-па/пе жұрнақтары арқылы: бөлме, тарпа, айналма; -ыс, -іс, -с жұрнақтары арқылы ұрыс, тігіс; -ық,-ік, -к жұрнақтары арқылы қорық, желік.
Қазақ тіл білімінде омонимдерді ғылымдар түрліше топтастырады. Мәселен, Кәкен Аханов, Ғабидолла Қалиев, Әсет Болғанбаев омонимдерді үшке бөледі: лексикалық, лексика-грамматикалық, аралас омонимдер деп топтастырады да лексикалық омонимдерге ұқсас құбылыстар деп омофон, омограф және камамбурды атаса, Айтбай Айғабылұлы толық омонимдер, жартылай аралас деп, ал Әмеди Хасенов толық, жартылай, фонетикалық омонимдер, орфографиялық омонимдер, көп компонентті омонимдер және омонимге қатысты лингвистикалық құбылыстар деп паронимдер мен камамбурды қарастырады.
Лексикалық немесе толық омонимдер бір сөз табына қатысты болады да дыбысталуы жағынан бірдей, мағыналары жағынан әр басқа, барлық тұлғада омоним болып келетін, біркелкі формаларда түрлене алатын сөздер. Мысалы, тамақ — анатомиялық атау (Ақ тамақ, қызыл жүз, Қарағым, бетіңді аш!). Тамақ — ас, тағам, қорек (Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын.
Лексика-граматикалық немесе жартылай омонимдер кейбір формаларда ғана бір-бірімен тұлғалас болады, себебі мұндай омонимдердің сыңарлары әр түрлі сөз табына қатысты болады. Мысалы, Қаратаудың басынан көш келеді, көшкен сайын бір тайлақ бас келеді. Мұндағы көш сөзі зат есімнің атау тұлғасында бұйрық рай тұлғасындағы көш етістігімен омоним болады. Басқа жағдайда олардың тұлғалары өзгеше түрленеді.
Аралас омонимдердер немесе көп компонентті омонимдердің сыңарлары бір сөз табына да әр түрлі сөз таптарына да жатады да олардың қатары көп сөздерді қамтиды. Мысалы, жаз келді, хат жаз, дастарханды жаз, ауруынан жаз.
Омонимдерге ұқсас құбылыстар омофондар, омографтар және каламбур.
Ә.Хасанов оларды омонимдерге жатқызады да фонетикалық және орфографиялық омонимдер деп қарастырады. Омофондар - біркелкі айтылып, түрліше жазылатын, мағынасы мен сыртқы тұлғасы әр түрлі сөздер. Мәселен, асшы - ас даярлайтын адам (зат есім); ащы - сын есім, антонимі - тұщы; айтылуы бірдей, бірақ жазылуы да, мағыналары да басқаша. Сондай-ақ, қара ала - сын есім; қарала - етістік, антонимі -ақта; қара ат - сын есім; қарат -көрсет (етістік);
Омографтар - бірдей жазылып, екпіннің әр түрлі түсуіне байланысты түрліше айтылатын сөздер. Мысалдар: алма - зат есім; алма - болымсыз етістік; тартпа, кеспе, болме, салма - әрі зат есім, әрі етістік;
Каламбур - фрапцуздың calembour (сөз әзілі) дегенінен алынған термин. Лингвистикада каламбур дегеніміз - не біркелкі дыбысталатын, не біркелкі жазылатын әр түрлі мағыналы ойнақы сөздер, сөз әзілі, сөз қалжыңы, сөз тіркестері. Каламбур тіл-тілдің бәрінде бар, әсіресе поэзияда көбірек ұшырасады. Мысалы: Тағы сынды жан едік, тағы келдік тар жерге, Таңдансаң тағы болар ма?! (М. Ө.)
Каламбурда ойды астарлы түрде білдіру, тәптіштей түсу, қалай ұксаң, солай ұқ дегендей астарлы ой тастау мағынасы басым болады. Каламбур — ойды дәл тауып, әсем де келістіріп жеткізуге себепші құралдың бірі.
Қазақ тілінде каламбур кез келген сөз табынан, біркелкі айтылатын, жазылатын сөздерді басқа-басқа мағынада қолдану арқылы жасала береді. Каламбурмен жігі айрылмастай ұштасып жататын құбылыс - паронимдер мен пародиялар. Пародия - көркем шығармада, әсіресе поэзияда бір әдеби кеәіпкерге, жанрға, ақын-жазушыға әзілдей еліктеу. Ондайда ауыспалы ой желісінен, кім және не туралы айтылып отырылғандар түсініктемесіз-ақ бірден ұғамыз.
Пародияның жақсы бір үлгісі — Ілияс Жансүгіровтың, Сәкен Сейфуллиннің елу жасқа толған мүшел тойына арнауы:
Шырқа, шырқа, көкке өрле,
Қыран «Қызыл сұңқарым!»
Қуанамын бәйгеңе,
Тарпаң «Асау тұлпарым!»
«Тар жолдарда» тайсалмай,
Жау қолында алыстың... Мұндағы Қызыл сұңқарым, Асау тұлпар, Тар жол тайғақ кешу Сәкен Сейфуллин шығармаларының атаулары.
Паронимдер - дыбысталуы жағынан жақын, негізінен бір түбірден өрбіген, бірақ мағынасы әр түрлі сөздер. Дегенмен кейде ондай сөздердің жазылуы да, мағынасы да біршама жақындай қалуы мүмкін. Паронимдер өте көп: абонемент — белгілі бір жайда белгілі бір затпен белгілі бір уақытта пайдалану (мәселен, абонемент алып бер — билет алатын қағаз алып бер); абонент — сол қағаз, яғни абонемент иесі. Орыс лингвистері дыбысталуы жағынан жақын, мағынасы жағынан әр түрлі екі сөзді қатарластыра қолдалу тәсілін парономазия деп атайды; не глух, а глуп; муж по дрова, а жена со двора; Қазақ тілінде өкімет — үкімет, ғылым — білім, ілім, хал — ахуал, халық — халайық, үкім — өкім, суару — суғару, кигіз - кигіз сияқты бастапқы бір түбірден тараған сөз варианттарын паронимдерге жатқызамыз.
Пайдаланатын әдебиеттер
Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиев. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А, Сөздік-Словарь, 2006 ж.
Ә.Болғанбаев. Қазақ тілінің лексикологиясы. А.,1979, 1988, 1995.
М.Белбаева. Қазақ тілінің лексикологиясы.А., Мектеп. 1976.
А.Айғабылов. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1996 ж.
№5 дәріс. Лексикалық синонимдер, олардың жасалу жолдары.
1.Синонимдер туралы түсінік.
2.Синомимдердің жасалу жолдары.
3.Синонимия, синонимдік қатар, доминат сөз ұғымдары.
4.Синонимдердің стильдік қолданысы.
Синоним дегеніміз кемінде екі я одан да көп сөздердің мәндес болып, бір ұғымды білдіруі. Синонимдер мағыналары жақын сөздер дегенмен мағыналары тепе-тең болмайды. Сөз бен сөздің мағыналық байланысы жанама да, тікелей түрде де болады.
Синонимдер мынадай белгілеріне қарай топтастырылады:
1. Сөздердің тұлғасында аз да болса өзгешелік болуы керек.
2. Сөздер бір ғана ұғым атауы болуы шарт.
3. Сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуы тиіс.
Мысалы, өлу, қайту, үзілу, өту, кету сияқты сөздер жоғарыдағы талаптарға толық жауап беретін синонимдер. Бірақ мағыналық жақындығына қарай екіге бөліп қарауға болады: а) адамға қатысты синонимдер (өлу, қайту, үзілу, өту, кету);
ә) жан-жануарларға байланысты айтылатын синонимдер (өлу).
Міне, жұмсалымға, қолданысқа келгенде синонимдік қатардағы сөздер қолданыс аясы, мағыналық реңкі жағынан өзгешелеп, өзіне тән белгілері болады.
1.Синонимдер бір-бірінен мағыналық реңкіне байланыста ерекшеленеді. Олар бір ұғымды білдіргенмен мәндес сөздердің бір-бірінен сәл айырмашылықтары болады. Мысалы, ауыр-зілмауыр сөздері өзара синонимдік қатар құрағанымен, ауырға қарағанда зілмауырдың мағыналық салмағы күшті.
2. Синонимдердің біреуінің мағынасы екіншісінен сәл кең я тар болуы мүмкін. Мысалы, ұстаз-мұғалім сөздерінің мағыналары
өзара ұқсас болғанымен, ұстаз сөзінің мағынасы мұғалімге қарағанда кең.
3. Синонимдер бір-бірінен сөз тудыру қабілеті жағынан да ерекшеленеді: жол мен сапар сияқты мәндес сөздердің жол деген сыңары сөз тудыруға қабілетті (жолдас, жолаушы, жолақт.б.), ал сапар сыңары сөз тудыруға қабілетсіз.
4. Синонимдер бір-бірінен мағынасының сапалық жағынан даму қасиетіне қарай да ерекшеленеді: бала көпмағыналы, сәби бір мағыналы.
5.Синомимдер мағынасының деректі-дерексіз болу қасиетімен де ерекшеленеді: маңдай-пешене.
Синоним сөздер стильдік реңкіне қарай да өзара ерекшелененеді. Сөздердің стильдік реңктері әр түрлі функционалдық стильде қолданылу қызметімен тығыз байланысты. Сөздердің жалпы стильдік мәнін мынадай түрлерге белуге болады: көтеріңкі түрдегі реңктер: мерекелеу-тойлау, азамат-жігіт, бойжеткен-қыз; сый-құрмет көрсетудегі сыйластықты білдіретін реңктер: ақсақал-қария, азамат-мырза; дөрекілік мәндегі реңктер: ақымақ-маубас, ақсақ-шойнақ, поэтикалық реңктер: асқар-биік; керемет-жақсы; кекесін, мысқыл түріндегі реңктер: еліру-желпілдеу, қораздану-қоқила; кеміту мәніндегі реңктер: адам-тірі жан; еркек-бөрік киген.
6. Сөз қолданысындағы реңктер. Мәндес сөздердің бірінің тіркесіндегі сөзбен екінші сыңары да тіркесе бермейді. Мыс: көз, жанар деген мәндес сөздер көру мүшесі деген мағынада жұмсалғанымен қойдың көзі
деп айтылады да, қойдың жанары деп айтылмайды.
Синоним болып жұмсалатын сөздер тобын синонимдік қатар дейміз. Мысалы: Сол жолмен Қарқаралының Қаракесектері қыс бойы ағылып жатады. (Ғ.Мұстафин). Қаздың балапанындай шұбырып, балалар мектепке беттеді (С.Сарғасқаев). Қасқырдан қорыққан қойдай, жекеленіп те, топтанып та жөңкілген жұрт Қызбелдің қыры мен ойына сыймай кетті (С.Мұқанов). Елде үрей жоқ, бір үйден бір үйге кіріп жосып жүр (Б.Тоғысбаев). Қаладан біреу келеді десе, тайлы-таяғы қалмай шұбайтын қазақ ауылының әдеті (М.Иманжанов). Қалмақтан оңай таяқ жеген қыр ел босып отырып, Сырға құлай бастаған (Ә.Сәрсенбаев). Осы алты сөйлемдегі ағылу, шұбыру, жөңкілу, жосу, шұбау, босу синонимдері ерсілі-қарсылы тынымсыз, тоқтаусыз, толассыз жүру, үнемі қимыл-қозғалыста болу деген мағынаны білдіріп, синонимдік қатар түзейді. Ал енді осы қатардың ішінде бір сөз басқаларын мағына жағынан ұйымдастыруға ұйытқы, тірек болады, оны әдетте доминант (тірексөз) деп атаймыз. Доминант сөз болу үшін, ең алдымен, мағына жағынан ең айқын, стильдік мәні жағынан бейтарап, жалпы халыққа таныс болуы қажет. Жоғарыдағы мысалдарда доминант болып тұрған сөз - ағылу сөзі.
Синонимдік қатарға енген сөздерді тіл қолданушы белгілі бір мақсатта қолданады.
1.Ойын білдіруде бір сөзді орынсыз қайталамау үшін мәндес сөздер пайдаланылады. Мысалы: Қазір Тоғжан жүзінде Абайдың қиялынан бір шақ кетпейтін, елбіреп толқып, лезде келіп, сәтте қайтып тұратын қызыл
арай реңі жоқ (М.Әуезов). Бұл мысалдағы жүз бен рең; лезде мен сәтте дегендер өзара синонимдер. Жазушы сейлемнің ішінде бір сөзді екі рет жұмсамай, оның синонимін қолдана отырып, сөйлемге ерекше көрік, рең беріп тұр.
2.Белгілі бір ұғымның жан-жақгы белгілерін сипаттауда мәндес сөздер бір-біріне қарсы қойылып та, салыстырылып та, ыңғайласып та келе береді. Мысалы, Бет көрсе, жүз ұялады (мақал).
3.Белгілі бір ұғымды толық сипаттау үшін қатарынан 2 немесе 3-4 мәндес сөз қатар жұмсалады. Мысалы, Майлыбайдың уысындағы күміске өзді-өзі таласып, қырылысып, төбелесіп, өліп қала жаздады (Ж.Аймауытов).
