1-дәріс. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар оқу пәні ретінде


-сұрақ. Педагогикалық технологиялардың негізгі элементтері



бет13/57
Дата11.12.2023
өлшемі1,04 Mb.
#136985
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   57
Байланысты:
дәріс-1

2-сұрақ. Педагогикалық технологиялардың негізгі элементтері
Педагогикалық технология дұрыс жобаланған болу үшін міндетті түрде төмендегі 5 элемент болуы қажет.

  1. Мақсат қою. Мұғалім курстық тараудың көлемінде оқу үдерісінің шағын мақсаттарын анықтайды. Бұл бөлімнің орындалу нəтижесі оқу мақсаттарын құру. 2-5 минут аралығында болады.

  2. Болжау. Оқушылар білімін болжау дегеніміз – деңгейлік оқытуға бағытталып құрылған үздік жұмыс. Əрбір шағын мақсатқа сəйкес болжау жұмысы болады жəне ол шағын мақсаттың орындалуын анықтайды.

  3. Оқушылардың сабақтан тыс өз бетімен орындайтын жұмыстары. Деңгейлік мөлшерде саралап алынған тапсырмалар жиынтығы.

  4. Логикалық құрылым. Шағын мақсаттық мазмұны мен саны оқушылардың даму аймағын жəне уақыт бойынша əр аймақтың ұзақтығын орындаумен аяқталады.

  5. Түзету. Мұнда негізгі үш жағдайды басшылыққа алу керек:

қарастырып отырған сұрақтарда мүмкін болатын қиындықтар;

  • оқушылардың көп жіберетін қателіктері;

  • оқу стандарты талабының деңгейіне көтерудің педагогикаға тəн шараларының жүйесі.

3-сұрақ. Педагогикалық технологиялардың құрылымы
Педагогикалық технология Классификациясы
1.1. Пайдалану деңгейі бойынша Жалпы педагогикалық жеке пəндік жəне əдістемелік, жергілікті, модульді жəне тар əдістемелік.
1.2. Философиялық негізі Материализм жəне идеализм; бойынша ғылым, дін жəне табиғи жинақылық, гуманизм жəне антигуманизм, антрософия жəне теософия, прагматизм жəне экзастенциализм, еркін тəрбие жəне еркіндік.
1.3. Психологиялық дамудың жетекші факторлары бойынша Биогендік, социогендік, психогендік, идеалистік.
1.4. Тəжірибені меңгерудегі Құрамды-рефлекторлы. Гештальт ғылыми тұжырымдама технологиялары интериогаторлық, бойынша сугистивтік, нейтролингвистік бағдарламалары.
1.5. Жеке бас құрылымының бағыты бойынша Ақпараттық ББД. Ықпалды ақыл- ой-əрекет əдістері, өзіндік дамыту – жеке бастың басқару механизмі, сезімді-өнегелілік. Эстетикалық жəне өнегелілік қарым-қатынас аумағы, қолданбалық практикалық əрекет аумағы, эвристикалық, шығармашылық қабілеттілік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет