын етіп жеткізу үшін қажет. Ойдың көркемдігі жалпы халыққа таныс суретке құрылуымен тығыз байланысты. Мысалы: сары алтын, ақ алтын, қара алтын. Жеке қолданыстағы (индивидуален) метафорабелгілі бір ақынның я жазушының туындысында өмір сүреді. Бұлар сөздікте сөздік мақаланың мазмұнына ене алмайды. Белгілі контексте ғана ұшырасатын сөздің келтірінді мағынасы қашанда әр автордың өзіндік ерекшелігін көрсетеді. Мысалы, Оңашада әлдилеп ойдың гүлін, Тыныштыққа армансыз тойдым бүгін. Өзара іргелестігі, шектестігі нәтижесінде бір зат атауының басқа бір затқа атау болуына байланысты туатын ауыс мағына метаномия (гр. metonymia - өзгертіп атау) деп аталады. Метонимия мынадай іргелістік, шектестіктер негізінде тууы мүмкін: а) қимыл, әрекет пен оның нәтижесінің шектестігі: Мысалы, бояу, егеу, сайлау, жайлау, жабу, ою сияқты сөздер әрі қимыл атаулары, әрі зат атаулары болып, екі жақты қызмет атқарады. Бұлар алдымен іс- әрекет атауы болып қолданылған да, кейін соның нәтижесі ретінде заттық сипат алған. Мысалы: Өз үйінде ою оюламаған адам кісі үйінде кесте тігеді (мақал) дегендегі ою сөзінің заттық ұғымы сол сөз білдіретін іс- әрекеттің нәтижесінде туғаны сөзсіз. ә) зат пен оның ішкі мазмұнының шектестігі. Мысалы: Қазан піскенше бәрі машина көруге кетті (Ғ. Мустафин) дегендегі қазан тамақ (ет) орнына жүмсалып жүр. Мектеп сөзі бастауыш, орталау, орта дәрежелі білім беретін оқу орнын да, сонымен бірге со л оқу орны орналасқан үйде де білдіреді. Мысалы, Штаб қыстақ шетіндегі бұзылған мектепке орналасқан еді. (Б. Момышүлы); б) материал мен одан жасалған заттың шектестігі. Мысалы: алмас сөзі қатты асылметалл ұғымын да, содан жасалған "өткір қару» - қылыш дегенді білдіреді. Құндыз деп өзен- көлде тіршілік ететін кішкентай анды да, сонымен бірге осы анның бағалы терісін де айтамыз. Құлан қырда, құндыз суда (мақал); в)жалқы есімдердің оларға қатысты қимыл-әрекет атауларымен байланыстылығы. Қазақ тілінде кейбір кісі аттары мен жер-су атаулары жалпы есімге айналып, белгілі сөздердің контекстік синонимі ретінде жұмсалады. Белгілі бір контексте Алдар Көсе-айлакер, қу дегеннің, Қожанасыр-аңқау, аңғырт дегеннің синонимі ретінде жұмсалады. г) сапалық сын есімдер мен олардың заттанған мағыналарының байланыстылығы. Мұны түсті білдіретін қызыл, ақ, көк, қара сияқты сапалық сын есімдердің заттанған мағыналарымен шектестігін айқын көреміз. Мысалы: «қара» сын есімінің заттанған мағыналары мынадай: 1) қарайып көрінген нәрсе, зат. Ұрғызбаған соң алыста көрінген бір қараны қайыра қуды (Ғ. Мустафин); 2) тірек, сүйеу мәнінде. Алды- артында қара жоқ. Бұл кедей бізден көп пе еді (Қамбар батыр); 3) арамдық, зұлымдық мәнінде. Көңілінде қара жоқ, ақ ниетпен, Тым жақсы дос болуға ыңғайласты (Абай); д) автормен оның шығармасының, болмаса шығарма аты мен оның ішкі мазмұнының байланыстылығы. Мысалы: Абайды ұнатамын. ж) іргелес заттық ұғымдардың шектестігі. Мысалы: Бір Абай емес, биылғы жылы отырған бар ағайын, көп ауыл тегіс қаралы (М. Әуезов) з) жалқы есімдердің бір- бірімен шектестігі. Мысалы: Шоқанда оқимын.