4.Қазақ тілінде екі сөз қатар келіп, алдыңғысы соңғысының мағынасын күшейтіп, анықтап тұрады. Мұны әдетте плеоназм дейді. Бұлай плеонастикалық тәсілмен жұмсау сейлемге ерекше ажар беріп, мәнерлік тудырады. Мәндес сөздердің бір-бірімен қабаттасып, өзара тіркесіп айтылуынан жасалған сөз тізбегі плеоназм немесе плеонастикалық синтагма деп аталынады. Мысалы: Терезе ашық, таудан самал жел соғып тұр (С.Ерубаев). Мақсатым - тіл ұстартып, өнер шашпақ, Наданның көзін қойып, көңілін ашпақ, Үлгісін алсын деймін ойлы жас жігіттер, думан-сауық ойда жоқ. Әуел баста-ақ (Абай). Осы мысалдардағы самал жел, әуел баста-ақ дегендердің әрқайсысы өзара мәндес сездердің тіркесуінен жасалған сөз тіркестері. Плеоназм немесе плеонастық сөздер дегеніміз - бір мағынадағы екі сөздің қатар қолданысы. Әдетте тіл білімінде плеоназм құбылысын тілдегі «басы артықтық» деп таниды. Бірақ бұл жердегі «басы артықтық» абсолюттік емес, яғни плеоназм белгілі бір стильдік не мағыналық қызмет атқарғанда ғана тілде орын алады. Мұндай қызмет атқармаса, тіл нағыз басы артық дүниені көтермейтіндіктен, плеонастық қатарлар түзілмейді... Мысалы, «соқыр» мағынасындағы парсының көрсөзі мен қазақтың осы ұғымдағы соқыр сөзі қатар келіп, көр соқыр болып айтылғанда, соқыр сөзіне «мүлде көрмейтін, тас қараңқы соқыр» деген қосымша реңк үстеп тұр.
5.Тілдегі синонимдер қосарланып та қолданыла береді. Мысалы, Зылиха жүре-бара ауыл өміріне қызу араласып кетті (Н.Ғабдуллин). Біртіндеп тоңази бастаған дене бара-бара дел-сал болып өліп кетті (М.Иманжанов). Мұндағы күрделі ұғым екі сөздің дара мағыналарының жиынтығынан туады.
6.Синонимдер жеке сөздерден ғана емес, фразалық тіркестерден де бола алады. Мысалы: Бармақ шайнап, сан соғып, құсамен өткен өмір ғой- бұл да бір (Қ.Жұмаділов).
7.Тілімізде кейде құлаққа жағымсыз естілетін сөздерді жұмсартып, тыңдаушыларға жеңілдетіп айту тәсілін эвфемизм дейміз. Осындай тәсілді пайдалану да синонимдерді қолданудың бір жолы болып табылады. Әсіресе сөз қолданыстың эвфемизмдердің негізгі мәні сыпайылаумен байланысты. Мысалы, ұлт өкілдерін «қытай» деу жағымсыз әсер қалдырады. Сондықтан да баспасөз беттерінде қайсыбір этнонимдер шығыстағы көршілер деген контекстік эвфемизмдермен ауыстырылады. Адамның көзінше семірді деп айту этикеттік норма тұрғысына, әдептілікке жатпайды. Сондықтан сөз иесі оны сыпайылап оңалып қалыпты, толыпты деп қолданып, жұмсартып жеткізеді.
8.Кейде бір сөзді қайталамай, ойды түрлендіріп, яғни бір заттың белгілі бір қасиетін айрықша атап өткісі келгенде немесе соған ерекше назар аударту мақсатында парафраза тәсілі қолданылады. Мысалы, М.Әуезов деудің орнына «Абай жолы» романының авторы деп қолдануға болады. Синонимдерді жеке сөз бен жеке сөз, қос сөз бен қос сөз, фраза мен фраза күйінде ғана емес, араластырып та жұмсай беруге болады. Мысалы, Ел-жұрты, халқы мен ата-анасын көреді (Батырлар жыры). Осында синонимдер жеке сөз ретінде де, қосарланып та қолданысқа енген.
Тіліміздегі синонимдер әртүрлі жолдармен пайда болып, дамиды.
Мәндес сөздер көп мағыналы сөздердің есебінен жасалады: көз-булақ-бастау-қайнар.
Әр түрлі аффикстер арқылы біріктіру, қосарлау арқылы, яғни сөзжасам тәсілі арқылы тілімізде көптеген синонимдер пайда болады: ақылды-есті; сүтті-қунарлы; әлсіз-жарамсыз; еңбекақы-жалақы; қанішер-қаныпезер; жоқ-жітік-кедей-кепшік; зым-зия- ұшты-күйлі, т.б.
Кірме сөздер арқылы да синонимдер пайда болады: ақиқат (хәқиқат)- шындық (араб сөздері арқылы); шәкірт (шагирд)- оқушы (парсы сөздері арқылы).
Синонимдер диалектизмдер есебінен де көбейеді: сым-шалбар, ақудай-айналайын, т.б.
Синонимдер фразалық тіркестер арқылы дамиды: Мысалы: еті тірі- пысық; қырғи қабақ- өш, араз, т.б.
Табу мен эвфемизмдер есебінен де тіліміздегі синонимдер молайған: қолды болу-ұрланған, аяғы ауыр-жүкті, дүние салды- өлді, қайтыс болды, т.б.
Тілдегі лексикалық синонимдердің жасалуына семасиологияның ішкі заңдылықтарына байланысты болатын сөздердің мағыналық өзгеруі мен дамуы да, сонымен бірге сыртқы қоғамдық қарым-қатынасқа байланысты сөздік құрамға енетін кірме сөздер де айрықша әсер етеді. Синонимдердің пайда болуы сөздік құрамның даму, жетілуімен тығыз байланысты екендігі белгілі. Ал сөздік құрам ұлттық тілдің негізгі сөздік қорынан және басқа тілдерден ауысып келген кірме сөздерден тұрады. Өйткені синонимдер -сөздік құрамға енетін, өзіндік даму заңылықтары бар лексика-семантикалық сөздер тобы.
Пайдаланатын әдебиеттер
1.Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиев. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А,Сөздік-Словарь, 2006 ж.
2.Ә.Болғанбаев. Қазақ тілінің лексикологиясы. А.,1979, 1988, 1995.
3.М.Белбаева. Қазақ тілінің лексикологиясы.А., Мектеп. 1976.
4.А.Айғабылов. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1996 ж.
№ 6 дәріс. Антонимдер.
1.Лексикалық антонимдер, оның зерттелуі.
2.Антонимдердің түрлері.
3.Антонимдердің стильдік қолданысы.
Тілімізде тілдік бірліктердің мағыналары кейде бір-біріне қарама-қарсы келіп жатады. Антонимдер дүниедегі заттар мен құбылыстардың сын-сапасын, артық-кем қасиетін, мөлшер-көлемін салыстырып, бір-біріне қарама-қарсы қоюдан шығады. Мысалы, алыс-жақын, ыстық-суық т.б. Мысалы, Жұрт күндер жұрттан артық байлық үшін, Бұлайды біреу күшін, біреу түсін. Не қылса да надандар алмақты ойлар, мал антұрған күйдіріп елдің ішін (Абай). Салынба қылсаң дағы сан құмарлық, Алдыңда уайым көп шошынарлық, Жарлылық, жалынышты жалтаң көздік, Сүйкімді, икемі жоқ шалдуарлық (Абай).
Қазақ тіліндегі антонимдерді топтастыруда екі түрлі көзқарас қалыптасқан. Біріншісі – ұғымдардың белгілі бір логикалық қатардағы қарама-қарсылығына негізделген тіл бірліктерінің қарама-қарсылығын білдіретін антонимдік жұптар тұрғысынан топтастыратын алғашқы антонимдер сөздігінің авторы Жағыппар Мұсаұлы Мусиннің пікірі, екіншісі- антонимдерді логикалық, грамматикалық, психолингвистикалық қатынастарға негіздеп әмбебап құбылыс ретінде танитын А.Жұмабекованың пікірі. Жұмабекова орыс тіл білімінің өкілі Н.М.Трубецкой ұсынған оппозиция әдісі бойынша логикалық, психологиялық, тілдік ұғымдарды кең көлемді кешенді түрде зерделеуді ұсынады.
Басқа да лексика-семантикалық категориялар сияқты антонимдердің де өзіндік ерекшеліктері бар:
Антоним сөздердің арасында ұғымдық жақындық болады. Антонимдік жұп құрайтын сыңарлар белгілі бір сапаның қарама қарсы бағасының атауы болып табылады. Мысалы: Көз-қорқақ, қол-батыр. Бұл мысалдағы батыр-қорқақ сөздері біртектес ұғымдар. Бұлар антонимдік жұп болады да сапаға қатысты әртектес ұғымдар антонимдік жұп құрай алмайды.
Антонимдер кез келген сөздермен тіркесе бермейді. Мысалы: өлі-тірі деген антонимдер тек жанды адамзат, ғаламзат атауларымен ғана тіркесе алады. Мысалы, Өлі арыстаннан тірі тышқан артық.
Антонимдік жұп құрайтын сөздер бір сөйлем ішінде қатар келіп отыруы шарт емес. Антоним сөздің көп мағыналы болып келуі де мүмкін, сондай-ақ бір антоним сөздің бірнеше синонимі болуы тілде жиі кездеседі. Бірнеше антоним сөз бір ғана ұғымды білдіруі де мүмкін.
Антонимдер - семантикалық құбылыс, яғни мағыналық қарама-карсылыққа негізделеді. Сонымен қатар антонимдер - лексиканың полисемия, синонимия, омонимия сияқты топтарымен араласып, астасып жатқан аса мол сала. Мысалы, Қой семірсе- құт, ешкі семірсе - жұт.
Осы мысалдардағы құт сөзінің синонимі береке.
Тілімізде біршама сөздер жеке тұрғанда антонимдік жұп бола алмағанмен, белгілі бір контексте қарама-қарсы мағынада жұмсала алады. Оларды әдетте стильдік немесе контекстік антонимдер деп атаймыз.
Мысалы: Түйе ұрлаған да ұры, түйме ұрлаған да ұры (мақал). Осы мақалдағы түйе-түйме - контекстуалды антонимдер, яғни олар жеке тұрғанда антоним бола алмағанмен, мағына қарама-қарсылығы көбінесе контекске тәуелді болады.
Антонимдерге ең бай сөз табы- сын есімдер. Ал етістіктерден, зат есімдерден, үстеулерден азды-көпті кездессе, ал қалған сөз таптарынан өте сирек ұшырасады. Мысалы: Жуан жіңішкергенше, жіңішке үзілер. Ашу түбі-тұңғиық, батасың да кетесің, Ақыл түбі-желқайық, мінесің де кетесің (мақал).
Антонимдерді қолданудың әртүрлі жолдары бар. Ж.Мусин 7 жолын, Болғанбаев пен Қалиев 4 жолын көрсетеді.
Антонимдер бір сөйлем ішінде салыстырылып қолданылады. Досыңның пышағымен мүйіз кес, дұшпаныңның пышағымен киіз кес (мақал).
Антонимдер іргелес сөйлемдерде қарама-қарсы қойылып шендестіріледі. Жауластырмақ жаушыдан, елдестірмек елшіден (мақал).
Антонимдер ыңғайласып, кезектесіп қатар жұмсалады. Ащы мен тұщыны татқан білер, алыс пен жақынды жортқан білер.
Фразеологизмдер бір-біріне қарама-қарсы мәнде жұмсалады. Ит өлген жер-қарға адым жер.
Соңғы кезде зерттеушілер (Жұмабекова) қазақ тіліндегі антонимдерді градуалды, привативті және эквиполентті антонимдік оппозицияларға ажыратып жүр.
Градуалды оппозициялардың мүшелері белгілі бір касиеттің ең соңғы шегіне дейінгі дәрежесін білдіреді. Мысалы, суық-жылы – ыстық деген мысалдағы суық-ыстық антонимдік жұптың арасын дәнекерлейтін тағы бір сөз болуы мүмкін (мысалы, жылы). Мұны біл білімінде аралық ұғым дейміз.
Привативті антонимиялық оппозициялар мүшелері арасында аралық элементтің болуы мүмкін емес. Бұл қатарға әр түбірлі (бар-жоқ) және түбірлес (жанды-жансыз, таныс-бейтаныс) лексемалар енеді.
Эквиполентті антонимиялық оппозициялар мүшелері арасында тіл тәжірибесі арқылы орныққан ассоциативті қарама-қарсылық бар. Олардың өздерін 1) іс-әрекетке байланысты туындаған қарама-қарсылықты лексемалар (кіру-шығу; қуану-ренжу), 2) лексикалық конверсивтер (жығу-жығылу, жеңу-жеңілу), 3) үйлесімді ұғымдарды білдіруші сөздер (үсті-асты, оң-сол), 4) жыныстық, туыстық нышандары (әке-шеше, бала-қыз), 5) тәулік уақыты (күн-түн), 6) әлеуметтік қатынастары (бай-кедей), т.б. мағыналық жағынан ажыратылмайтын жұптарға топтастыруға болады.
Қазақ тілі антонимдерінің өзегін градуалды оппозициялар құрайды, ал привативті оппозициялардың жиілігі төмен де, эквиполентті оппозициялар өнімсіз қатарға енеді.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1.Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиев. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А,Сөздік-Словарь, 2006 ж.
2.Ә.Болғанбаев. Қазақ тілінің лексикологиясы. А.,1979, 1988, 1995.
3.М.Белбаева. Қазақ тілінің лексикологиясы.А., Мектеп. 1976.
4.А.Айғабылов. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1996 ж.
5. Ж.Мусин. Қазақ тілінің антонимдер сөздігі. А.1984 ж.
6. А.Жұмабекова. Қазақ тілінің антонимдер сөздігі. А. 2000 ж.
№7 дәріс. Қазақ тілінің негізгі сөздік қоры мен сөздік құрамы.
1.Қазақ тілінің негізгі сөздік қоры мен сөздік құрамы туралы түсінік.
2.Негізгі сөздік қор, оған тән белгілер.
3.Сөздік қор мен сөздік құрамның құрылымы.
Тіліміздегі сөздердің жиынтығы сөздік құрам немесе лексика деп аталады. Мысалы, 10 томдық Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде 100 000-ға жуық лексикалық бірлік енген. Ал сөздікке енбеген сөздер қаншама. Сондықтан тіліміздегі сөздердің қолданылу жиілігі, қалыптасу тарихы, атқаратын қызметі әр түрлі. Сондықтан да сөздік құрамдағы сөздер қолдану жиілігіне карай актив сөздер және пассив сөздер деп, екі салаға бөлінеді.
Актив сөздер бір тілде сөйлейтін адамдарға тек түсінікті болып қоймай, әрі олар жиі қолданатын сөздер жатады. Мұндай сөздер тілдің дамуынын белгілі бір кезеңіңде осы тілде сөйлейтін адамдардың бәріне ортақ, күнделікті тұрмыста жиі қолданылатын сөздер болып табылады.
Пассив сөздер бір тілде сөйлейтін адамдарға түсінікті болғанмен жиі қолданылмайтын сөздер болып табылады. Бұған әр ғылымның өзіне тән тар көлемдегі терминдері, көнерген сөздер, тарихи сөздер, диалектизмдер, кітаби сөздер жатады.
Сөздердің актив және пассив қабаттарға бөлінуі де белгілі дәреже шартты болады. Бір заманда актив қолданған сөздердің бірқатары келесі бір заманда пассив қабатқа ауысуы мүмкін. Мысалы: жаугершілік заманда жиі қолданылған атой салу, қорамсақ, адырна, кіреуке, дулыға, сауыт, шерік, қол т.б. сездер сол кездегі лексиканың актив қабатында болды. Бірақ бұлардың бәрі де қазіргі қазақ лексикасының пассив қабатыңдағы сөздер болып табылады. Бұдан лексиканың актив, пассив қабаттарындағы сөздердің құрамы үнемі бір қалыпты болмай, оның өзара қарым-қатынаста болатынын байқаймыз.
Сөздік құрамдағы сөздер қолданылу сипатына қарай бірнеше топқа болінеді:
1) сөздің әдеби және әдеби еместігіне қарай: әдеби лексика мен диалектілік лексика болып бөлінеді.
2) әдеби тілдегі сөздердің халықка таныс және онша таныс еместігіне қарай жалпыхалықгық лексика мен арнаулы лексика болып бөлінеді.
3) тілдегі сөздің жұмсалу аясы мен көркемдік мәніне қарай бейтарап сөздер мен экспрессивті сөздер болып бөлінеді.
Тіліміздің сөздік құрамы, біржағынан, өзінің ішкі мүмкіндіктерінің негізінде сөзжасамадық тәсілдер арқылы жаңа пайда болған сөздер арқылы, сондай-ақ сырттан енген ауыс-түйіс сөздер арқылы байып, толығып жатса, екінші жағынан, қажеттілікті өтеп барып, көнерген, ескірген сөздердің есебінен азайып отырады.
Қорыта айтқанда, тілімізде қарама-қарсы бағытта үздіксіз жүретін жаңғыру, жаңару, көнеру процестері - тілдегі сөз байлығын белгілі бір деңгейде ұстап тұратын, сөздік құрамды реттейтін басты тілдік заңдылық. Сөздік құрамдағы мұндай көнеру мен жаңару процесіне қарап, қоғам өмірінде болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістердің тілге әсерін барлауға болады.
Қазақ тіліндегі барлық сөздердің жиынтығы сөздік құрам болса, негізгі сөздік қор оның ұйтқысы, шығу арнасының ең маңызды бөлігі болып табылады. Сөздік құрамға қарағанда сөздік қордың мөлшері шағын болады. Бұлар көбіне бір буынды көп мағыналы сөздер. Негізгі сөздік қорға қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан байырғы төл сөздері жатады. Негізгі сөздік қор мен сөздік құрамның бір-бірінен түбірлі айырмашылықтары бола тұрса да, олардың ара жігі сіресіп қатып калған, өзгермейтін дүние емес, керісінше, бір-бірімен үздіксіз қарым- қатынаста болып отырады. Бұлардың өзара қарым- қатынасы мынадай жайттерден нақты көрінеді.
Негізгі сөздік қор мен сөздік құрам бір-бірін толықтырып, жаңартып отырады. Тіл дамуының бір кезендегі негізгі сөздік қорға енген сөздер, оның екінші бір кезеңінде сөздік құрамға ауысады. Мысалы: шидем, асадал, қорамсақ, кит кию, отқа салар, малай, дүре, әмеңгер, сабан, тіс агаш, құн алу т.б. сөздер бір кезде халық өмірінде аса қажет ұғымдары білдіріп, негізгі сөздік қорда болса, жаңа заманда ол ұғымдардың ескіріп қолданбауына байланысты сөздік құрамға ауысып, оның пассив қабаттынан (тарихи сөздер) орын алады.
Негізгі сөздік қордың сөз тудыруға ұйтқы болатын қасиетінің арқасында сөздік құрам үнемі жетіліп, толығып отырады. Негізгі сөздік қор сөзжасам тәсілдері арқылы тілдің бүкіл лексикалық жүйесінің даму бағытын анықтап, әрдайым сабақтастырып, байланыстырып отырады. Сол себепті бұлардың арақатынасының жылжымалы, шарты сипаты бар.
Сөздік қорға кез-келген сөз кіре бермейді. Қоғам, адам өміріндегі ең қажетті ұғымдарды білдіретін жалпыхалықтық сөздер ғана кіреді.
Қазақ тілінің негізгі сөздік корының құрамы біркелкі емес. Оның негізінде түркі тілдеріне ортақ байырғы сөздер жатыр. Бұлар көбінесе бір буынды көп мағыналы сөздер: тау, кол, жер, тас, үй, күн, түн, ай, жыл, айт, бар, кел, жүр, сен, мен, ол, бір, екі, үш, төрт, көк, ақ т.б. Сонымен бірге негізгі сөздік қорға ғасырлар бойы қалыптасқан қазақтың байырғы төл сөздері кіреді. Мысалы: туыстық атаулар: ата, ана,қарындас, нағашы, жиен, бөле, құда, құдағи, жеңге; мал атаулары: түйе, жылқы, сиыр, бота, құлын; хайуанат атаулары: қасқыр, түлкі, арыстан, қоян, қарсақ: ағаш атаулары: қайын, қарағай, мойыл, емен, тобылғы, шырша; киіз үй атулары: шаңырақ, туырлық, кереге, уык, бақан; жұмыс құралдарының таулары: күрек, балта, балға, ұршық, құрық, пышақ, біз; сапалық, сындық атаулары: жақсы, жаман, жеңіл, ауыр, қатты, жұмсақ, жылы, суық т.б. Ежелден сіңісіп жалпыхалықтық сипат алған кейбір кірме сөздер жатады. Мысалы: дастарқан, астар, жеке, жәрдем, жанжал, жануар, сыпайы, көрек,қошемет,зиян,орамал, ораза,намаз, нан, ғылым, рет, самауыр, бөтелке, т.б.
Негізгі сөздік қордың мынадай басты белгілерін көрсетуге болады. Бұл белгілер арқылы негізгі сөздік қордың сөздік құрамнан өзіндік ерекшелігін көрсетумен бірге, оған қандай сөздер енетінін анықтауға болады.
1.Негізгі сөздік қорға тән басты белгі - тұрақтылық. Оған бірнеше ғасыр бойы өмір сүріп, барша ұрпақ үнемі қолданып келе жатқан сөздер кіреді. Осы күнге қазақ тілінің негізгі сөздік қорындағы көптеген сөздерді бұдан бірнеше ғасыр бұрын жазылған ескерткіштерден кездестіруге болады. Мысалы, V асырдан қалған Талас ескерткішінде: ат, ер, сіз, тұл, отыз, ұғлан, қалмыш т.б.; VII-VIIIғ. Орхон- Енисей жазуында сіз, ол, өзім, көк, боз, ұлығ, кішік, оң, теріс, ат, күн, түн, қыз, бар,кел, оқы, біл, оң, алты, отыз т.б.; ХІғ, М. Қашғаридың сөздігінде: мен, сен, ол, екі, үш, алты, тоғыз, ат, өгіз, қой, ай, күн, түн, теңіз, ақ, қызыл, қара, бар, кел, оқы, өкін т.б.
2.Негізгі сөздік қорға тән екінші басты белгі- оның сөз тудыруға ұйтқы болатындығы. Негізгі сөздік қор болмаса, сөздік құрам молайып, байымас еді. Әсіресе негізгі сөздік қордағы бір буынды түбір сөздермен қаншама сөз жасалып отырған. Мысалы, бір- біріне жақын екі мағынада қолданылатын күн сөзінен әр түрлі сөзжасам тәсілдері арқылы: күндіз, күнгей, күнсу, күнім, күндік, күнелту, күндес, күншіл, күндеу, күнделік, күн ұзақ, күн ілгері, күншығыс, күнбатыс,күнбағыс, күн тән күн көру, күн ара т.б.; жер сөзінен: жершіл, жергілікті, жерлеу, жерлес, жерсіну, жерсіз, жермай, т.б. сөздер жасалған.
З.Негізгі сөздік қордың үшінші басты белгісі- оның жалпыхалықтық сипатында. Негізгі сөздік қорға енетін сөздерді қазақ тіліңде сөйлейтін адамдардың барлығы тек түсініп қоймайды, оны күнделікті өмірінде үнемі қолданып отырады. Бұл арада адамдардың қызмет, білім дәрежісіне, кәсібіне, жас мөлшеріне байланысты шек қойылмайды.
4.Негізгі сөздік қорға енетін сөздерге стильдік қабаттасулар тән емес. Оған кіретін сөздерді стильдік салалардың жеке түрлеріне телуге болмайды. Өйткені ол лексиканың ең негізгі саласы, жалпыхалықтық қолданыстығы сөздер.
Негізгі сөздік қор мен сөздік құрамның бір-бірінен түрлі айырмашылықтары бола тұрса да, олардың ара жігі сіресіп қатып қалған, өзгермейтін дүние емес, керісінше, бір-бірімен үздіксіз қарым-қатынаста болып отырады. Қазақ тілінің сөздік құрамы 3 тілдік стратифиграфиялық қабаттан тұрады:
1) жалпытүркілік қабат;
қазақтың байырғы төл сөздерінен тұратын тілдік қабат;
кірме сөздер қабаты.
Түркі тілдеріне ортақ сөздерге бір кездегі жалпытүркілік көне лексикадан сақталып қалған, осы күнгі түркі тілдерінің бәрінде кездесетін сөздер жатады. Сондықтан олар жалпытүркілік сөздер деп те аталады. Жалпытүркілік сөздерден түркі тілдерінің туыстығын, бір тектен шыққандығын көреміз. Түркі тілдерінің туыстығы, сайып келгенде, сол тілдерде сөйлейтін халықтардың шыққан тегінің бар екендігіне байланысты. Түркі тектес тілдер бір кездегі көнетүркілік ана тілдің диалектілірінен тараған.
Түркі тілдерінде ортақ сөздердің түрлері мынадай:
1.Адамның дене мүшелерінің атаулары: бас, құлақ, көз, қас, аяқ, бел, арқа, жақ, ерін, тіс, тізе, буын, шаш т.б.
2.Мал атаулары: ат, тай, бие, айғыр, інген, түйе, бұқа, өгіз, қой, сиыр, қысырақ, бұзау, қозы, бота, жылқы т.б.
3.Туыстық атаулар: ата, іні, келін, қатын, ұл, қыз, күйеу, нағашы, жиен, ер, аға, бажа, балдыз, әке, шеше т.б.
4.Жан-жануар, жәндік атаулары: қоян, түлкі, тиін, арыстан, доңыз, қаршыға, шымшық, қырғи, қаракұс, бөрі, қарға, бүкіт, қаз, үйрек, ит, қандала, мысық, тышқан, піл, аю, жылан, құрт т.б.
5.Табиғи құбылыс атаулары: жел, су, өзен, кол, ағаш, тас, ай, күн, жұлдыз, жауын, бұршақ, теңіз, жаз, күз т.б.
6.Түр-түсті, сапа-сынды білдіретін атаулар: қызыл, жасыл, қара, жирен, торы, қысқа, үзын, жаңа, коне т.б.
7.Сан есімдер: бір, екі, жарым, қырық, мың т.б.
8.Есімдіктер: мен, сен, ол, біз, қанша, неше, ештеңе, түгел, мынау, сонау, барша, түгел, қайсы, қалай т.б.
9.Қимыл атаулары: кел, кет, жүр, кір, көгер, ал, бер, қаш, қой т.б.
10.Үстеулер: ерте, кеш, ілгері, жоғары, төмен, қашық, алыс, шалғай, тез, жылдам, бұрын, түнде, жазда, қыста, күзде т.б.
11.Шылау сөздер: немесе, мейлі, дейін, соң, түгіл, таман, үшін, мен, де т.б.
Қазақтың байырғы төл сөздері сөздік құрамдағы сан жағынан ең мол қабат. Байырғы лексиканың негізінде түркі тілдеріне ортақ сөздер жатады. Сондай-ақ түрлі сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалған туынды сөздер де жатады. Мысалы: малшы, жылқышы, балалық, түндік, панасыз, бақытсыз, ақылдас, астыртын, айбалта, қып-қызыл, абысын-ажын, құм боран, т.т.Сөзжасам тәсілдері арқылы жасалған бұл сөздер қазақтың ежелден таныс, байырғы сөздері болып табылады да осы күнгі лексикамыздың дамуына, үздіксіз жетіліп отыруына негіз болады.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1.Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиев. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А,Сөздік-Словарь, 2006 ж.
2.Ә.Болғанбаев. Қазақ тілінің лексикологиясы. А.,1979, 1988, 1995.
3.М.Белбаева. Қазақ тілінің лексикологиясы.А., Мектеп. 1976.
4.А.Айғабылов. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1996 ж.
№8 дәріс. Қазақ тіліндегі кірме сөздер.
1.Қазақ тіліндегі кірме сөздердің сипаты, олардың зерттелуі.
2.Шығыс тілдерінен енген сөздер.
3.Орыс тілінен енген сөздер.
Қазақ тілінің сөздік құрамындағы кірме сөздер араб-парсы, монғол, орыс тілдерінен енген сөздерді құрайды. Олар - қазақ халқының тарихында араб, парсы, моңғол, орыс халықтарымен болған тарихи, мәдени, саяси, әлеуметтік байланыстарының, қарым-қатынасының нәтижесі.
Кірме сөздер (заимствование) дегеніміз тілдің өзіндік сөзжасам тәсілімен емес, басқа тілдердің ықпалымен жасалған немесе олардан енген сөздер. Яғни сөздің дыбыстық тұлғасы да, мағынасы да өзге тілге қатысты сөздер кірме сөздер делінеді. Жер шарында өмір сүріп келе жатқан үлкенді- кішілі халықтардың қай- қайсысында болсын өзге тілдермен ауысып келген кірме сөздер көптеп кездеседі. Мәдинетті кенжелеп дамыған ұсақ халықтарды былай қойғанда, мәдинетті гүлденіп өскен ең озат деген халықтардың сөздік құрамы да таза тума сөздерден құралмайтындығы дәлелденген.
Қазақ тілінің сөздік құрамындағы кірме сөздер негізінен төрт халықтың тілінен келіп енген: 1) араб тілі, 2) парсы тілі, 3) монғол тілі, 4) орыс тілі.
Ислам дінінің Қазақ даласына таралуы, сауда-саттықтың дамуы, шығыстың классикалық әдеби мұраларының далалық үлгіде жырлануы сияқты экстралингвистикалық факторлар әсерінен қазақ тіліне араб-парсы сөздері қазақтың біртұтас халықтық тілі қалыптасқанға дейін-ақ, орта ғасырлардың алғашқы ширегінен ене бастады.
Араб- парсы тілдерінен ауысқан сөздердің барлығы бірдей қазақ тілінің сөздік қорына енбегенімен, оның ішінде сөздік қордағы қазақтың тума сөзіндей ұзақ өмір сүріп, жаңа сөздер жасауға ұйтқы болған жасамыс байырғы сөздер көптеп табылады. Мысалы: мектеп, медіресе, мәдениет, қаражат, несие, дарбаза, мемлекет, дүние, тәржіме, абырой, ар-ождан, ғылым, ілім, парасат, дұға, азан, қиямет-қайым, шариғат, тамұқ, құрбан, айт, намаз сияқты көптеген сөздердің, тіптен Уәли, Уәсила, Гаукар, Фатима, Мұхамет, Жамал, Мәлік т.б. адам есімдерінің шығу тегі араб-парсы тілдеріне барып саяды. аса, абырой, ар, дүние, аспан, бақыт, шаруа, қызмет, зат, ақыл, құдай, қуат, дау, хабар, пайда, әйел, қас, баға, әл, азамат, айуан, дос т.б. Бұл сөздер кірмелігіне қарамастан, ұзақ өмір сүріп, сөздік қордағы сөздерге тән барлық қасиетке ие болған.
Араб-парсы тілдерінен ауысқан сөздер атқаратың қызметі жағынан өзара бірдей деуге болмайды. Бұларды негізінен төрт топқа бөліп қарауға болады:
І.Тілге әбден сіңісіп, қазақтың байырғы төл сөзіндей жымдасып кеткен актив сөздер. Мысалы: ас, бақыт, ар, дүние, шаруа, әл, дос, зат, кас, айна, дастархан, астар, нан, шам, сабын, сынап т.б.
2. Жалпы халыққа таныс әрі түсінікті бола отырып, әлеуметтік өмірдің,
шаруашылық пен өндірістің, түрлі мамандықтын белгілі бір саласында басым
жұмсалатын терминдік сипаты бар арнаулы сөздер. Мысалы: нарық, базар, байрақ, арзан, қарыз, борыш, хал-ақуал, зейнет, емтихан, үкім, шарт, зейін, ақпар, мәлімет, құн, мата, сайыс, жәрдем, жарнама, жүгері, керуен, т.б.
3. Әр түрлі экспрессивті- эмоциялық мәні бар, ерекше стильдік реңк тудыратын сөздер. Мысалы: махаббат, нұр, бісмілла, өмір, сапар, мәртебе, ғибрат, абзал, азамат, дария, мырза, қасиет, қайран, шіркін, астапыралла, т.б.
4.Әдеби тілдің шеңберінен біржола ығысқан немесе ығысуға жағын жүрген сөздер. Мысалы: уалаят, мілләт, ғазал, уәзір, мүкәммал, шайыр, сауал, сағыр, дәркер, баһадұр, шаһар, қам, шырағдан, жарапазан, мала, мизам, зәлзала, т.б.
Араб- парсы сөздері тілімізге негізінен үш сала бойынша енген:
І.Ғылым мен мәдениетке, әлеуметтік өмірге байланысты: тарих, әдебиет, мәдениет, хакім, тәрбие, тәржиме, емтихан, емле, ғалым, пән, сәлем, сапар, қазына, әдет, әлем, қабілет, қанағат, мағлұмат, назар, мәжіліс, мекеме, мектеп, дидар, бишара, абырой, дұшпан т.б.
2.Үй тұрмысы мен шаруашылыққа, саудаға байланысты: бәс, жиһаз, парақ, қаражат, кіре, шерік, ауқат, қасап, несие, шарап, бағбан, халва, дәм, дүкен, дарбаза, дихан, кеме, мақта, миуа, зембіл, сарай, құмыра т.б.
З.Дінге байланысты: құран, имам, мешіт, мүфти, құдірет, құрбан, ораза, дұға, азан, жәһәннам, жаннат, рамазан, жаназа, әулие, қажы, қазірет, қиямет, шариғат, айт, тамық, құтба, зікір, зекет, бейіш, намаз т.б.
Араб-парсы тілдерінен ауысқан кірме сөздер қазақтың төл сөздерімен синонимдік қарым-қатынаста жұмсала жүріп, стильдік мәні жағынан саралауына ықпал жасады.
Қазақ тілінің монғол тілдерімен карым-қатынасы екі түрлі жағдайда қарастырылады. Бірінші, қазақ тіліндегі монғол тілдерінен тікелей кірген сөздер жайында. Бұған ең алдымен екі халықтың ғасырлар бойы көршілес тұрып, бір-бірімен тікелей қарым-қатынас жасауы себеп болған.
Қазақ тіліне монғол тілдерінен кірген сөздер негізінен әкімшілік, ел билеуге байланысты: улыс, нөкер, жасақ, ноян, құрылтай, аймақ, жарлық т.б. Жер-су атауларына байланысты сөздер көп кездеседі: Тарбағатай (суырлы), Кандағатай (бұғылы), Толағай (бас), Катонқарағай (катон-қайын), Баянаул (Баин ола-Бай тау), Долаңқара (жеті тау), Зайсан (жақсы), Нұра (жыра), Мұқыр (шолақ қыска), Қорғалжын (хорһолджин-қорғасын), Қордай (қарлы), Алтай (алтын тау), Нор (кол), Нарынқол (жіңішке өзен) т.б.
Екінші, қазақ тіліне монғол тілдерінен ауысқан сөздерден басқа олардың бірінен біріне ауысты деуге келмейтін, екеуіне де ортақ сөздер жайында. Қазақ лексикасына монғол тіліндегі сөздермен түр-тұрпаты, мағыналары ұқсас, үйлес сөздер, әсіресе зат есім, сын есім, етістіктер көп табылады. Мысалы, малға байланысты: қой (қон), қойшы (кончын), төл (төл), бұқа (бух), бура (буур), баран (бараан), дөнежін (дөнөжин), қүнан (хуннан), қүнажын (гунжын), тұсамыс (туша), тоқым (тохом) т.б. : аңга байланысты: бүгы (буга), барс (барс), аң (ан), өлекшін (өлөгчин), қақпан (кавх), аулау (авлах), жым (жим) т.б. шаруашылыққа байланысты; әбдіре (абдар), тебен (тәбнә), алтын (алтан), темір (төмөр), жез (зес), балта (балт), бауырсак. (боорцог), балшық (балчиг), жапсар (завсар), домбыра (домбор) т.б. Туыстық атаулар: құдағи (худаги), ер (әр), абысын (авьсан), төркін (төргем) т.б. ; сын есімдер: ала (алаг), қап-қара (хап-хар), көкпенкөк (хов-көк), күрең (хурән), сары (шар), тентек (тәнгә) т.б.
Аса кернекті алтаист, поляк ғалымы В.Котвич монғол тілі лексикасының шамамен 25%, морфологиялық элементтерінің 50% түркі тілдерімен ортақ болып келетінін айтады. Көрнекті ғалым Рәбиға Сыздық түркі-монғол ортақтығына барып саятын бірқыдыру сөздердің қазақ тілінде әбден қалыптасып, жымдасқан сөз тіркестерін құрайтынын, оларды монғолдардан енген кірме сөз деп санауға болмайтынын айтады. Ғалым айылын жимау, туралап қалу, кұр атқа мінгендей сияқты тұрақты тіркестер құрамындағы «үрей» мағынасындағы айыл, «арықтау» мағынасындағы тұралау, «өткен жылдан мінілмеген тың am» мағынасындағы құр сөздерін түркі-монғолға ортақ сөз ретінде таниды.
Түркі-монғол тілдерінің базистік лексикасын және грамматикалық жүйесін салыстыра зерттеуші белгілі ғалым Б.Базылхан "Монғолша - қазақша" сөздікке енген 40 мың сездің 60% екі тілге ортақ сөздер екенін айтады.
Монғол тілдері мен түркі тілдерінің үйлестігі негізіне сөздік қордағы сөздермен қатар, олардың грамматикалық құрылысынан да айқын көрінеді. Түркі тілдері сияқты монғол тілдері де жалғамалы тілдердің қатарына жатады.
Орыс тілінен ауысқан кірме сөздерді екі кезеңге бөліп қараймыз; а) 1917ж. Қазан революциясына дейінгі кезең, ә) Қазан революциясынан кейінгі кезең.
Революцияға дейінгі кезеңде ауысқан орыс сөздері ауызша сөйлеу тілі арқылы енген. Қазіргі әдеби тілімізде революцияға дейін ауысқан орыс сөздері (бірлі-жарым терминдік мәні бар сөздерді қоспағанда) негізінен қазақ тілінің емлесіне сай, өзгерген қалпында жазылады. Бұл сөздерді мынадай топқа бөліп қараймыз.
а) Тұрмыс қажетіне қатысты сөздер: Мысалы, жәшік (ящик), кереует (кровать),
бөтелке (бутылка), бөшке, мошке (бочка), т.б.
ә) Әкімшілік басқару ісіне байланысты сөздер. Мысалы, ояз (уезд), шен (чин), мінәпас (манифест), болыс (волость), старшин (старшина), сот (суд), түрме (тюрма), уйез (уезд), губерне (губерня), т.б.
б) Ғылым мен мәдениетке, техникаға қатысты сөздер: Мысалы, зауыт (завод), пабрік (фабрика), мәшине (машина), параход миннот (минут), секонт (секунд), газет (газета), жорнал (журнал), агроном, кемназия (гемназия), т.б.
в) Қоныс аударуға қатысты сөздер: Мысалы, участке (участок), пылан (план), заимка, колония, землемер, қотыр (хутор), аренда (аренда), десетина (десятина), ысклад (склад), загон, сажен (сажень) т.б.
Екінші кезеңде орыс тілінен сөздер еш өзгеріссіз енген. Әсіресе орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа тілден енген сөздер қазақ терминологиясын қалыптастыруда терминдік ұғым атауы ретінде жұмсалды.
Әр ұлт тілінің терминологиясын жасауда қандай да бір ғылыми принципке негізделенеді. Қазақ тіліндегі терминологияны қалыптастыруда негізінен екі түрлі принцип бар. Бірінші, терминологияны қалыптастыруда қазақ тілінің өз мүмкіншілігін пайдалану.
Екінші прицип- терминдерге қазақ тілінде балама болмаған жағдайда оларды орыс тілінен алып пайдалану. Бұларға негізінен интернационалдық терминдер жатады.
Көптеген тілдерге ортақ, халықаралық сипаты бар сөздер интернационалдық терминдер деп аталады. Мысалы: биология, химия, атом, театр, графика, констетуция, революция, демократия, архитектор, циклон, роман, поэзия, пейзаж, континент, аптека, эксперемент, электр, экономика, грамматика, т.б.
Бөтен тілден енген сөздердің басым көпшілігі өздерінің әу бастағы мағынасын сақтайды, қабылдаушы тілде семантикалық тұрғыдан өзгеріске көп түсе қоймайды. Әйтсе де кірме сөздердің о бастағы мағынасын кұбылтып, өзгертетіндері сирек те болса кездеседі. Мысалы, француз тілінде "сөз"деген мағынаны білдіретін parole сөзі орыс тілінде пароль "жасырын шартты белгі", "жасырын сөз" деген мағынада қолданылады, ал қазақ тіліне пароль сөзі орыс тілі арқылы енгендіктен, оның әу бастағы француз тіліндегі мағынасы емес, орыс тіліндегі мағынасы сақталған.
Қорыта айтқанда, сөздік құрам, ең алдымен, сөз тудырудың сан алуан тәсілдері арқылы сол тілдің ішкі мүмкіншіліктері негізінде, тілде бұрыннан бар сөздердің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы және өзге тілдің атауларын өзгеріссіз қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
Ә. Болғанбаев, F. Қалиев. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А, Санат, 1997 ж.,
Ә. Болғанбаев. Қазақ тілі лексикологиясы. А, 1979, 1988.1995.,
Ә. Болғанбаев. Қазақ тілінің лексикологиясына кіріспе. Санат, А.
М. Белбаева. Қазақ тілінің лексикологиясы. Мектеп, А., 1976.
Кеңесбаев. Ғ. Мұсабаев. Қазіргі қазақтілі (лексика, фонетика). А., 1975.
Ф.Ш.Оразбаева және т.б. Қазіргі қазақ тілі. А., 2005.
А. Айғабылов . Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1996 ж.
К. Аханов. Қазақтілінің лексикологиясының мәселелері. А. 1956 ж.
№9 дәріс. Сөздердің қолдану өрісіне байланысты түрлері.
1.Жалпылама лексика.
2.Диалектілік лексика.
3.Арнаулы лексика.
Қазақ тілінде кәсіби сөз мол кездеседі. Оларды кәсіби өндірістік мәніне қарай, екі үлкен салаға бөлуге болады. Бір саласы әр түрлі шағын кәсіпке (балташылық, ұсталық, өрімшілік, тоқымашылық, зергелік, ою- өрнек т.б.) байлнысты сөздер. Мысалы, темір ұстасының құрал атаулары: тарақ балта (жүзі кедір- бұдыр балта), керме ара (жүзінің ортасында.
Кәсіби сөздер таралу сипаты жағынан да біркелкі емес. Осыған орай кәсіби сөздер екі топқа бөлінеді: жалпыхалықтық кәсіби сөздер, диалектілік (говорлық) кәсіби сөздер.
Жалпыхалықтық кәсіби сөздерге бүкіл халық тілінде қолданылып, әдеби тіл лексикасына еніп кеткен сөздер жатады. Бұларға ертеден белгілі жүгері, қарбыз, арпа, бидай, сұлы, мақта, шорпан, табан, жайын т.б. сөздерді былай қойғанда, неғұрлым кейін тараған дақыл, беде, танап, көшет, атыз, көмей, қияр т.б. сөздерді жатқызуға болады.
Диалектілік (говорлық) кәсіби сөздерге белгілі бір аймақ (облыс аудан) көлеміндегі кәсіпке қатысты, негізінен, сол жердің тұрғындары ғана қолданатын сөздер жатады. Мұндай кәсіби сөздер белгілі бір жерде ғана айтылып, таралу аймағы шектеулі болғандықтан, диалектілік (говорлық) сөздерге ұқсайды. Әдетте ондай сөздердің таралу шегі белгілі бір диалект я говор көлемінен деңгейлес келіп отырады. Диалектілік кәсіби сөздердің бірқатарың әдеби тілде жалпыхалықтық баламалары бар: аскелді- әдеби асқабақ; бәдірең- әд. қияр; көмбеқонақ, борми/порми-әд. жүгері т.б.
Диалектілік лексика қазақтың жалпыұлттық лексиканың бір саласы болып табылады. Бірақ оның таралған қолданылатын аумағы шектеулі, жалпыхалықтық сөздердей кең тарамаған. Қазақ диалектілері мен говорларның басқа түркі тілдердің диалектілері мен говорларнан басты бір ерекшелігі ең алдымен лексикалық диалектизмдерден, олардың молдығынан көрінеді. Диалектілік сөздерді әлеумет, табиғат, адам өмірінің барлық жағына байланысты көздестіруге болады.
Қазақ тіліндегі сөздер қолданылу өрісі (таралу шеңбері), стильдік қызметі жағынан әр түрлі болып келеді. Сөздердің қолданылу сипатына қарап жіктелетін түрлері үш салаға бөлініп қаралады: 1. Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлері. 2. Сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлері. 3. Сөздердің актив пассив қолданылатын түрлері. Төменде осыларға жеке- жеке тоқталынады. 3. Ауызша әдеби сөйлеу лексикасы. Сөйлеу тілінің лексикасы тек тұрмыстық-қарапайым, дөрекі, тұрпайы сөздерден, болмаса соларға жақын варваризмдерден тұрмайды. Адамдардың күнделікті қарым- қатынасы қарапайым-тұрмыстық деңгейде ғана бола бермейді, өмірдің әр түрлі жағын қамтиды. Мәдениеті жоғары, білімді, парасатты адамдар ауызекі сөйлегенде әдеби тілдің нормалық белгілерін сақтап, тұрпайы, дөректі, балапыт сөздерді араластырмай, өз ойын мәдениетті түрде жеткізіп отыруға дағдыланады.
Ауызша әдеби сөйлеу адамдардың әр түрлі тақырыпта өзара сұқбаттасуынан басқа лекция оқыған кезде, интервью бергенде, теледидардан сөйлегенде қолданылады. Бірақ ауызша әдеби сөйлеу лексикасының қолданылу реті оның кітаби (жазба) түрімен тіпті де бірдей деуге болмайды.
Арнаулы лексика дегеніміз қоғамдағы өзара ыңғайлас әр түрлі әлеуметтік топтардың мамандығына, қызметіне, шұғылданатын кәсібіне байланысты қалыптасқан сөздері мен сөз қолданыстары(сөйлемше я сөз тіркестері). Арнаулы лексика жалпы ұлттық лексиканың құрамына кіреді, бірақ оның да қолданылуы диалектизмдер сияқты шектеулі. Солай бола тұра оны диалектизмдермен шатыстыруға болмайды. Диалектизмдердің шектелуінде териториялық сипат болса, арнаулы лексиканың шектеулінде әлеуметтік сипат бар.
Арнаулы лексика екі салаға бөлінеді: А) кәсіби терминология, ә) кәсіби сөздер. Кәсіби терминология дегеніміз ғылым, техника, өндіріс т.б. саласындағы арнаулы ұғымдар мен зат атауларын дәл білдіру үшін жасалған сөздер мен сөз тіркестерінің жиынтығы. Демек, термин сөздерінің термин емес кез келген сөздерден ең басты айырмасы ғылым, техника т.б. саласындағы арнаулы ұғымдарды дәл анықтап білдіретіндігінде.
Терминдердің пайда болуы ғылым мен техниканың дамуымен тығыз байланысты. Терминдер негізінен бір дара ұғымды нақты білдіретіндіктен, көбінесе бір мағыналы болып келеді.
Қазақ тіліндегі кәсіби терминология негізінен екі түрлі жолмен жасалған. 1.Қазақ сөздерінен әр түрлі тәсіл арқылы жасалған терминдер: өркениет- цивилизация, ғарыш- космос, мәртебе- статус, елтаңба- герб, сынақ- зачет, төлдеме- окота, тербеліс-колебание, бөлшек сауда- розничная торговля, т.б.
2.Орыс тілінен қабылданған, қазақша баламалары жоқ ғылым, техника т.б. саласындағы интернационалдық арнаулы терминдер. Мысалы: математика терминдері: логарифм, квадрат, куб, аксиома, т.б. Физика терминдері: вольт, ампер, амплитуда, генератор, монокль, квант, бром, сульфат, коллоид, гидрат т.б. География терминдері: материк, глобус, планета, тайфун, муссон, карта т.б. Спорт терминдері: боксер, атлетика, футбол, волебол, баскетбол, штанга, спартакияда, тенис, физкультура стадион, акробатика т.б. Қоғамдық- саяси терминдер: девальвация, ремилитазация, неоколониализм т.б. әдебиет және өнер терминдері: театр, поэзия, сатира, опера, драма, комедия, роман, эпос, образ, режисер, пьесса т.б. Лингвистика терминдері: орфография, фонема, морфема, фраза,
Ә. Болғанбаев. Қазақ тілінің лексикологиясына кіріспе. Санат, А.
М. Белбаева. Қазақ тілінің лексикологиясы. Мектеп, А., 1976.
Кеңесбаев. Ғ. Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі (лексика, фонетика). А., 1975.
Ф.Ш.Оразбаева жэне т.б. Қазіргі қазақ тілі. А., 2005.
А. Айғабылов . Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1996 ж.
К. Аханов. Қазақ тілінің лексикологиясының мәселелері. А. 1956 ж.
№10-дәріс. Сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлері
1. Бейтарап лексика
2. Сөйлеу тілінің лексикасы
3. Кітаби лексика
Жалпылама лексика адам баласының күнделікті күн көріс тіршілігіне ең қажетті заттар мен құбылыстарға қатысты жалпы танымал сөздерді қамтиды. Бұлар бір тілде сөйлейтін адамдардың бәріне түсінікті ортақ болғандықтан, жалпылама лексика деп аталады. Мысалы: ауа, су, тамақ, үй, мал, нан, ағаш, кору, істеу, ішу, жеу, қоректену, суару, үлкен, кіші, жақын, ақ, қызыл, мен, т.б.
Бұл сияқты сөздер малшыға да егіншіге де, жұмысшыға да, аңшыға да, балықшыға да, ақынға да, ғылымға да, бір сөзбен айтқанда, қазақша тіл білетіндердің бәріне бірдей қызмет етеді. Жалпылама сөздердің негізінде стильдік мәні жағынан бейтарап лексика қалыптасады. Оларға қолданылу жағынан ешқандай шек қойылмайды, барлық стильге бірдей, ортақ мәнді қызмет атқарады. Бұл топқа енетін сөздер дүниедегі зат, құбылыс атауларын, қимыл- қозғалыстарды, сан- сапа мөлшерін ешбір қосымшасыз нақ болған күйінде алып дәл көрсетеді. Жалпылама лексикаға тән сөздер негізінен өзінің тура мағынасында жұмсалады. Мысалы: Мәскеуден ұшқан ұшақ Алматыға дәл уақытында келіп қонды. Мал биыл қыстан күйлі шықты. Бүгін ауа райы ашық болды. Жалпылама лексика бүкіл сөздік құрамындағы сөздердің сан жағынан ең көбі, тілдегі сөз байлығының негізін құрайды.
Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлері. Қазақ тілідегі сөздердің бәрі бірдей жалпыхалықтық сипатта еме, кең таралған жалпыхалықтық сөздерден басқа, қолданылу өрісі тар сөздер де бар. Осыған байланысты сөздер қолданылу өрісі жағынан өз ішінде екі топқа бөліеді: а) жалпылама лексика, э) қолданылу өрісі тар лексика. Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлерін мынадай кестемен көрсетуге болады.
Сөйлеу тілінің лексикасы. Сөйлеу тілі лексикасына функционалдық сөйлеу стильне тән сөздер жатады. Сөйлеу лексикасының өзіндік ерекшілігі бар. Оған қатысты сөздер: 1) адамның күнделікті тікелей қарым- қатынасы кезінде, емин- еркін сұқбат әңгіме үстінде қолданылады, 2) алдынала ойланып сұрыпталмай, сөйлеу үстінде әңгіменін желісіне қарай туып отырады, 3) тақырыптық аясы өте кең,яғни тақырып жағынан шек қойылмайды, қоғам, табиғат, адам өмірінің барлық жағын да қамтуы мүмкін.
Сөйлеу стилінің лексикасы лексика-сематиқалық, эксперативтық- стилистикалық сипаты жағынан өз ішінде бірыңғай емес. Сондықтан іштей мынадай топтарға бөлінеді: 1) тұрмыстық- қарапайым лексика, 2) варваризмдер, 3) әдеби- сөйлеу лексикасы. Тұрмыстық-қарапайым лексика. Бұған күнделікті өмірде, тұрмыстық қарым- қатынаста қолданылатын жалпы халыққа белгілі, сөйлеу тілінің аясындағы сөздер жатады. Тұрмыстық- қарапайым сөздердің ішінде бір нәрсенің бағасын кеміту, қүннің төмендету мақсатында қолданылатын, стилистикалық бояуы бар сөздер, дөрекі, тұрпайы сөздер,көп кездеседі. Мысалы, оған кемсітір мыртық, қатын, су мұрын, салпан құлақ, салты етек, жаман неме т.б. сөздер; мысқыл- мазақ мәніндегі: шикіл сары, т.б. тұрпайы, дерекі мәнді: қақбас, ит неме
көкайыл, т.б. алғыс- тілек мәнді: жолың болғыр, көп жасағыр, тәңір жарылқысын т.б. сөздер мен тұрақты сөз тіркестері жатады.
Варваризмдер тілге етене болып сіңбеген соншалықты зәрулігі жоқ бөтен тілдің сөзі деген ұғымды білдіреді. Варваризмдердің 4 түрлі жолдары бар: 1 .Кейде бір халықтың шынайы өмірін, суреттеп көрсетпек болғанда, сол елдің ұлттық ерекшелігін бейнелеу мақсатымен варваризмдер саналы түрде әдейі қолданылады.
2)Тыңдаушыға ерекше әсер етіп, күлдіру үшін халық ақындары да варваризмдерді пайдаланады. Мысалы: Ойласам как родился сенің өзің? (Ақан сері). 3)Өзге тілдегі сөздерді сөзбе-сөз аударуға қиын тиген жағдайда, варваризмдер сол қалпында ешбір өзгертілмей алынады. Мәселен, Абай шығармаларында қазақ тіліне сіңбеген мынадай орыс сөздері кездеседі: визит, виноват, военный, оброзование, уезный, начальник, военный, губернатор, т.б. Сол сияқты Абай шығармаларында араб- парсы тілдеріне тән сөз тіркестері де сол қалпында келтіреді. Мысалы: агләмланған фиглы хүда (алланың салған ақ ісі), алла табарәкә уа тағала (жарылқаушы және ұлы тәңірі), әддүния мәзгәратүл ақирәт (бүл дүние ақиретің- егіні, азығы), т.б.
4)Варваризмдер кейде қоғамдығы жағымсыз жексұрын типтерді халыққа мазақ етіп келемеждеу үшін де қолданылады. Мысалы:
Барымта мен партия
Бәрі мастық, жұрт құмар.
Сыпыра елірме, сұрқия
Көп пияншік нені ұғар (Абай). Кітаби лексика. Қазақ тіл білімінде "кітаби лексика" деген ұғым тек өткен дәуірлердегі жазба әдеби тілде ("кітаби тілде") қолданылған сөздер мәнінде түсіндіріліп келеді. Кітаби лексика дегеніміз әдеби лексика бірдей болуы мүмкін емес, сол себепті ол өзінің даму, қалыптасу тенденциясына қарай іштей жіктеліп отырады. Мәселен, қазақ тіліндегі кітаби лексика тарихи жэне қазіргі тұрғыдан екі салаға бөлінеді. 1) ескі дэуірдегі кітаби лексика, 2) қазіргі кітаби лексика.
Кітаби лексика деп белгілі дәрежеде әдеби нормаға түскен, стилистикалық қолданысы жағынан саралған (шектелген) жазба тілге тән сөздерді айтамыз.
Ескі дэуірдегі кітаби лексика. Бұрынғы дәуірлердегі жазба мұралардың тілі, соларға тән жазу дәстүрі ескі кітаби тіл деп, ал сол нұсқаларда қолданылған түркі тілдерінде ортақ сөздер ескі дәуірдегі кітаби лексика деп аталады. Қазақ тілі түркі тілдерінің бірі болғандықтан, өткен дәуірлерден қалған түркі тілдері ескерткіштерінің қазақ тіліне тікелей қатысы бар.
Ескі кітаби тіл дәстүрі қазақ әдеби тілінің барлық кезендеріне де әсерін тигізген. Оны қазақтың ауыз әдебиет үлгілерінен де, XV- XVII, XVIII-XIX ғасырлардағы әдеби тілден де, жаңа жазба әдеби тілдің негізінен салған Абай, Ыбырай шығармаларынан да, тіпті ХХғ. басындағы қазақ әдеби тілінен де байқауға болады. ХХг басында кітаби тіл дәстүрінде жазуды ұстанған Ш. Жәңгірұлы, М. Қалтайұлы сияқты шайырлар (ақындар) болғаны белгілі.
Түркі халықтарының жазба ескерткіштерінде кездесетін кітаби лексика мынадай формада ұшырасады. Мысалы: қаган (хан), беглер (бектер), йок (жоқ), оглы (ұлы), үчүн (үшін), теңрі (тәңрі), будун (халык), йол (жол), йүз (жуз), т.б.
Қазіргі кітаби (әдеби лексика). Бұған сөйлеу тілінің тұрмыстық-қарапайым лексиканан, диалектизмдерден басқа, әдеби нормалық белгілердің қатаң сақталуын талап ететін публицистикалық, ғылыми және ресми кұжаттар стильдерінде, көркем әдебиет тілінде қолданылатын сөздер жатады. Әрбір стильге тән сөздер олардың бәріне ортақ белгілермен сипатталады
Ресми іс қағаздарында кейде бір заттың я ұғымның атауы қолданылу орнына қарай әр түрлі аталады. Мысалы, адам деген сөз ресми құжаттарда- азамат жолдас, телефон, станиясында-абонент, ательде-заказ беруші, шаштаразда- клиент, ауруханада- науқас, санаториеде- демалушы, тынығушы, транспортта- жолаушы т.б. болып айтылады.
Публицистикалық стильдегі сөздер өздерінің әсерлілігімен, тартымдылығымен,баяндау қисындылыгымен, ойға қондымдылығымен, ақпараттық мәліметтердің дәйектілігімен сипатталады. Мысалы, үтек соңғы жылдардағы нарықтық реформа жағдайында: әлуметті атқараушы өкімет, коррупцияны тұншықтыру, қылмыстылықпен қажырлы күрес жүргізу, экономикада қалыпты реформа жасау, ресми тіл статусы, т.б. сөздер қолданысқа енді.
Стильаралық бейтарап лексика. Стильаралық лексикаға функционалдық стильдердің ешқайсысына да жатқызуға болмайтын сөздер жатады. Мысалы, нақты заттар мен құбылыстарды білдіретін: еңбек, күнкөріс, кемшілік, көпшілік, ауа райы, банк, базар, келісім, сауда- сатық, көше, кітап, жаратылыс, трамвай, машина т.б. белгі сапа, қасиетті білдіретін: байыпты, икемді, пайдалы, зиянды, сулы, таулы, малды, дауысыз, білімді, қоғамдық, азаматтық т.б. қимыл- әрекетті білдіретін: көтеру, аудару, күресі, қуану, ренжу, жарқырау, күркіреу, илану т.б.
Бұл айтылғандардан стильаралық лексиканың жалпылық, ал функционалдық стильдердің шектеулі сипаты бар екенін көреміз. Стильаралық сөздер нақты бір стиль дәрежесінде емес, стильдердің бәріне қатысты болғандықтан, бейтарап лексика деп те аталады. Стильаралық бейтарап лексика өзінің осындай қасиеттерін байланысты функционалдық стильдерден ерекшеленіп отырады.
Стильаралық сөздер сөйлеу тілінде болсын, жазба тілде болсын қолданылатын лексиканың негізін қалайды. Оларсыз ауызша, болмаса жазбаша қарым-қатынас жасау мүмкін емес. Функционалдық стильдердің қай- қайсысы болсын тек өздеріне тән, қолданылуы шектеулі сөздерден тұрмайды, керісінше, олардың сөздігі стильаралық лексикаға негізделеді
Стильаралық лексиканың басқа функционалдық стильдердін лексиканың негізгі айырмашылығы зат, құбылыс, сапа, қасиет, іс- әрекет, атауларын қарапайым, нақты қалпында білдіретіндігінде. Негізінен алғанда,зат,кұбылыстарды, олардың қасиеттерін бейнелеп, мәнерлеп қолдану стильаралық стильге тән емес. Мысалы: дәулет "байлық, қазына, дүние- мүлік" сияқты негізгі заттық мағынасынан басқа "бақ, ырыс" деген қосалқы мағынаға да ие.
Сөздер зат, құбылысты, олардың белгі- қасиетін, болмаса іс- әрекетін ғана атап білдіріп қоймайды, сонымен бірге адамның сезіміне әсер ететіндей стильдік мәнге ие болады. Адамның сезіміне әсер ететін сөздер тобы экспрессивтік- эмоционалды лексика деп аталады. Сөздің экспресивтік сипаты оның бейнелі, мәнерлі айтылуынан, ал эмоционалдығы оған қоса адамның бір затқа, құбылысқа өзіндік көзқарасын, көңіл күйін, сезімін білдіруінен көрінеді. Сөздің бейнелі, мәнерлі айтылуы мен сезімге әсер ету қасиеті бір- бірімен тығыз байланысты. Эмоция бар жерде экспрессивтік болады. Ол эмоционалдық бояуы бар сөздер арқылы білдіріледі.Әсіресе сүйіспеншілік,масаттанушылық, мақтанушылық, есіркеушілік,еркелік,таңырқаушылық,жағымпаздық, қошаметшілік, өшпенділік,үрейлену,сес көрсету сияқты адамның жағымды- жағымсыз қасиеттерін білдіруде жиі кездеседі. Экспрессивтік- эмоционалды сөздер барлық стильде қолданыла бермейді, олар негізінен сөйлеу тілі мен көркем әдебиетке тән.
эмоционалды лексика эр түрлі жолмен тұрып эмоционалдық бояуға марқұм, ғажап, мыстан, сайқал,жексұрын, сұмпайы, жайсаң, дарқан,т.б. Мысалдар: - Уа, кемпір, шүйінші-шүйінші! Сатан келді, Сатан!- деп қозы тартқыш Үйрекбай айғайлайды (I. Жансүгіров). 2.Кейбір сөздер белгілі бір текст ішінде эмоционалдық бояуға ие болады. Мысалы: Қарағым, неткен сұлу ең!? Деп таңырқап, Ертегі қылып айтқан сөз! Неткен мойын, неткен көз!
Бейнелі сөздердің қайнар көзі еліктеуіш сөздерде жатыр. Мысалы, "басасың аяғыңды ырғаң-ырғаң, сылдырлап шашбауың мен алтын сырғаң" дегендегі бір ғана ырғаң-ырғаң сөзінде қаншама бейнелі көрініс бар. Бұл сияқты еліктеуіш сөздер қазақ тілінде өте мол.
Пайдаланылатын эдебиеттер
Ә. Болғанбаев, Ғ. Қалиев. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А, Санат, 1997 ж.,
Ә. Болғанбаев. Қазақ тілі лексикологиясы. А, 1979, 1988.1995.,
Ә. Болғанбаев. Казак тілінің лексикологиясына кіріспе. Санат, А.
М. Белбаева. Қазақтілінің лексикологиясы. Мектеп, А., 1976. ^
Кеңесбаев. Ғ. Мұсабаев. Қазіргі қазак тілі (лексика, фонетика). А., 1975.
Ф.Ш.Оразбаева және т.б. Қазіргі казак тілі. А., 2005.
А. Айғабылов . Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1996 ж.
К. Аханов. Қазақ тілінің лексикологиясының мәселелері. А. 1956 ж.
№11-дәріс. Фразеология, оның зерттеу нысаны, мақсаты
1. Қазақ тілінің біртұтас лексикалық жүйесіне фразеологияның қатысы
Тұрақты тіркестердің басты белгілері
Еркін жэне тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестердің түрлері
Фразеология деген термин негізінен екі түрлі мағынада қолданылады. Бірінші мағынасы тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін тіл білімінің саласы деген ұғымда қолданылады. Екіншісі - бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы дегенді білдіреді. Фразеология жеріне жеткізе зерттеліп біткен ғылым деп айтуға болмайды. Мұның шешілмеген даулы мәселелері өте көп. Сондықтан да соңғы жылдарға дейін мұны жеке пән ретінде арнайы зерттеушілер тым аз болды. Көбінесе лексикалық қор ретінде сөз байлығы деген топқа жатқызып, лексиканың көлемінде тексерумен шектеліп келгендігі мәлім.
Фразеологизмдердің өз алдына дербес лингвистика саласы екендігін танытатын негізінен үш түрлі басты белгісі бар. Олар: 1) даяр қалпында жұмсалу белгісі, 2) мағына тұтастығы, 3) тіркес тиянақтылығы.
Фразеологизмдердің даяр қалпында жұмсалу белгісі еркін сөз тіркесімен салыстырғанда айқын байқалады. Мысалы, Дәурен қалаға жүрейін деп отыр деген бір сөйлемді әркім неше саққа жүгіртіп өзгерте беруіне болады. (Дәурен қалаға жүгірмекші, Дәурен жақын арада қалаға бармақшы, Дәурен қалаға барам ба деген ойда т.б.). Бұл сияқты еркін сөз тіркестері қатынас жасау процесінде әркімнің өз қалауы бойынша жасалады. Белгілі бір ойды кім қалай етіп жеткізсе де өз еркі деген сөз. Мәселен төбесі көкке жетті дегенді төбесі көкке жетейін деп тұр, төбесі көкке жетпекші деп өзгертуге болмайды. Оның сыртқы құрылым-құрылысы еркін тіркеске ұқсағанымен сөйлем ішінде қолданғанда біртұтас даяр күйінде жұмсалады. Ешкімнің ырқына көнбей, даяр тұрған құрылыс материалы ретінде қызмет етеді де сол қалпында сөйлемнің құрылымына енеді. Еркін сөз тіркесінің әрбір сыңары мағыналық дербестігін сақтап, сөйлемде әр басқа мүше ретінде жұмсалады. Синтаксистік сөз тіркесі белгілі бір үлгілер, ережелер бойынша сөйлесу кезінде жасалады. Демек, фразеологизмдердің даяр қалпын сақтай отырып қолданылуы оның еркін сөз тіркестерінен ерекшелігін білдіретін белгілердің бірі екенін көреміз.
Фразеологизмдер бір бүтін сөз бірлігі ретінде қолданылуы жағынан лексикалық сөз бірлігіне, жеке сөзге ұқсайды. Жалаң сөз де күрделі сөз де сөйлеу кезінде жасалмайды, даяр тұрған құрылыс материалы ретінде сөйлемнің құрамына енеді. Мысалы, бала, балалы, балалық, балалы-шағалы тәрізді сөздер сөйлемнің құрамына енгенде бұлар түбір морфемаға жіктелмейді, әрқайсысы бір бүтін сөз бірлігі ретінде жұмсалады. Фразеологизмдерді де дәл осы сияқты құбылыс деп тану керек. Бұлар бірнеше сөздің тіркесінен құралғанымен, тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан дербес мағыналық бөлшектерге бөлінбейді, сөйлегенде тұтас күйінде қаз-қалпын бұзбай қолданылады. Мысалы, жер аяғы кеңіді, жерге қаратты, жерден алып, жерге жалды, жер-жебіріне жетті т.б. Бұлар құрылым-құрылысы жағынан қаншалықты күрделілігіне қарамастан, сөйлем ішінде әрқайсысы жеке сөздермен бірдей болып теңесіп тұрады. Мәселен, қыздың жиған жүгіндей деген фраза әсем, көркем, көрікті деген синонимдердің бірлесуімен парапар.
Фразеологизмдердің өзіндік екінші белгісі - мағына тұтастығы. Ол мағына тұрақты тіркесті құрастырушы сыңарлардың мағыналарына сәйкеспейді, оларға тәуелсіз, өздігінен өмір сүреді. Мысалы, жерден жеті қоян тапқандай дегеннен қатты қуанды, шаттанды дегенді түсінеміз. Бұл мағынада жер, жеті, қоян, табу деген төрт сөздің бірде біреуімен байланыспайды, бірақ сол төрт сөздің қаз-қатар жұптасып қолданылуы арқылы пайда болады. Фразеологизмдер бір бүтін сөз бірлігі ретінде қолданылып қана қоймайды, мағыналық жағынан да біртұтас бірлік ретінде көрінеді. Фразеологизмдердің мағыналары бірдей деп санауға болмайды. Сөз түбір мағынаны, яғни лексикалық мағынаны білдіреді. Ал фразеологизмдер әрқашанда туынды мағынада жұмсалып, сөзбен баламалық қатыста емес, жанамалық байланыста тұрады. Зерттеушілер қазіргі кезде сөз бен еркін тіркес мағынасын лексикалық мағына, болатын тұрақты тіркестердің мағынасын фразеологиялық мағына деп жіктеп береді Өзара тығыз жымдасып орналасқан сөздердің жігі ажыратылмай тұрады. Олар бір-бірімен иін тіркесіп, өзге сөздермен алмастыруға я болмаса, тұрақты орын тәртібін өзгертуге келмейді. Мысалы, мұрнын көкке көтерді дегеннің орнына қолын көкке көтерді десек, мән-мағынасын бүтіндей өзгертіп жібереді. Тұрақты тіркес еркін тіркеске айналып кетеді.
Кейде тұрақты тіркестің құрамындағы бір сөздің әр түрлі тұлғасынан әлденеше фразеологизмдер жасала беруі де мүмкін Мысалы, жамбасы жерге тигенше (өле-өлгенше тиді (өлді), жамбасы жерге тимеген (ешкімнен жығылып көрмеген ретте жалғыз дыбыстың бір өзі-ақ тұрақты тіркестің мән-мағынасын өзгертіп жібереді. Мысалы, тіл тиді деген сұқтанды деп түсінсек, тілі тиді болса біреуді біреу балағаттап сөкті, тілдеді болып мүлдем басқаша мағынаға ауысады.
Фразеология деген термин негізінен екі түрлі мағынада қолданылады. Бірінші мағынасы тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін тіл білімінің саласы деген ұғымда қолданылады. Екіншісі - бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы дегенді білдіреді. Фразеология жеріне жеткізе зерттеліп біткен ғылым деп айтуға болмайды. Мұның шешілмеген даулы мәселелері өте көп. Сондықтан да соңғы жылдарға дейін мұны жеке пән ретінде арнайы зерттеушілер тым аз болды. Көбінесе лексикалық қор ретінде сөз байлығы деген топқа жатқызып, лексиканың көлемінде тексерумен шектеліп келгендігі мәлім.
Фразеологизмдердің өз алдына дербес лингвистика саласы екендігін танытатттын негізінен үш түрлі басты белгісі бар. Олар: 1) даяр қалпында жұмсалу белгісі, 2) мағына тұтастығы, 3) тіркес тиянақтылығы.
Фразеологизмдердің даяр қалпында жұмсалу белгісі еркін сөз тіркесімен салыстырғанда айқын байқалады. Мысалы, Дәурен қалаға жүрейін деп отыр деген бір сөйлемді әркім неше саққа жүгіртіп өзгерте беруіне болады. (Дәурен қалаға жүгірмекші, Дәурен жақын арада қалаға бармақшы, Дәурен қалаға барам ба деген ойда т.б.). Бұл сияқты еркін сөз тіркестері қатынас жасау процесінде әркімнің өз қалауы бойынша жасалады. Белгілі бір ойды кім қалай етіп жеткізсе де өз еркі деген сөз. Мәселен төбесі көкке жетті дегенді төбесі көкке жетейін деп тұр, төбесі көкке жетпекші деп өзгертуге болмайды. Оның сыртқы құрылым-құрылысы еркін тіркеске ұқсағанымен сөйлем ішінде қолданғанда біртұтас даяр күйінде жұмсалады. Ешкімнің ырқына көнбей, даяр тұрған құрылыс материалы ретінде қызмет етеді де сол қалпында сөйлемнің құрылымына енеді. Еркін сөз тіркесінің әрбір сыңары мағыналық дербестігін сақтап, сөйлемде әр басқа мүше ретінде жұмсалады. Синтаксистік сөз тіркесі белгілі бір үлгілер, ережелер бойынша сөйлесу кезінде жасалады. Демек, фразеологизмдердің даяр қалпын сақтай отырып қолданылуы оның еркін сөз тіркестерінен ерекшелігін білдіретін белгілердің бірі екенін көреміз.
Фразеологизмдер бір бүтін сөз бірлігі ретінде қолданылуы жағынан лексикалык сөз бірлігіне, жеке сөзге ұқсайды. Жалаң сөз де күрделі сөз де сөйлеу кезінде жасалмайды, даяр тұрған құрылыс материалы ретінде сөйлемнің құрамына енеді. Мысалы, бала, балалы, балалық, балалы-шағалы тәрізді сөздер сөйлемнің құрамына енгенде бұлар түбір морфемаға жіктелмейді, әрқайсысы бір бүтін сөз бірлігі ретінде жұмсалады. Фразеологизмдерді де дәл осы сияқты құбылыс деп тану керек. Бұлар бірнеше сөздің тіркесінен құралғанымен, тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан дербес мағыналық бөлшектерге бөлінбейді, сөйлегенде тұтас күйінде қаз-қалпын бұзбай қолданылады. Мысалы, жер аяғы кеңіді, жерге қаратты, жердей алып, жерге жалды, жер-жебіріне жетті т.б. Бұлар құрылым-құрылысы жағынан қаншалықты күрделілігіне қарамастан, сөйлем ішінде әрқайсысы жеке сөздермен бірдей болып теңесіп тұрады. Мәселен, қыздың жиған жүгіндей деген фраза әсем, көркем, көрікті деген синонимдердің бірлесуімен парапар.
Фразеологизмдердің өзіндік екінші белгісі - мағына тұтастығы. Ол мағына тұрақты тіркесті құрастырушы сыңарлардың мағыналарына сәйкеспейді, оларға тәуелсіз, өздігінен өмір сүреді. Мысалы, жерден жеті қоян тапқандай дегеннен қатты қуанды, шаттанды дегенді түсінеміз. Бұл мағынада жер, жеті, қоян, табу деген төрт сөздің бірде біреуімен байланыспайды, бірақ сол төрт сөздің қаз-қатар жұптасып қолданылуы арқылы пайда болады. Фразеологизмдер бір бүтін сөз бірлігі ретінде қолданылып қана қоймайды, мағыналық жағынан да біртұтас бірлік ретінде көрінеді. Мысалы, кір жуып, кіндік кескен жер (атамекен, туған жер), екі аяғын бір етікке тықты (тықсырды, састырды) дегендердің бәрі де құрылым-құрылысы жағынан түрлі-түрлі болғанымен, әрқайсысы мағына тұтастығымен сипатталады. Фразеологизмдердің мағына тұтастығын жеке сөзбен нақ бірдей деп санауға болмайды. Сөз түбір мағынаны, яғни лексикалық мағынаны білдіреді. Ал фразеологизмдер әрқашанда туынды мағынада жұмсалып, сөзбен баламалық қатыста емес, жанамалық байланыста тұрады. Зерттеушілер қазіргі кезде сөз бен еркін тіркес мағынасын лексикалық мағына, ал жанамалық қатыста болатын тұрақты тіркестердің мағынасын фразеологиялық мағына деп жіктеп береді. Мәселен, біреулердің басының көлеміне қарап, үлкен бас, кіші бас немесе басы үлкен, басы кіші деуге болады. Мұндағы үлкен мен кіші дегенде ешқандай эмоциялық бояу жоқ. Сөздің дәл ұғымын көрсетіп тұр.
Тіркес тиянақтылығы да фразеологизмдердің ең негізгі белгілерінің біріне жатады. Тиянақты сөз тізбегіндегі сөздер әркімнің қалауынша емес, қалыптасқан белгілі жүйемен орналасқан. Өзара тығыз жымдасып орналаскан сөздердің жігі ажыратылмай тұрады. Олар бір-бірімен иін тіркесіп, өзге сөздермен алмастыруға я болмаса, тұрақты орын тәртібін өзгертуге келмейді. Мысалы, мұрнын көкке көтерді дегеннің орнына қолын көкке көтерді десек, мән-мағынасын бүтіндей өзгертіп жібереді. Тұрақты тіркес еркін тіркеске айналып кетеді.
Кейде тұрақты тіркестің құрамындағы бір сөздің әр түрлі түлғасынан әлденеше фразеологизмдер жасала беруі де мүмкін Мысалы, жамбасы жерге тигенше (өле-өлгенше), жамбасы жерге тиді (өлді), жамбасы жерге тимеген (ешкімнен жығылып көрмеген, күшті). Қай ретте жалғыз дыбыстың бір өзі-ақ тұрақты тіркестің мән-мағынасын бүтіндей өзгертіп жібереді. Мысалы, тіл тиді деген сұқ тиді, көз тиді дегенді түсінсек, тілі тиді болса біреуді біреу балағаттап сөкті, тілдеді болып мүлдем басқаша мағынаға ауысады.
Пайдаланылатын эдебиеттер
Ә. Болғанбаев, Ғ. Қалиев. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А, Санат, 1997 ж.,
Ә. Болғанбаев. Қазақ тілі лексикологиясы. А, 1979, 1988.1995.,
Ә. Болғанбаев. Казак тілінің лексикологиясына кіріспе. Санат, А.
М. Белбаева. Қазақтілінің лексикологиясы. Мектеп, А., 1976. ^
Кеңесбаев. Ғ. Мұсабаев. Қазіргі қазак тілі (лексика, фонетика). А., 1975.
Ф.Ш.Оразбаева және т.б. Қазіргі казак тілі. А., 2005.
А. Айғабылов . Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1996 ж.
К. Аханов. Қазақ тілінің лексикологиясының мәселелері. А. 1956 ж.
№12-дәріс. Фразеологизмдердің шығу арналары
Фразеологизмдердің мақал-мәтелдерге қатысы. Сөйлеу кезінде жасалынбай, даяр қалпында қолданылу жағынан мақал-мәтелдер фразеологизмдерге ұқсайды. Мақалдар негізін былай болып келеді де, алдыңғысында іс-әрекеттің шарты мен жағдайы айтылмай сол пікірді түйіндеп қорытындылайды. Мысал: жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа. Аяғы жаман төрді былғайды. Сұлу - сұлу емес, сүйген сұлу т.б. Мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтып, қорытынды жасаудың тамаша үлгісі.
Мақал-мәтелдерде ұғымнан гөрі нақтылы ойды түйіндеп айту басым болады. Сондықтан бұлардың сыртқы кұрылым-қүрылысы сөйлемге ұқсайды. Ал фразеологизмдер керісінше, нақтылы бір ұғымды астарлап айтып, тұтас алғанда жеке сөзге теңесіп тұрады. Мақал-мәтелдер мен фразеологизмдер талай замандар бойында жасалып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады.
Фразеологизмдерге ұйытқы болатын сөздер. Тұрақты сөз тіркестері мен күрделі сөздер сөздікте берілгенде, бірінші сөздің әліпбилік тәртібіне қарай орналастырылады. Фразеологизмдердің бірінші сөзі көп жағдайда ұйытқы соз деп аталады. Әсіресе сын есімдерден (ақ, ала, кең, көк, қызыл), сан есімдерден (бір, екі, үш, төрт), бірлі-жарым етістіктерден болған ұйытқы сөздер әрқашан фразеологизмдердің бірінші сөзі болып жұмсалады. Мысалы, ақ айыл, ақ боран, ақ маржан, көкжал, көк майса, кок долы, бір үзім, бір ілім, екі үшті, қырық жамау, өлгенде көрген, өлгенше жақсы көрді, жатып ішер, жазбай танды т.б.
Ұйытқы сөз фразеологизмдердің бірінші сөзі болып келуі басты шарт болып табылмайды. Екі компонента зат есімнен болған фразеологизмде ұйытқы сөз бірінші болып та, соңынан екінші болып та тұра береді.
Тілдегі кез-келген сөз фразеологизмдерге ұйытқы бола алмайды. Халықтың өзімен қоса жасасып келе жатқан байырғы сөздік қордағы сөздер ғана ұйытқы сөз бола алады. Сөздің сапа жағынан қаншалықты дамығандығын көрсететін бірден-бір белгі - оның көп мағыналық сипат алып, туынды мағынада жұмсалып, әлденеше фразеологизмдерді тудыруға себеп болуында.
Фразеологизмдердің сөз табына қатысы. Белгілі бір ұғымды бір сөзбен де, екі немесе одан көп сөздердің жымдасып келіп, жанама мағынада айтылуы арқылы да білдіруге болады. Тұрақты тіркестерге тән ортақ қасиет бұлардың құрамындағы сөздер дараланбай, мағынаның тұтастығы мен бірлігіне бағынышты, әрі тәуелді болады да, бір енгенде бұлар түбір морфемаға жіктелмейді, әрқайсысы бір бүтін сөз бірлігі ретінде жұмсалады. Фразеологизмдерді де дәл осы сияқты құбылыс деп тану керек. Бұлар бірнеше сөздің тіркесінен кұралғанымен, тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан дербес мағыналық бөлшектерге бөлінбейді, сөйлегенде тұтас күйінде қаз-қалпын бұзбай қолданылады. Мысалы, жер аяғы кеңіді, жерге қаратты, жерден алып, жерге жалды, жер-жебіріне жетті т.б. Бұлар құрылым-құрылысы жағынан қаншалықты күрделілігіне қарамастан, сөйлем ішінде әрқайсысы жеке сөздермен бірдей болып теңесіп тұрады. Мәселен, қыздың жиған жүгіндей деген фраза әсем, көркем, көрікті деген синонимдердің бірлесуімен парапар.
Фразеологизмдердің өзіндік екінші белгісі - мағына тұтастығы. Ол мағына тұрақты тіркесті құрастырушы сыңарлардың мағыналарына сәйкеспейді, оларға тәуелсіз, өздігінен өмір сүреді. Мысалы, жерден жеті қоян тапқандай дегеннен қатты қуанды, шаттанды дегенді түсінеміз. Бұл мағынада жер, жеті, қоян, табу деген төрт сөздің бірде біреуімен байланыспайды, бірақ сол төрт сөздің қаз-қатар жұптасып қолданылуы арқылы пайда болады. Фразеологизмдер бір бүтін сөз бірлігі ретінде қолданылып қана қоймайды, мағыналық жағынан да біртұтас бірлік ретінде көрінеді. Мысалы, кір жуып, кіндік кескен жер (атамекен, туған жер), екі аяғын бір етікке тықты (тықсырды, састырды) дегендердің бәрі де құрылым-құрылысы жағынан түрлі-түрлі болғанымен, әрқайсысы мағына тұтастығымен сипатталады. Фразеологизмдердің мағына тұтастығын жеке сөзбен нақ бірдей деп санауға болмайды. Сөз түбір мағынаны, яғни лексикалық мағынаны білдіреді. Ал фразеологизмдер әрқашанда туынды мағынада жұмсалып, сөзбен баламалық қатыста емес, жанамалық байланыста тұрады. Зерттеушілер қазіргі кезде сөз бен еркін тіркес мағынасын лексикалық мағына, ал жанамалық қатыста болатын тұрақты тіркестердің мағынасын фразеологиялық мағына деп жіктеп береді. Мәселен, біреулердің басының көлеміне қарап, үлкен бас, кіші бас немесе басы үлкен, басы кіші деуге болады. Мұндағы үлкен мен кіші дегенде ешқандай эмоциялық бояу жоқ. Сөздің дәл ұғымын көрсетіп тұр.
Тіркес тиянақтылығы да фразеологизмдердің ең негізгі белгілерінің біріне жатады. Тиянақты сөз тізбегіндегі сөздер әркімнің қалауынша емес, қалыптасқан белгілі жүйемен орналасқан. Өзара тығыз жымдасып орналасқан сөздердің жігі ажыратылмай тұрады. Олар бір-бірімен иін тіркесіп, өзге сөздермен алмастыруға я болмаса, тұрақты орын тәртібін өзгертуге келмейді. Мысалы, мұрнын көкке көтерді дегеннің орнына қолын көкке көтерді десек, мән-мағынасын бүтіндей өзгертіп жібереді. Тұрақты тіркес еркін тіркеске айналып кетеді.
Кейде тұрақты тіркестің құрамындағы бір сөздің әр түрлі тұлғасынан әлденеше фразеологизмдер жасала беруі де мүмкін Мысалы, жамбасы жерге тигенше (өле-өлгенше), жамбасы жерге тиді (өлді), жамбасы жерге тимеген (ешкімнен жығылып көрмеген, күшті). Қай ретте жалғыз дыбыстың бір өзі-ақ тұрақты тіркестің мән-мағынасын бүтіндей өзгертіп жібереді. Мысалы, тіл тиді деген сұқ тиді, көз тиді дегенді түсінсек, тілі тиді болса, біреуді біреу балағаттап сөкті, тілдеді болып мүлдем басқаша мағынаға ауысады
Пайдаланылатын эдебиеттер
Ә. Болғанбаев, Ғ. Қалиев. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А, Санат, 1997 ж.,
Ә. Болғанбаев. Қазақ тілі лексикологиясы. А, 1979, 1988.1995.,
Ә. Болғанбаев. Казак тілінің лексикологиясына кіріспе. Санат, А.
М. Белбаева. Қазақтілінің лексикологиясы. Мектеп, А., 1976. ^
Кеңесбаев. Ғ. Мұсабаев. Қазіргі қазак тілі (лексика, фонетика). А., 1975.
Ф.Ш.Оразбаева және т.б. Қазіргі казак тілі. А., 2005.
А. Айғабылов . Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1996 ж.
К. Аханов. Қазақ тілінің лексикологиясының мәселелері. А. 1956 ж.
№13-дәріс. Фразеологизмдердің мақал-мәтелдерге және сөз табына қатысы
Фразеологизмдерден туатын көп мағыналық екі түрлі жолмен жасалады. Оның бірі - жалғаса туады, екіншісі жарыса туады.Мысалы, ат үсті деген тұрақты тіркестің ең алғашқы мағынасы, сөз жоқ, ат үстінде жүрумен байланысты шыққан. Содан соң осы ұғымға жалғастырып қолдану арқылы үстірт, үстіртін мағынасы пайда болған. Сол сияқты қартайған бүркіттің тұғырда орнығып отыра алмауын адамға ауыстырып, бейнелеп қолдану арқылы соңғы мағыналары жарыса шыққандығын аңғару қиын емес. Жеке сөздің көп мағыналығымен фразалық тіркестердің фразалық көп мағыналығының дамуында бірыңғай жалпы ортақ заңдылықтар бар. Фразеологизмдердің де көп мағыналығы негізгі заттық мағынадан өрбиді. Туынды мағына да сол алғашқы лексикалық мағынаны ауыстырып қолданудан шығады. Мысалы, иі қанды (жетті) деген тұрақты тіркестің ең алғашқы мағынасы иеленген заттың (терінің) илеуін жеткізу, әбден жұмсарту, жұмсақ қалыпқа келтіру болса, одан соң бір нәрсені әбден жетілдіріп шыңдап кемеліне келтіру ұғымы келіп шықты. Соңғы фразеологилық туынды мағына, сөз жоқ, алғашқы мағынаның негізінде жалғаса пайда болды.
Тілдегі фразеологизмдердің жасалуына сан түрлі қүбылыстар, ұғымдар, түсініктер себеп болған. Солардың бастылары:
Көптеген фразеологизмдердің жасалуына адам ойында қорытылған құбылыстардың нақты бейнесі негіз болған. Мысалы, жауыр болды (әбден мезі қылды, ығыры шықты) деген тұрақты тіркестің негізінде көп мініліп арқасы жара болған аттың бейнесі елестейді. Басында атқа байланысты шыққанымен, қазіргі кезде ол мағынасы ұмытылып, адамға байланысты айтылатын болған. Ар етті (беттен алды, қарсы келді)деген фразеологизмнің негізінде иттің қарсылық білдіріп, айбат шегуі жатыр. Кейіннен бұл мағына адамға қатысты айтылатын болған. От ала келген кісідей деп, асығыс-үсігіс, мұрнына су жетпей жүрген кісіге айтылады. Бұл тұрақты тіркестің о бастағы от ала келу мағынасы ұмытылып, қазір адамның өзіне тікелей қолданылып кеткен. Сол сияқты ағынан жарылды, айдап салды, астынан су шыққандай, асығы алшасынан түсті т.б.
- Бірқыдыру фразеологизм өлшемдік ұғымдардың негізінде пайда болған. Мысалы:а) уақыт, мерзім өлшемдері: күн шыға, сәске түсте, тападай тал түсте, шаңқай түсте, түс ауа, күн бата, күн ұясына кіргенде, ел орынға отыра, сөз байлана, қас қарая ымырт жабыла т.б.
ә) көлем өлшемдері: бір топ (ошар) жан, бір тайпа ел, бір қора қой, бір үйір жылқы, бір қоспақ (келе) түйе, бір табын сиыр, бір көген қозы, бір желі құлын, бір айдам жер, бір мая шөп т.б.
б) ұзындық, қалыңдық, тереңдік өлшемдері: бармақ қазы, бір елі, үш елі, сала құлаш жіп, тұтам емшек, қол созым жер, таяқ тастам жер, бір табан жақын, ай шақырым, иек асты, түстік жер т.б.
Қазақ халқы революцияға дейін көшіп-қонып көшпенділік дәуірді ұзақ уақыт басынан өткізгендігі белгілі. Олар жаз жайлауда, қыс қыстауда, күз күзекте бірден-бірге көшіп-қонып жүргенде, уақыт мерзімін, ұзындық пен көлемді қалай өлшеп білген деген заңды сұрау туады. Сол заманда біздің халқымыздың уақытты сағатпен, көлем мен салмақты таразымен, ұзындық пен кеңістікті метрмен өлшеуге әлі онша дағдыланбаған, үйренбеген кезі еді. Сол заманның тұрмыс-тіршілігіне лайық өз өлшемдері болғандығын тілдегі өлшемдік ұғымды білдіретін қыруар сөздер мен тұрақты сөз тіркестері арқылы танып білуге болады.
Бірсыпыра фразеологизмдер діни ұғымдар мен ескі әдет-ғұрыптарға байланысты жасалған. Мысалы, ант су ішті, аруақ (құдай дәм) атсын, бата қылды (оқыды), бір тарының қауызына сыйғызды, дін мұсылман ағайын, діні қатты, жазмыштан озмыш жоқ, жан таласты, жетісін берді, қырқын берді, пітір берді, атастырып қойды, бесік құда т.б.
Кейбір тұрақты тіркестердің жасалуына аңыздар мен түрлі ұғымдар, өткен тарихи оқиғалар негіз болған. Мысалы, қайда барса да Қорқыттың көрі; Есімханның ескі жолы, Қасымханның қасқа жолы; шынжыр балақ, шұбар төс; жар салды, сауын айтты, жеті атасынан қара көк т.б.
Пайдаланылатын эдебиеттер
Ә. Болғанбаев, Ғ. Қалиев. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А, Санат, 1997 ж.,
Ә. Болғанбаев. Қазақ тілі лексикологиясы. А, 1979, 1988.1995.,
Ә. Болғанбаев. Казак тілінің лексикологиясына кіріспе. Санат, А.
М. Белбаева. Қазақтілінің лексикологиясы. Мектеп, А., 1976. ^
Кеңесбаев. Ғ. Мұсабаев. Қазіргі қазак тілі (лексика, фонетика). А., 1975.
Ф.Ш.Оразбаева және т.б. Қазіргі казак тілі. А., 2005.
А. Айғабылов . Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1996 ж.
К. Аханов. Қазақ тілінің лексикологиясының мәселелері. А. 1956 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |